Материалдар / Құстар біздің досымыз!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құстар біздің досымыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала балаларға арналған. Балаларға құстарды қорғауға сонымен қатар ырымдарды білуге болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2018
287
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құстар біздің досымыз!
Мақала авторы: Амирешова Назерке Есенғалиқызы
Жетекшісі: Оразаева А
Құстар көктем жаршысы. Көктем басталысымен жылы жақтан топ-тобымен жыл құстары

ұшып келеді. Ең алғаш болып көктем хабаршысы ұзақ қарға келеді, содан кейін бозторғай мен
қара торғайлар ауылға жетеді. Ауылға қара торғайлар келісімен күннің көзі ашылып күн
жылынады. Оның артынан аққу, қаз, үйректер топ-тобымен ұшып келе бастайды. Олар жолда
талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асып, жолдарынан адаспай туған
жерлеріне келеді.
Құстар-біздің досымыз. Сондықтан да ата-бабамыз құстарды қадірлеп құрметтеген. Өзінің

балаларына құстардың атын қойған. Батыр ұлдарын сұнқарға, бүркітке, қыздарын əнші
бұлбұлға, адам досы қарлығашқа, тотықұсқа, сұлу аққуға теңеген. Сонымен қатар біздің дана
халқымыз құстардың мінез-құлқына, іс-əрекетіне қарап та келесі көктем, жаз, күз, қыстың
қандай болатынын алдын-ала болжаған. Бір ғажабы бұл болжамдар қай-қайысы болмасын
шыңдыққа айналып дəл келген. Мəселен құстар ертесімен жем іздеуге асықса, күн
жауын-шашынды болады, қаз бен үйрек суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап,
мазасызданса, ауа райы бұзылады. Қызғышқұс кешкілік əн салса ертеңгі күні ашық болады,
кептерлер гуілдеп шуласа, жылылықтың нышаны, қарлығаштар биікке самғап ұшса ашық,
төмен ұшса жаңбыр жауып, жел тұрады. Бозторғай əн салса күн ашық болады деп болжам
жасаған.
Көкте қалықтаған құстар адамның досы деп жатамыз. Қазақтың аңыз ертегілерінде құстар
туралы көптеген мысалдар болса, ақын-жазушыларымыз құстарға арнап өлең-жырларын,
мақалаларын, зерттеулерін көптеп жазған. Бұған дəлел Өтебай Тұрманжановтың «Құс ұясын
бұзбайық» деген өлеңінең аңғаруға болады:
Ей балалар, балалар,
Аман болсын аналар.
Құстарда да ана бар,
Кім сүймейді баласын.
Осыларды еске түргенде,
Бір ойланып қаласын.
Өсіруге баланы,
Құстар ұя салады.
Жасауға жұмсақ ұяны,
Шабағы жүнді жыйады.
Жаялық жасап ұяны,
Жұмырқасын салады.
Бір қуанып қалады,
Ұясын құстың бұзбайық.
Жұмырқасын алмайық,
Обалына қалмайық.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!