Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

"Қыс келбеті" ашық тәрбие сағаты

Автор:Тулеева Гүлшат Бимырзаевна
Бағыты: Аттестаттау материалдары
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-04-08

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Тәрбиешілерге керек материал.

Мақсаты: Сурет салу арқылы балалардың бейнелеу іс- әрекетіне қызығушылығын арттыру. Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту, іс- әрекет мәдениетіне  тәрбиелеу, ынтымақтастық  дағдыларын қалыптастыру. қыс келбеті атты суреттер сайысына оқушыларды жұмылдыру.Көрнекілік: қыс келбетіне байланысты суреттер, ермексаздар, гуащь, мақталы таяқша, түрлі-түсті қағаздардан жасалған суреттер.Тәрбиеші: Бүгінгі сабағымыз көрме сағаты болғандықтан сендердің жасаған бұйымдарың мен салған суреттеріңе әділ қазылар алқасы бағасын береді.Әділ қазы мүшелері: Сисенова Сандуғаш апай, Дәуітбаева Гүлжихан апай, Жантілеуова Бану апай, Нұрбергенова Ұлпан апай. Апайларың қорытындысын шығарғанша бүгінгі көрмеге байланысты сендерге қоятын бірнеше сұрағым бар. Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде неше ай бар? (Қыс мезгілінде  үш ай бар)-Оларды атаңдаршы. ( желтоқсан, қаңтар, ақпан)-Дұрыс айтасыңдар. Ал қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады? (суық, аяз болады) Қандай табиғат құбылыстары болады? (Далада боран болады. Ұлпа қар жауады. Мұз қатып, жер тайғақ болады) Қыста киетін киімдерін атаңдаршы. Оларға не жатады? (Адамдар жылы киімдерін киеді. Оған тон, пима, қолғап, бөкебай, малақай, етік жатады) Өте дұрыс айтасыңдар.-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? (Қыз мезілінде шана, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз. Аққала жасаймыз)Тәрбиеші:Жақсы енді ары қарай өзіміз білетін қыс туралы тақпақ өлеңдерімізді айтайық.1-оқушы Қаржауғанда топ бала,  Соқтық келіп аққала. Мұрны сәбіз,үп-үшкір, Көзі көмір қап-қара. Көне шелек басында, Сыпырғышы қолында. Мұзайдынды аршуға, Келгендей-ақ ол мұнда.2-оқушы.Боран гулеп соғады, Айналаны орады. Баста – тымақ, Үстінде – тон. Қайсар қалай тоңады? 3-оқушы.Аяғында – саптама, Өзіне дәл,шақ қана. Қолда –қамшы,астында – ат. Мақта,мейлі Мақтама. Қайсар бейне атамдай, Қой қайырған шопандай. 4-оқушы Аяз қысып, өрнек сызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Балдырғандар ойнайды. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Ой рахмет балалар барлығыңда өнерлі, суретші екенсіңдер,өнерлерің үстем болсын, талаптарың биік болсын.Енді бүгінгі «Қыс келбеті»атты көрмеміздің қорытындысын білу үшін әділ қазы алқаларына сөз берейік. Балаларымыздың жұмысы І-ші, ІІ-ші,ІІІ-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.Қорытынды. Бүгінгі «Қыс келбеті» атты көрмені қорытындылай келе, мына өлең жолымен:Басқан жері сықырлап келіп қалды –деп Абай атамыз айтқандай бізге қыс қаһарын төгіп, биылғы келіп жеткен жеті қазынаның бірі ит жылында көптеген құпияға толы, Сарыарқаның сақылдаған сары аязын көрсетіп тұрған мезгіл. Соған қарамастан біздің оқушыларымыз қыс мезгіліне деген қызығушылығын суреттер арқылы көрсете алды.Сонымен бүгінгі «Қыс келбеті» атты көрмемізді жабық деп жариялаймыз. Сау болыңыздар.



50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.