Материалдар / Қыс қызығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қыс қызығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дала құстары туралы түсінік береді. Олардың дыбысын ажырата білуге үйретеді. Есту арқылы қимыл жасауға талпындыру, балалардың ой -өрісін жетілдіруге көмектеседі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2018
239
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Білімділік: Балаларды көктем мезгілімен таныстыру. Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстармен , өзгерістермен таныст ыру. Дамытушылық: Сөздік қорларын , есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, тазалыққа, табиғатты қорғай білуге үйрету. Сабақ барысы: Балалармен бірге саябаққа шығу. Ауа-райын болжау. Болып тұрған табиғат құбылысын анықтау. Құмырсқалардың илеуін бақылау.
  • Айналаға қараңдаршы, көктем мезгілінде көптеген өзгерістер болады. Ағаштарды күтіп, түбін әктейді. Біз өзіміз ойнайтын ауламызға гүл отырғыздық. Оларға су құйып, күтіп баптаймыз, өсіреміз.
Тақпақтар:Дамир: Ұшып келген құстарды Ұя жасап қарсы алдымАяжан: Алақай ау, алақай Қандай жақсы көктем-ай Гүлге оралды кең дала!Дильяра: Құстар ұшты Құстар ұшты

  • Балалар құстар тал басына на салады?
  • Ұя.
  • Ұяны таспен атып, бұзуға болмайды. Жем, нан қиқымдарын салып береміз.
Саябақ ішіне жем сауытты ілу, оған жем салу. - Мынау не? - Жем сауыт. - Жем сауыт не үшін қажет? - Құстарға жем салу үшін қажет. - Енді барлығымыз бірге сергіту сәтін жасап алайық:Күнге қарап күлеміз,Гүлдей болып өсеміз,Құстар болып ұшамызКөбелек болып қонамыз.- Балалар, жоғары қараңдаршы, нені көріп тұрсыңдар?- Күн .- Жан- жағымызда нелер өсіп тұр?- Жасыл шөптер.- Балалар, қараңдаршы күн жылынғаннан кейін құрт- құмырсқалар жыбырлай бастайды. (Құмырсқаның илеуін бақылау) Қимылды ойын.«Мысық пен торғайлар»Мақсаты: жылдамдыққа, ептілікке, достыққа баулу. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Қорытынды:-Балалар, жылдың қай мезгілі?-Көктем.-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?-Айналамызда нелер өсіп тұр?-Ағаштар, жасыл шөптер шығады.-Осымен серуеніміз аяқталды. Балалар, барлығың өте жақсы жауап бердіңдер, рахмет.

































Мақсаты: Білімділік: Дала құстары туралы түсінік беру. Олардың дыбысын ажырата білуге үйрету. Есту арқылы қимыл жасауға талпындыру. Дамытушылық: Сөздік қорларын , есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін , қол-саусақ қимылдарын дамыту.Тәрбиелік: Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ұя,құстардың суреттері, жемсауыт,жем, ұсақ нан қиқымдары. Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, бақылау, жеке жұмыс. Сабақ барысы:І. Кіріспе. Ұымдастыру кезеңі.Балалардың қызығушылықтарын арттырып алдын-ала қуантып, серуенде құстарды баылайтынымызды айту. Құстарды қоректендіру үшін нанның қиқымдарын алуларын сұраймын. Серуенге шыққанда үлкендер кішілерге көмектесуге және бір-біріне кедергі жасамауын ескерту.ІІ-Негізгі бөлім.Балалар айналамызға қарайықшы?-Үйдің шатырынан, ағаштың басынан, жерден не көріп тұрсыңдар?-Қар қандай?-Қар жылы ма, суық па?-Қыста айналаның барлығы аппақ болады.-Балалар, ағашта не көріп тұрсыңдар?-Ұя.-Ол ненің ұясы?-Құстардың.-Балалар бұл құстарды дала құстары деп атаймыз. Олар: торғай, сауысқан. Дала құстарының тұмсығы, аяғы қанаты, құйрығы болады. Қыс кезінде құстардың қылықтарын бақылауға болады. Аязды күні құстар үрпиіп отырады. Үлкен құстар тұмсығын қанатының астына тығады.-Қыста дала құстары адамға нег жақын жүреді? Сендер қалай ойлайсыңдар?-Адамдар оларға жем, нан ұсақтарын береді.Сергіту сәті:Қане қанат жазайық,Құс болып ұшайық.Ұшып-ұшып алайық,Орнымызға қонайық.(2-3 рет қайталау)Біздің балалар тақпақ жаттап келіпті. Архат: Біз қамқоршы баламыз, Құстарға ұя саламыз. Жем-су беріп қыс бойы, Балапанын бағамыз.Альмира: Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тонбайсың.Мақсат: Қоныңдар құстар қоныңдар, Бәріңе төрден орын бар. Қанатты барлық достарға, Балалар қамқор болыңдар.Дильяра: Құстар ұшты, Құстар ұшты.Ойын: «Ұшты-ұшты ».Шарты: Ойынға қатысушы балалар бастаушының сөзін тыңдап отыруы шарт.Құстар айтылса қолдарын жоғары көтереді. Ұшпайтын нәрсе айтылса, қозғалмайды. Қателескен бала ән айтып, би билеп береді.-Ал енді балалар, ересек балалар жасаған «жемсауытымызды» ағашқа іліп қояйық. Барлығымыз кезекпен жем, нан қиқымдарын салайық.ІІІ-Қорытынды:-Балалар, біз ағашқа не ілдік. Жем сауыт.-Қайталаймыз: Не ілдік? Неге ілдік? Не үшін ілдік?-Оны не үшін әкелдік?-Құстарға.-Құстар біздің досымыз. Құстарды таспен атуға болмайды. Құстарды қорғайық.Өте жақсы балалар. Рахмет.





























Мақсаты:Білімділік: Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстырып, түснік беру. Құрылысшылар үй тұрғызу үшін пайдаланатын материалдармен таныстыру.Дамытушылық: Сөздік қорларын , есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін , қол-саусақ қимылдарын ,сенсорлық қабілетін дамыту дамыту. Құрылыс материалдарымен таныстыру арқылы заттың пішінін ажыратуға үйрету.Тәрбиелік: Балаларды ұжымдық жұмыскезінде достық қарым - қатынасқа үйрету. Көрнекілігі: құрылысшы суреттері, үйдің үлгісі, қатты қағаздан жасалған кірпіш. Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап.Сабақ барысы:-Балалар, апайлармен амандасып алайық.- Сәлеметсіздерме!-Балалар, мыналар нелердің суреті?-Ия құрылыс материалдарының.-Серуенге шыққан кезімізді есімізге түсірейікші.-Біз ол кезде салынып жатқан, яғни бітпеген үйді көрдік. Ол үйдің бітуі үшін нелері жетіспейді?-Мына үймен салыстырайықшы (дайые үйді көрсету).-Ия шатыры, есігі , терезесі.-Терезелер үйге жарық беріп тұрады, есіктен үйге кіріп – шығамыз. Шатыры судан қорғайды.-Үйді салуүшін бірінші қабырғасынан бастап кірпішпен қалайды.-Құрылыста жүргендіктен қауіпсіздік ережелерін сақтап жүру қажет, басымызғ касксмызды. Үстімізге комбинизон киіп барып жұмыс жасаймыз. Құрылысқа түрлі көлік түрлері пайдаланылады: кран, машиналар. Кран ауыр плталарды көтеру үшін, машиналар топырақ тасу үшін пайдаланылады.- Балалар, қараңдаршы, бізден аю көмек сұрап келіпті. Көмектесіп жібереміз бе?- Ендеше жұмысымызға кірісейік. - Бізге Альмира тақпақ айтып беремін дейді. Адамдарға үй салған, Құрылысшы болам өскенде.
  • Жақсы балалар енді үй салуға кірісе берейік. Үй қалағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек, кірпіштің аяғымызға түсіп кетпеуіне абай болу керек.
  • Ең бірінші қабырғасын кірпіштен қалаудан бастайық. Кірпіштерді бірінің үстіне бірін қойып, қабырғасын қалап болған соң , желңммен есік, терезелерін жапсырамыз. Шатырын тұрғызамыз.
Орманда бір үй тұр,Есігінде құлып тұр,Құлыпты біз ашайық,Ішіне нұр шашайық.
  • Жақсы балалар,сендер аюға жақсы үй тұрғызып бердіңдер. Аюдың үйі өте әдемі болды.
Қорытынды бөлім.
  • Біз кім болып аюға үй тұрғыздық?
  • Қандай киімдер кидік?
  • Үйдің неше қабырғасы бар?
  • Терезе не үшін қажет? Есік ше?
  • Пішіндері қандай?




Қол ұстасып тұрайықШеңберді біз құрайықКөріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық
  • Сау болыңыздар!










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!