Материалдар / "Қыш ыдыстың оқиғасы" Борас орта мектеп-бақша
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Қыш ыдыстың оқиғасы" Борас орта мектеп-бақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеші баланың немен айналысатынын бақылау арқылы, онымен жеке жұмыс жүргізу, жағдай жасап, творчестволық ізденіс жасап, баланың қабілетін ашып, ортаға бейімдеуге ықпалын тигізеді. жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2021
447
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚО, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы «Борас орта мектеп-бақшасы» -ның тәрбиешісі А.Д.Игликова


«Қыш ыдыстардың оқиғасы»


Топқа жуықта келген балалардың ішінде А есімді бала (4,5 жаста), қыздармен ыдыс ойыншықтарымен ойнайтынын байқадым. Мен қысқаша жазбалар жаза бастадым. Бақылай келе, оның ыдыс ойыншықтардың сыртын ұсақ ойыншықтардың ұшымен сызғылайтынын байқадым. Тіпті машинаға тиеп ыдыстарды ойын алаңын бір айландырып шығады. Жеке ойнауды ұнататын баланың өзгеше осы әдетіннің не сыры бар екенін анықтағым келді.

Сондай бір сәтте қасына отырып сұрай бастадым.

- Саған ыдыстармен ойнаған неге қатты ұнайды? (Олар әдемі және пайдалы.)

- Сен ыдыстарды неге сызасың? (Ол сызықтар емес, өрнектер, ыдыстар сазбалшықтан жасалған.)

- Ыдыстар қалай жасалатыны туралы қайдан білдің? (Атам айтқан. Ыдыстарды машинамен заводтан алып шығып, дүкендерге жеткізетінін айтты.)

Ол атасының айтқанынан: ыдыстар заводта сазбалшықтан жасалатынын, ою өрнектер салынатынын, оларды пеште қыздырып қатайтатынын, содан кейін бояйтынын білетін болып шықты. Мен таң қалғанымды жасыра алмадым, тағы сұрақтар қойдым.

- Қыш ыдыстар несімен ерекше?

- Сенің анаң үйде сондай ыдыстар пайдалана ма?

- Қандай тағамдарды сақтайсыңдар?

Ол үйде әжесі қыш ыдыста тоқ пеште ыстық тамақ дайындайтынын, сүт, айранды сақтайтынын айтты.

А. есімді баланың атасы зейнеткер, тарих пәнінің мұғалімі болғанын ата-анасынан сұрап білдім. Мен баланың қызғушылығының, білім деңгейінің жоғары екенін түсіндім, сондықтан ішкі жан дүниесін ары қарай ашуға жағдай жасауды ұйғардым.

Әрі қарай оқыту

Балаларға қыш ыдыстардың жасалуы туралы қысқаметражды фильм көрсеттім. Әсіресе балалар айналып тұрған сазбалшықтың құмырашының алақанының арасынан ыдысқа айналатынына қызығушылықпен қарап, тыңдай бастады. А. есімді балаға фильмде көргенін басқа балаларға түсіндіруін өтіндім, ол көздері жанып, эмоциясын көрсетіп, сөзерді тауып, білгенін жеткізуге тырысты.

Мүмкіндіктер:

Мен қыш ыдыстар туралы суреттер, фотоматериалдар картотекасын жасадым. Біздің балабақша мектеппен бірге болғандықтан балаларды мектеп музейіне апарып, қазақтың ұлттық ою өрнектерімен безендірілген және басқа да көне қыш ыдыстарды көрсеттім. Ұйымдастырылған оқу қызметінен тыс уақытта сазбалшықпен жұмыс істеуді білгендіктен, балаларға кесе және табақ илеп жасап, таяқшамен сызықшалар, өрнектер салуын өтіндім. Жұмыс барысында балалар А. есімді баланың ыдысына қараумен болды, өйткені оның табағының өрнектері ерекше болды. Кешке балалар жасаған жұмыстарын ата-аналарына көрсетіп, пікірлерімен бөлісіп жатты.

Қорытынды:

Әр баланың бойындағы қасиеттерін байқап, оқыту барысында оның ашылуына жағдай жасай отырып, жаңаша әдістерді қолдану арқылы білім дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету қажет екені маңызды.

Ата-аналарға кеңес:

Баланың айналадағы адамдармен қатынасқа түсуіне, өзін бағалау деңгейін жоғарлатуға, балалармен достасуға, түрлі салада белсенділік көрсетуге көмектесу.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!