Материалдар / қысқа мерзімді сабақ жоспары С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі, 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

қысқа мерзімді сабақ жоспары С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі, 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі, 6-сынып Т/Ж - 6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау; А/И - 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Шілде 2021
1232
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

ІІІ бөлім: «Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған...»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жаппарова Гулмаш Шаймерденовна

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж - 6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау;

А/И - 6.2.2.1 эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Өлеңнің жанрын анықтап, идеясын ашады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды

Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:

Өлеңнің идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді

Бағалау критерийі


  • Шығарма жанрын анықтайды

  • Өлеңнің идеясын ашады

  • Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, талдау, жинақтау

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Жанр, лирика, лирикалық кейіпкер, идея

Пәнаралық байланыс

тарих, қазақ тілі, ұлттық салт-дәстүр

Сабақта қамтылатын құндылықтар

«Мәңгілік ел» идеясы, оқу-білімге құштарлық, ынтымақтастық, ізденімпаздық

Алдыңғы оқу

Абайдың қарасөздері

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы


5 минут

Ойсергек.

«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!»

Оқушылар ортаға екі қатарға тұрады. Әр оқушыға ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін өзіне тілегенді қарсы жұптасына айту керек.

Топ құру:

Алдыңғы сабақта өтілген Абайдың өлеңдерінің, қарасөзінің бір тармағы жазылған қағаздарды таңдай отырып, тармақтардан бір шумақ құрап, топқа бөліну.



слайд № 1



Сабақтың ортасы









5 минут




























8 минут























5 минут
















10 минут

Мағынаны тану сатысы:

«Вilimland.kz» білім порталынан тақырып бойынша бейнежазба көрсетіледі.

Мұғалім ақынның шығармашылығына, «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің шығу тарихына тоқталады.
Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Сұлтанмахмұттың өміріне өзгеріс лебін сепкен адамның бірі – Нұрғали Бекбауов. Ол жас шәкіртінің ақындық қабілетін, алғырлығын, ғылым-білімге құштарлығын танып-біліп, қалаға барып оқуға кеңес береді. Ұстаз ақылымен 1912 жылы оқу іздеп, Троицк қаласына келеді. Надандықтың тамырына балта шабуды армандайды.

Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында «Адасқан өмір» кітабында жарияланған. С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкерімен тұтасып, кірігіп кетеді. Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат-мақсатын, арман-аңсарын, сезім-күйін жырға қосады.

Лирикалық кейіпкер - ақынның өзі. Ақын қоғам өмірі, заман, адам туралы толғанғанда, өзін «мен» деп, «біз» дей отырып, сол ортаның адамы, белгілі бір ұрпақ буынның өкілі ретінде сөзінеді.

Автордың бейнесі — әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасының көріну қалпы.

Сөзмаржан:

жиһан – әлем, дүние жүзі

асылық – астамшылық, күпірлік емес

серт ету – уәде беру


Топтық тапсырма:

Әр топқа тапсырма таратылады.

Өлеңді түсініп оқып, өлеңнің жанрын, тақырып, идеясын топта «пирамидалық талқылау» әдісі арқылы табады. Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап ортақ пікір қалыптастырады. Әр топ таратылған қағаздағы тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады. Жауаптарымен танысып ортақ пікірді қағаз ортасына жазып, ойларын қорғайды.

Shape4 Shape5 Shape6 Shape3 Shape2 Shape1

Shape8 Shape7



ҚБ. Топ мүшелері бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Дескриптор:

  1. өлеңнің жанрын, тақырып, идеясын анықтайды;

  2. ортақ пікірді жазып, ойларын қорғайды.


2- тапсырма:

Жұптық жұмыс:

Берілген өлең жолдарын кейіпкерге берілген сипаттамамен сәйкестендіре отырып, автор бейнесін ашу:


Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өзіме-өзім еткем егес.


Жауапкершілігі жоғары

Мен – балаң, жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.

Надандықты сүймейді

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам, толған айдай балқып туған

Мақсат қойғыш


Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.

Білімге құмар


Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

Артық кетіп, асылық сөйлемейді



ҚБ. Күлегештер арқылы бағалау

Дескриптор:

  1. өлең жолдарын сәйкестендіреді;

  2. автор бейнесін ашады.


Жеке жұмыс:

«Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе» әдісімен әр оқушыға өлеңінің идеясы негізінде 1 минут ішінде бір сұрақ жазу тапсырылады. Сол сұраққа өзі жазбаша жауап береді. Жазба жұмысының соңында тағы бір сұрақ жазып, жұмысын аяқтайды.

Дескриптор:

  1. өлеңнің идеясын түсінеді;

  2. жазба жұмысын орындайды


ҚБ. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.


Вilimland.kz






слайд № 2



















слайд № 3







слайд № 4






















слайд № 5























слайд № 6









Сабақтың соңы

5 минут




Кері байланыс:

«Күн көзі»

Оқушылар сабақ туралы өз ойларын (қиындық, маңызды, пайдалы) сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтадағы күннің суретіне барып жапсырады.

Үйге тапсырма: «Мен кім болам?» эссе жазу


слайд № 7




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!