Материалдар / Қызмет алушылар компьютер бөлмесінде
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қызмет алушылар компьютер бөлмесінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Мекемеде тұрып жатқан қызмет алушылардың компьютерді қолдануы туралы, олардың қызығушылықтары мен жасаған жұмыстары туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2021
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Габдолова Светлана Жаксылыковна

Орал қаласы, «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ

Еңбек нұсқаушысы



ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КОМПЬЮТЕР БӨЛМЕСІНДЕ



Еліміз тәуелсіздік алып, алға қарай аяғын нық басып келеді. Осы орайда болашағымыздың жарқын болуына деген үлкен сеніммен қарап, ілгері қадамдар жасау әрбіріміздің міндетіміз. Сан мыңдаған позитивті әрі негативті ақпараттардың айналамызды қоршап, өршіп тұрған заманында саналы ұрпақ тәрбиелеу бар адамды толғандырады. Дамыған инновациялық елдер қатарына кіру үшін дені сау әрі бәсекеге қабілетті жанның біліктілік деңгейі маңызды мәселе. Алайда, қоғам тек дені сау адамдардан тұрмайды. Толерантты мемлекет болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі және ерекше жандарға да аса қасқорлықпен қарау абзал іс. Ол жандарды қатқан таптаурындарға бой алдырып, шетке ысырып тастау қате түсінік. Ерекше жандарды сана түсінігінде тең қабылдауымыз үшін мүмкіндігінше заман талабына сай технологиялық әрі ақпараттық тұрғыда күнделікті дамытуымыз қажет.

Мен 201-ші жылдан бері «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «еңбек нұсқаушысы» болып қызмет атқарғанда жүйке ауруымен ауыратын және егде жастағы қария қызмет алушыларға күнделікті уақыттарын тиімді өткізу үшін компьютерлік сауаттылыққа үйретіп келемін.

Компьютермен жұмыс жасау барысында қызмет алушылар өздерінің достары мен туыстарына хат жазуға, оны жөнелтуге, өз қолдарымен, өз талғамдарымен мерекелерге арнап түрлі құттықтау қағаздарын, күнтізбелер, ертегілер мен мақал-мәтелдерден шағын кітапшалар, блокноттар, өлең жинақтарын дайындауға үйренді. Әркімнің қызығушылығына сәйкес арнайы бағдарлама дайындалып, сол бағытта жұмыс жасалынады.

Кейбір қызмет алушыларымның шығармашылық қабілеттері бар, олар арнайы графикалық бағдарламалармен жұмыс жасап, компьютерде сурет салып, түрлі-түсті етіп бояп, баспаға беруге үйренді. Сурет салу бағдарламасында жүйке аурулар бөлімінің қызмет алушысы ІІ топ мүгедегі Рябкова Елена аса қызығушылықпен, талғампаздықпен сурет салғанды ұнатады. Музыкалық қабілеті бар қызмет алушыларымызға да сәйкес бағдарламада жұмыс жасауға мүмкіндік жасалынған. Оқуға, жазуға, сурет салуға мүмкіндігі келмейтін қызмет алушылармен түрлі деңгейдегі ойын бағдарламалары да ұйымдастырылып отырады.

Қай адамның да арман, мақсаты болады, орындалмаған арман мақсаттарына компьютердегі ойындар арқылы қуаныш сезімін ала алады. Мысалы, ІІ топ мүгедегі Есенгалиева Гулмира аспаз болғанды ұнатады екен, оған мен «Turbo Pizza” деген ойынды ойнауға үйреткем, ол аса қызығушылықпен ойнап, аспаздық жұмыс жасағандай көңіл-күйде болғанын көріп, қуанып қаламын. Спортты жақсы көретін, алайда ойнауға мүмкіндігі жоқ мүгедек жандарға компьютер арқылы сол спорт ойынын ойнауға мүмкіншілік жасалған. Қариялар бөлімінің қызмет алушысы Жусубалиев Серік «Веселая ферма» ойынын ойнағанда шынайы өмірдегідей үй жануарларына тамақ беріп, өнім алып, оны сатып, ақша жинап, өндірісін, техникаларын жаңартып, ойын болса да, еңбек арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын түсініп ойнайды.

Сонымен қатар, қазіргі заманға сай, ағымнан қалмай өз фотосуреттері мен видеоларынан шағын слайдтар жасауға да үйреніп келеді. Компьютер алдындағы жұмыс процесінде қызмет алушылар өз кеативтері арқылы түрлі туындылар жасап шығарады. Ғаламтор жүйесіне кіріп, әлеуметтік желілерге тіркеліп, жаңалықтардан да қалмауға тырысып бағады. Олай болуы да заңдылық. Себебі, ақпараттық-коммуникациялық даму үрдісіндегі қоғами ортада өзекті жаңалықтардан қалып қою мәңгүрт болумен бірдей. Бұл ерекше жандардың артта қалуға құлқы жоқ. Ұмтылысы мен өмірге деген сүйіспеншіліктері жоғары. Талпынысы мен ізденістері менің бойыма әрі қарай қызмет етуге деген сенім ұялатып, қанаттандырады.

Қорыта айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарды шет ұстап, қол шошайтып қарағанша, оларға әрдайым қолдау көрсетіп, психологиялық соққыларды азайтқанымыз жөн. Қоғам болып осы нәрселерді шынайы қолға алғанда ғана біздің де олардан үйренеріміз болатынына мен сенемін.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!