Материалдар / Р дыбысын қою
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Р дыбысын қою

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп логопедтеріне арналған сабақ жоспары. Р дыбысын қоюға арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2019
883
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Р дыбысын қою. Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде айжырата білуге үйрету; есте сақтау қабілетін дамыту; сөздегі Р дыбысының орынын табыу, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту. Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлереінің суреті, ойын алаңы, суреттер, Р дыбысы, айна, зонд. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгінгі сабағымыз өзгеше болайын деп тұр. Сабаққа қонақтар келіп отыр. Сен оларға дұрыс және таза сөйлей алатыныңды көрсетуің керек. Олай болса, сабақты бастамас бұрын арнайы жаттығуларды жасайық.ІІ. Тыныс алу жаттығулары.ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Бізге жедел хат келіпті. Қане, алып оқиық. – «Саламатсың ба, Алмасбек! Бізді жалмауыз кемпі… ұ..лап кетті. Құтқа…а кө…Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»
  • Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөзерге қай дыбыс жетпей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. (Р дыбысының артикулыциясына тоқталады.)
  • Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
  • Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
  • Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
  • Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
  • Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
  • Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді.
 Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.ІУ.Артикуляциялық жаттығу«күрекше», «ат шауып келеді», «тәтті тосап», «алтыбақан», «сағат»У. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу. Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен?Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (Алмаспен шарды үрлей бастайды)УІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.(шар бұтақтарға келіп тіреледі)Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.ҮІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.(шар бөренеге келіп тіреледі)Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.ҮІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.
  • Рахат Рауанға тәтті ….(алмұрт берді)
  • Раушан тосапты сары…(өріктен қайнатты)
  • Рауан ащы……(сарымсақты турады)
  • Ардақ піскен….(қарбыз әкелді)
ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.-Дұрыс енді, осы сөйлемдердің кестелік сызбасын құрап, Р әріптерінің орнын тап.- Кестелік сызбаны пайдаланып, сөйлемдерді дәптеріңе жаз.Х. Қорытынды.ХІ. Үйге тапсырма. Р дыбысы бар сөздер жазып келу.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!