Материалдар / Радиоактивті заттар мен өндірістік заттардың қоршаған ортаға тигізетінзиянды әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Радиоактивті заттар мен өндірістік заттардың қоршаған ортаға тигізетінзиянды әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елінің экологиялық проблемаларын біле отырып, оны қорғау шараларына ат салысуына және еліне, жеріне патриоттық сезімін ояту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
242
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жамбыл жалпы білім беретін негізгі мектебі Мерзімі: 11.03.2017 Мұғалiм: Сапиева Л.Е.Сыныбы: 7 Оқушылар саны: 9 Тақырыбы: № 25 Өмір, қымбатсың маған!Құндылық: CүйіспеншілікҚасиеттер: кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі

Сабақ мақсаты:Оқушыларға өмірде дұрыс жолмен жүріп, дұрыс әрекет жасау керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - Оқушыларды шыншылдыққа, дұрыс әрекет жасауға үйрету; - Оқушылардың аяушылық сезім дағдыларын дамыту; -Оларды әрқашанда кешірімді болуға тәрбиелеу.Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. 5«Т» ережесін еске түсіру, оқу құралдарының дайындығын тексеруТыныштық сәтi Нұрға бөленуЕскерту
Үй тапсырмасын тексеру.№ 25сабақ «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» Ш. Сариевтыңөлеңін оқып, түсінгенін айту.

Талқылау сұрақтары:
  • Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?
  • Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
  • Адамзатқа, қоршаған ортаға жақсылық жасау қандай құндылыққа жетелейді?




  • Дәйексөз. Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар А.Құнанбаев.
  • Cүйіспеншіліктің адам өміріне маңызы қандай?


  • Мұғалімнің сыйы Аңыз әңгіме Баяғы өткен заманда бір аралда Бақыт, Мұң, Сүйіспеншілік, Байлық, Уақыт, Такаппар, Білім өмір сүрді. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді. Байлық әдемі кемемен келіп:– Менің кемемде ақша мен алтындарым көп, саған орын жоқ, сені ала алмаймын,– деді.Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады. Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:– Сүйіспеншілік,мен саған көмектесе алмаймын. Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,– дейді.Енді сүйіспеншілік Мұңнан көмек сұрайды. Мұң айтады:– Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,–дейді.Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша, Сүйіспеншілікті естімеді. Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»– деді.Мұны айтқан қария еді. Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң, қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады. Сонда Білім: –Ол– Уақыт,–деді.– Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?–деді. Білім күліп,ақылмен жауап берді: –Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі,–деді.

    Талқылау сұрақтары:
  • Сүйіспеншілікке басқаларының көмектеспеу себебі неде?
  • Неліктен уақыт ғана сүйіспеншілікке көмек көрсетті?
  • Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?






  • Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Берілген жағдаяттарды шешіп, сахналаңыздар.1-топқа. Жұмыстан келген анасы ұлына:- Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен?- деді.-Жата беріңіз,- деді кітаптың қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Мамасы төсегіне барып жатты да ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Баланың әрекеті....2-топқа. Сені анаң дәріханадан тезірек дәрі алып келуге жұмсады. Сен асығыссың, көшеде қолында ауыр сөмкесі бар әжейді кездестірдің. Сенің әрекетің...3-топқа. Айгүл мен Әсел бір сыныпта оқиды. Наурыз мерекесіне дайындық кезінде Айгүл Әселге «сен әнді дұрыс айтпайсың, концертке қатыспағаның жөн болар», -деді.



    Топпен ән айтуМейірімді болайықшы бауырлар Сөзі: Серік Қалиев Әні: Құрмаш Маханов Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын!

    Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар!

    Болашаққа қол ұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық!

    Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де болса деп.


    Үй тапсырмасы.№26 сабақ 125 бет «Қызыққа толы қас қағым» Г.Х Андерсонның ізімен берілген мәтінді оқып, түсінгенін айту.

    Соңғы тыныштық сәтi. - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Барлығын риясыз сүйіспеншілікпен жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!