Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Рефлексивтік есеп

Автор:Каиров Женис Сыздыкович
Бағыты: Барлық пәндер
Бөлімі: Тренерлерге
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2019-04-26

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Мектеп тренерлеріне

А есебіТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізгенім туралы бір рефлексивтік есепМектеп іс-тәжірибесінде өтілетін тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулін таңдап сабақтарыма қалай жүйелі түрде енгізуіме болатындығын жан-жақты ойластырдым. Менің таңдап алған модулім ол –«Мұғалімдерге арналған нұсқаулыққа» сүйенетін болсақ, бихевиоризмнің негізін салушы Джон Б. Уотсон болған. Ол зертханалық эксперименттерге сүйене отырып тәжірибе жүргізген. Соның нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі жасалды. Бұл модельде жеке тұлға қоршаған ортаға қарай іс – әрекет ететін түрткі жасаушы ретінде қарастырылған. Кейін келе Эдвард Л. Торндайк және Скиннер секілді зерттеушілер осы модельді негізге ала отырып бұл көзқарасты ары қарай дамытты. Осы теорияға сүйенетін болсақ, адамның іс – әрекеттерін ынталандыру үшін оларға қолдау көрсетіп, көтермелеу және жат мінез – құлықтан арылту үшін оны тоқтату немесе жаза қолдану керек екендігі айтылған («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» 77 бет).келдім. Мысалы үшін, «ойлан, тап» кестедегі есепті шешу керек және сол есеп бойынша постер қорғайды. Кім жылдам ойыны арқылы есептердың жауабын шығарады. . Мұндай тапсырмаларды оқушылар бұрынғы сабақтарында да орындаған еді. Алайда ол кезде олар жеке жұмыс істеген. Бұл сабақта оқушылар жеке емес топпен пікірлесе отырып, ақылдаса отырып орындады. Оқушыларға сабақ барысында мұндай тәсілді пайдаланған қатты ұнады. Себебі, ізнеде отырып және бір-біріне үйрете отырып олар бұрын түсінбеген нәрселерін түсінді. «Адасқан әріптер» деп аталатын тағы бір тапсырмамда оқушылар менің берген әріптерімнен бір сөз құраулары керек еді. Бұл тапсырманы оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін және ойларын сергіту үшін бердім. Тапсырманы орындау барысында барлық оқушылардың белсенділігі байқалды. Мен сабақ барысында осыған ұқсас тапсырмалардың бірнешеуін дайындап келдім. Оқушылардың барлығы жұмысты орындау барысында үлкен қызығушылық пен белсенділік танытты. Олардан: «бұндай тапсырмалар ұнада ма?» деп сұраған кезімде оқушылардың барлығы да ұнағандығын айтты және сол нәрсені рефлексияда да жазды.Тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабағында мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу модулін пайдалана отырып балаларға өз деңгейінде тапсырмалар жасап келдім. Екінші сабағымның тақырыбы«Жүрілген жолдың ұзындығы.Арақашықтық». Оқушылардың танымы мен зейінін дамыту үшін оларға тақырыпқа сай сұрақтар дайындадым .Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушыларымдың дайындығын тексеру үшін топ басшыларының бағалау парағына түртіп алуын ескерттім. Арақашықтық тобына суретті кесте бойынша логикалық есептер шығарып постер қорғады. Нәтижесінде оқушылар тапсырманы бірлесе отырып орындады.Тапсырманы орындау кезіңде топ мүшелері түгел қамтылып барлығы жауап берді.Барлық топ мүшелері жауап беруге тырысып жатты.Одан кейінгі тізбектелген сабағымның тақырыбы «Қозғалыс уақыты». Бұл сабағымда жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес етіп балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға төмендегідей тапсырмалар бердім. Олар, «Сәйкестікті тап», «Қандай планетаға барғың келеді?», «Адасқан сөздер» секілді кеспе қағаздарда және интер белсенді тақтада берілген жұмыстар. Бірінші тапсырма бойынша оқушылар суреттердегі коліктерді реттік сандармен ретке келтіріп сәйкестендіру қажет еді. Бұл тапсырманы олар жылдам, бірлесе отырып орындады. Екінші тапсырма бойынша оқушылар топ бойынша ақылдаса отырып есептерді шешеді . өздерінің барғысы келетін немесе ұнататын армандарындағы планетаның суретін салды, және не себепті сол планетаның сурет салғаны жөнінде сыныпқа түсіндіріп өтті. «Адасқан сөздер» деген тапсырманы орындауда оқушылар араластырып берілген сөздерден бір дұрыс сөйлем құрады және оны қазақ тіліне аударды.Мектеп тәжірибесіндегі соңғы сабағымның тақырыбы»Қозғалысқа арналған есептер болды.» Соңғы сабағымда оқуышалрдың қызығушылығын арттыру мақсатында интер белсенді тақтада бірнеше сурет көрсеттім.Жасырын созді тап ойыны арқылы сабақтың тақырыбын ашу.Қызықты сұрақтар.арқылы ой қозғау.Оқулықпен жұмыс. Балалар суреттерге қарап есеп құру және кері есептер шығару. Бұдан басқа тапсырмаларда оқушылар бір – біріне сұрақ қойып жауаптар алды және дұрыс, дұрыс емес екендігін айтты. Сонымен қатар алдыңғы сабақта қолданылған «Сәйкестікті тап» тапсырмасын бұл сабағымда да қолдандым, себебі оқұшыларға бұл тапсырма қатты ұнаған еді. Адын ала дайындалған тапсырмалар өз кезегімен орындала берді, алайда оқушыларды тек оқытып, жазғызып қана қоймай мен олардың қиялдарын қозғау үшін «Біле жүрейік ойыны арқылы формулаларды табу.Біздің сүйікті коліктер» деген тақырыпта постер қорғауды тапсырдым. Оқушылар бұл тапсырманы орындауға құлшына керісті. Барлығы өзінің сүйікті колігінің суретін салып, топтан бір оқушы оны қорғады. Тізбектелген төрт сабақ топтамасында берілген тапсырмалардың барлығы да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес етіп жасалған. Яғни бұл жерде олардың ойлау және сөз сөйлеу деңгейлері, белгілі бір мәселені қабылдау және оны шеше алу дағдылары, оқушылардың зейіні және шығармашылық қабілеттері толығымен ескерілді.Мен әр сабағымның соңында рефлексия жүргізіп отырдым. Рефлексияға оқушылар өтілген сабақ жайында өз ойларын, яғни сабақ ұнады ма, әлде ұнамады ма, қандай тапсырмалар ұнады, келесі сабақта не үйренгілері келеді, не орындағанды жөн көреді деген сияқты пікірлерін жазды. Осыларды пайдалана отырып мен келесі сабақтарымды оқушылардың қызығушылықтарын ескеріп жоспарладым. Бұл тәсілді барлық оқушылар өте жақсы қабылдады, олардың барлығы «апай, келесі оқу жылынан бастап сабақтарымызды осылай өтейікші. Сабақтар қызық әрі түсінікті болады екен», «апай, бұдан кейінгі сабақтарда да осындай тапсырмалар орындап, ойындар ойнайықшы» деген сияқты пікірлерін айтып жатты. Осындай тәсілдің нәтижесінде мен оқушылардың пәнді тереңірек меңгеруіне ықпал еттім.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі арқылы мен олардың қызығушылығын арттырдым, танымдық және шығармашылық қасиеттерін дамыттым, сонымен қатар топқа бөлініп жұмыс істеудің арқасында оқушылар ұйымшылдықты және бір – бірімен ынтымақтастықта болуды үйренді. Әрбір баланың даму деңгейіне қарай тақырыпты, тапсырманы дұрыс ұсынудың нәтижесінде біз оның дұрыс білім алуын қамтамасыз ете аламыз. Бұдан шығатын қорытынды, сабақ жоспарлаған кезде оқушыларға қандай білім қажет, олар өз жасында нені білуі тиіс, нені істей алуды үйрену керек, нені түсіне білу керек және қандай қорытынды шығарулары мүмкін деген сияқты сұрақтарға жауап беруіміз қажет. Сол кезде бізден жақсы мұғалім шығады, ал жақсы мұғалім әр уақытта жақсы шәкірт тәрбиелей алатындығына мен сенімдімін. Демек мұғалім үйрену мен ізденуден жалықпауы керек.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.