Материалдар / Рефлексия және даму
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рефлексия және даму

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы І деңгей С есебі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1560
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексия және даму «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мақсатын басшылыққа алып, мен мектебіме өзгеріс енгізуге ұмтылдым. Мұғалімге арналған нұсқаулық пен тренердің берген түрлі әдіс-тәсілдерін тәжірибе кезеңінде пайдалана отырып, жүзеге асыру үшін білуді игеруге бағытталған Блум таксономиясының 6 қадамын басты бағытқа алдым. Биылғы оқу жылында 7-сыныптар жаңа білім мазмұны бойынша білім алуда. Тәжірибемде осы сыныптың қазақ әдебиеті пәнінен жеті модуль ықпалдастырылған сабақтар топтамасын өткіздім. Әрбір сабақ үшін оқыту және оқу мақсаттары белгіленді. Орта мерзімді жоспар бойынша өткен тізбектелген сабақтар топтамасында жұмыс кезеңдері дәйекті, тізбектеліп ұйымдастырылды. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуы қамтамасыз етілді.Менің тәжірибемдегі әрбір сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында сабақты өмірмен байланыстыру арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру мен үшін маңызды болды. Мен өткізген сабақтың ең ерекше кезі - сөйлеу тілінің сан алуан қыры мен сырын, өз ойы мен пікірін, көзқарасын жеткізу үшін сыныпта жүргізілген «Ия,жоқ айдары», «Миға шабуыл», «Өзіме хат», «Оқушы үні» секілді әдіс-тәсілдер арқылы орындалған топтық, жұптық жұмыстардың оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруы. Өйткені,сабақта оқушылар диалог құрып, ақылдасып тапсырманы шешуде деңгейлеріне қарай дағдыланды.Бұған дәлел С деңгейлі оқушылар өзіндік ой-пікірін айтуда үлесін қосты, бірақ А,В деңгейлі оқушылардың жетекшілігімен жүргізілгенін сездім .Егер сабақты тағы өткізу ұсынылса, А.В деңгейлі оқушыларыма жетелеуші, түрткі сұрақтар мен қайта бағыттау сұрақтарын қою арқылы ойын еркін жеткізуге дағдыландыратын едім. Мен жұптық тапсырмаларды орындау кезіңде өзара Выготскийдің ЖАДА теориясы арқылы жүргізу, бір-біріне көмектесуі, кері байланыс жасауға дағдылануын жүзеге асыру арқылы диалогті оқыту стратегиясын жүзеге асыруды мақсат етіп отырмын.Маған қиын болғаны оқушылар кері байланыс беру кезінде өз ойларын өте қысқа және жүйесіз, орфографиялық қателерге назар аудармағаны болғандықтан берілген сұрақтар бойынша тапсырмаларымның күрделі болғандығы. Бұл жағдайда үшінші, төртінші сабақтарда тапсырмаларымды спираль әдісімен дайындап, нәтижеге жете бастадым. Сонымен бірге кейбір В,С деңгейлі оқушының сыныптастарына ілесе алмауы болды. Осы кедергілерді жою үшін сабақтағы кері байланыста болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, өз ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құра алатындай етіп бағыт-бағдар беріп, сабақ қорытындылау барысында нәтижеге қол жеткіздім. Менің тәжірибе кезеңінде ең ұтымды болған тұсым- келесі сабаққа жұптық тапсырмалар дайындап келіп, Выготскийдің ЖАДА арқылы бірін-бірі оқыту мен сыни ойлау қабілетін дамытуға негіздеп бергенім. Cабақтың қорытынды бөлімінде оқушыларға жеке тапсырмалар беруде «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модуліне сүйеніп сыныптағы «үздік» оқушыларды зерттеуге тырыстым. Сыныпта 18 оқушы болса, оның 13 оқушысы тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.Жаңа технологиямен сабақтарды түрлендіріп өткізу ерекше қолдауды қажет ететін және дарынды балаларды анықтауға бағытталған деңгейлік тапсырмаларды орындатуда баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Мен осы модуль бойынша оқушыларды зерттеу арқылы сыныптағы оқушылардың бойынан бұрын аңғармаған қабілеттерді ашуға тырыстым. Нәтижесінде, азғана уақыт ішінде, төмен деңгейде білім көрсетіп жүрген 5 оқушының сабаққа деген қызығушылығының артқанын байқадым. Бұл мен үшін өте қуанарлық нәтиже болды. Бұдан менің түйгенім- оқушылар бір-бірінен өзара үйрену, сұрақ қойып, пікір алмасу арқылы С деңгейлі оқушының В. деңгейлі оқушы қатарына ілесіп, алға ұмтылуы. Сабақта бағалау түрлеріне түрлі көрнекі құралдар арқылы «Қолдау, қолпаштау», «Смайлик», «Бағдаршам», «Бас бармақ» әдістері арқылы оқушыларды ынталандыру мақсатында бағалауға тарта отырып, жеке тапсырманы бағалау критерийлері арқылы бағалауға жетеледім. Сонымен, осы модуль арқасында оқушыларды жан-жақты бақылап, сыныптағы таланты және дарынды оқушыларды анықтай алуға үйрендім. Менің қолымнан келетіні - әр сабағымды өткізу барысында Шульманның « Үш көмекші» ілімін негізге ала отырып, әр баланың жан дүниесін түсінуге тырысып отырғаным. Оқытудағы кедергілерді жою үшін мотивациямды арттырып, әр сабағымда баланың жүрегіне жол таптым. Топтық, жұптық, жекелей жұмыстар кезіңде оқушылардың белсенділері, тың идея ұсына алған оқушылар арқылы Оқытудың басқару және көшбасшылық модулін жүзеге асырмақшымын. «Оқушы үні » әдісінде де формативті бағалаудың «тізбектеп айту»формасы арқылы да берілген мәтіннің маңызды екенін дәлелдеу үшін әр оқушы бір-бір сөйлемнен айтты. Жекелеген окушылар ғана дұрыс орындай алатын ламинатталған критерийлерде де барлык оқушы білгенінше сабаққа катысып отырды. Тәжірибе кезеңінде мектептегі мұғалімдердің жұмысындағы кемшіліктер мен білім алушылардың жаңа заман талаптарына сәйкес келу үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау менің басты ұстанымым болды. Мектеп әкімшілігімен бірлесе SMART мақсат қоя отырып, білім сапасын арттыру үшін «Өзгеріс не үшін қажет?» деген тақырыпта өткен семинар барысында байқағаным, мектептегі әріптестерімнің барлығында жиі кездесетін мәселе-оқушылардың өз ойын жеткізуде кездесетін қиындықтар, яғни ауызекі сөйлеу дағдысындағы олқылықтар. Осы басымдықтарды ескере отырып, «Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлауды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында коучинг өткіздім. Аталған коучингке мектептегі пән мұғалімдері қатысты. Себебі, бұл тақырып барлық сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерінің қажеттіліктерінен туындады. Коучинг сабағының мақсаты SMART әдістемесіне сәйкес қойылды, мақсатқа орай мұғалімдер тақырыпқа сай тапсырмалар құрды.Коучингті жүргізуде алдымен әріптестерім арасында жағымды ахуал тудыру үшін қобдишаға салынған тыныс белгілерді (? , . ! ...) таңдап алды. Осы коучингте мен үшін маңызды болғаны тәлім алушылардың ішіндегі сұрақ белгісін алғандар «Жаңартылған білімге -- жаңаша көзқарас» деген тақырып аясында қойылған сұраққа әріптестерімнің құнды пікірлері мен берген жауаптары сәтті болды. Шеңбер сыртындағы мұғалімдер өзіне қойылған сұрақтарға тыныс белгілеріне қарай жауап берді. Әркім өзіне тиісті бөлінген тыныс белгісі арқылы топқа бөлінді. Коучинг өту барысында - интербелсенді тақтадан «Көшбасшы» тақырыбында мультфильмін көре барысында, тәлім алушылар бейнероликтегі көргенін сыни ойлай отырып, ойларын, пікірлерін ортаға салып, сабақ кезінде оқушылармен диалогты қалай қолданатынын баяндады, SWOT талдау жасалды. Коучингте әңгіменің үш түріне байланысты әріптестеріме тақырыптың теориялық жағынан бағыт-бағдар берілді. Мені және әріптестерімді таң қалдырғаны –әріптестерімнің Мерсер ұсынған әңгіменің үш түріне байланысты «Отбасындағы диалог», «Оқушы мен оқушы арасындағы диалог» және «Сабақ кезіндегі диалог» тақырыбында берілген тапсырмаларға мұғалімдердің кейіпкерлер образын сомдағаны. Коучинг барысында кейбір топ мүшелері дебатқа түсіп жатса, кейбір топтар кейс-стади әдісі арқылы жұмыс жасап отырды. Себебі, әріптестерім тақырыпты сыни ойлай отырып, теория мен практиканы ұштастырып, ЖАДА арқылы ойларын еркін жеткізді. Бұл тапсырма өте тартымды әрі нәтижелі болды , мұғалімдер тапсырманы аса бір шығармашылықпен орындап шықты. Сөйлеу, ауызекі тіл, іс-әрекет арқылы өтілген коучингімнің тақырыбы толық ашылды.Менің ойымша дұрыс жасалған тапсырма Алексендердің сыныптағы әңгіменің 5 түріне берген қысқаша сипаттамасын кең көлемде, нақты мысалдармен іс-тәжірибеде керек екенін айтқаны. Әріптестерімнің осы коучингтен өз қоржынына салғаны- әңгіменің түрлерін күнделікті сабақта қолданып, дағдылансақ, С деңгейлі оқушының өз ойын еркін жеткізуге және сабаққа деген қызығушылығы артатынын айтты.Коучингте жаңа идеялар мен ойларды көптеп келтіру мен оларды жинақтау, сыни пікірлерді келтіріп, іріктеу мақсатында «Миға шабуыл» әдісімен әріптестеріме сабаққа қатыстыСіз өз сабағыңызда диалогты қолданасыз ба? Сабақтың қай кезеңінде қолданасыз? Өз сабағыңызда оқушыларға қанша және қандай сұрақтар қоясыз? деген сауалдар төңірегінде әріптестеріме пысықтау сұрақтарын қойдым. Тәлім алушылар күнделікті сабағында диалогті жиі қолданатындарын, кей тақырыптар пікірталас, ойталас ретінде жүретінін, кейде дебат түрінде өткізетіндерін айтады. «Қолдау, елемеу, қарсы шығу» сергіту сәтін жүргіздім. Нәтижесінде, бұл сергіту сәтінен өмірде бір-бірімізді қолдасақ нәтижеге қол жеткізетіндіктерін білді.Коучинг барысында әріптестер кері байланысқа «Рефлексия пирамидасын» толтырды.. Қорытындылай келгенде, өз тәжірибем мен мектептегі әріптестер тәжірибесіне өзгерістерді енгізу және басқару бойынша мен үшін ең маңызды болғаны – әріптестерімнің қоржынына сабақ ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді меңгеруіне жаңаша жол салып, одан әрі оқушының жеке тұлға болып қалыптасу жолының жаңа идеялармен толысуы. Курс барысында сәтті шыққан әрекетім – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай келетін бай білімді түсініп, меңгергені. Мектептегі іс-тәжірибе барысында мектептегі пән мұғалімдерінің сабақтарына еніп, зерттеу жүргізіп, зерделей келе бастауыш сынып мұғаліміне тәлімгерлік еттім. Әріптесімде 7 модульден, орта және қысқа мерзімді жоспарлаудан біраз түсінік қалыптасқан. Дегенмен әліде жетілдіре түсудің қажеттігін басшылыққа ала отырып, бағдарламаның жеті модуль мәнмәтіні негізінде әріптесіме қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлік жүргізудің жоспарын құрдым. Жоспарда тәлімгермен кәсіби сұхбат, сабақтарына зерделеу жасау, қмж мен омж құруға көмек беру және смарт мақсат жайлы түсінік қалыптастыру сынды критерийлерді басшылыққа алып, әріптесіммен жүргізетін жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап алдым. Мен үшін осы құрылған жоспарға сай жұмыс жасау маңызды болды, себебі сaбаққа дейінгі, сaбақ үстіндегі бақылау, бақылаудан кейінгі және кәсіби сұхбат кезеңдерін қамти отырып, тәліпті дамыту – басты мақсат. Тәлімгерлік- ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, тұлғаның мүдделеріне бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі екенін ескере отырып, нәтиже беріп үлгермеген басымдықтарымызды келесі күндердің еншісіне қалдырдық. Жүргізілетін тәлімгерлік үдерісімнің мақсатын тәлім алушыммен арамызда сенімді қарым-қатынас құрып, оның білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-әрекетін жетілдіруге көмектесіп, өз біліміммен, тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушымның жетістікке жету мақсатында кәсіби дағдыларын дамытып, қажеттілік мәселелерін шешу жолдарын бірге іздеу деп айқындадым. Тәлім алушыма көмек беруде Иганның көмекші моделін алып, кәсіби дағдыларды дамыту тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізуім – сәтті аспектілерімнің бірі болды. Сұхбaт бaрысында тәлім алушымда қандай қажеттіліктер бар екендігін тыңдап, өзімнің бақылау парағыма түртіп алдым.Тәлім алушыммен жасалатын жұмысыма тұжырым жасап алғаннан соң алғаш кездесуімді ұйымдастырдым. Кездесу барысында тәліптің қажеттілігін анықтау мақсатында оның жоспарымен танысып, кәсіби сұхбат жүргіздім. Сұхбат барысында анықталған қажеттіліктерді өзім алдын ала дайындаған бақылау кестеме түсіріп отырдым.Сабақ барысында орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі екенін,оқушылардың ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлау және оларды орындауды ұйымдастыру маңызды екендігін түсіндім. Тәліп пен оқушылардың іс-әрекетін бақылау үшін тәліптің сабағына қатысу арқылы өзіндік талдау жүргізіп, оны бақылау кестесіне түсірдім. Бақылау кезеңінде тәліптің қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланғанын, бағалаудың тиімділігін бақыладым. Сонымен қатар, сабақ үстінде бaрлық оқушылар нені істей aлғанын, бaсым бөлігі нені білгенін және кейбір оқушылардың әрекеті қандай болғанын бақыладым. Іс-әрекетті бақылау арқылы мен бақылау кезеңінен кейін тәліпке ұсыныс бердім. Сабақ үстіндегі кезеңде тәліптің әрекетін бақылаумен қатар А, В, С оқушыларын да міндетті түрде бaқылауға aлдым. Мақсатым мұғалімнің әдіс-тәсілі, бағалау әдісі оқушылардың білімді өз деңгейінде игере алуына септігін тигізді ме? деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар мен қолдау дайындаймын деп шештім. Кәсіби сұхбатты алдымен кері байланыс парағын беру арқылы жүргіземін. Кері байланыс тәліп үшін де өте маңызды, осы aрқылы мен тәліптің нені үйренді, нені істей aлатынын және aлдағы уақытта нені дaмытатынын талдай алады екенмін. Тәлімгер мен тәліптің aлдағы даму жоспарын құруға бағыт беріп, көмегін тигізері сөзсіз..Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолға ала отырып, оқытудың әдіс – тәсілдерінің жаңа заман талабына сай болуына бағыттадым. Мектепке барғаннан кейін өзімнің тәлім алушымның қажеттіліктерін білу мақсатында бірге кәсіби әңгіме өткізіп, ынталы топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырдым. Мұғалімдерге өткізген «Өзгеріс не үшін қажет? » тақырыбындағы семинар арқылы мұғалім жұмысының тиімділігін арттыруда мектеп көшбасшылығын қалыптастыру керек екенін, оқушыларды оқытуда жағымды өзгерістер енгізу үшін бірлесіп жұмыс жасау қажеттіліктерін ескертіп, олардың ой-пікірлері мен өздерінің кәсіби дамуына талдау жасатып,мектепке өзгеріс енгізу тәжірибесіне қатыстыруды өзіме негіз еттім. Оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп,осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағамдау қажеттілігін терең түсінуге көздейтінін ескердім.Мұғалімдерге сабақта топпен жұмысты пайдалана отырып, сыни ойлауды жетілдіру тәсілдерін меңгерту, топтық жұмыс жасауда оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыра отырып, оқуға деген ынталарын дамыту, мұғалімнің беделін арттыру, мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне жоспарлаудың жаңа тәсілдерін енгізу арқылы мектепті дамытуға бағытталып отыр. Жоспарланған іс-шаралар арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын шығармашылық әлеуетті, тәуекел ету қабілетін және оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын инновациялық әдістерді қолдану дамиды деп отырмын. Жоспарланған даму жоспары жүзеге асырылған кезде мұғалімдер топтық жұмысты жүргізу әдіс-тәсілдерін біледі, түсінеді,топтық тапсырмаларды дайындауды біледі, сабақтарында қолданады. Топпен жүргізілген жұмыста оқушылардың көшбасшылық қасиеттері қалыптасады, сабаққа деген ынталары дамиды. Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны,жоспар құруды біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау табатындықтан,алғашқы қадам –әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтап,келесі қадам–өзгеріс енгізу туралы әріптестерімнің кеңесін тыңдай отырып, төмендегідей нәтижеге қол жеткіземіз деп жоспарлаймыз,  яғни бұрыннан келе жатқан мәселелер мен проблемалаларды шешу және жаңа идеялар мен бөлісіп олармен алмасу арқылы жетеміз деп есептеймін.Дамытудағы көшбасшылық мектепте жаңа білімді қалыптастырады,дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің мектебімізге орасан зор пайдасын тигізеді. Бірлескен мұғалімдер жұмысының нәтижесінде мынадай тұр
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!