Материалдар / Ресурстық орталықтағы сессия және сессияаралық тапсырмалардың орындалуы, сессия жұмыстарының білім сапасына әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ресурстық орталықтағы сессия және сессияаралық тапсырмалардың орындалуы, сессия жұмыстарының білім сапасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ресурстық орталықтағы сессия және сессияаралық тапсырмалардың орындалуы, сессия жұмыстарының білім сапасына әсері" атты тақырыптағы жұмыстуралы қысқаша мәлімет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2018
734
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысыТеректі ауданыҚызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі























Ресурстық орталықтағы сессия және сессияаралық тапсырмалардың орындалуы, сессия жұмыстарының білім сапасына әсері./Баяндама/







Дайындаған: Кубашев Е.А





























2017-2018 оқу жылыЕліміз өз тәуелсіздігін алғалы білім беру сапасына деген көзқарас мүлде жаңаша сипат алды. Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің сатысына қосылу идеясын іске асырудың басты тетіктерінің бірі ретінде болашақ иесі - жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жан-жақты жағдай тудыру, білім берудің сапасын әлемдік стандарттар деңгейіне жеткізу, мектепті қазіргі заманғы озық технологиялармен қамтамасыз ету, кадрлар біліктілігін ұдайы арттырып отыру сияқты міндеттер күн тәртібіне енгізілді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әсіресе бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиыншылықтары мол шалғайдағы ауыл мектептерінде, оның ішінде ауыл мектептерінің басым көпшілігін құрайтын (68,6) шағын жинақталған мектептерде (бұдан әрі -ШЖМ) нәтижеге бағдарланған құзыреттілікті білім беруге қол жеткізу мен оны дамыту – бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі болып отыр. 12 жылдық білім беруге өту кезеңінде мекеме басшыларын ШЖМ-тердегі білімділік үдерісті ұйымдастыруға қажет жағдайларды жасау толғандыруда. Бүгін де ШЖМ-тер көптеген проблемаларды бастан кешіп отыр:- материалдық-техникалық базасы төмен;- қаржыландыру көзі жеткіліксіз;- білікті педагогикалық кадрлар жоқтың қасы;- ШЖМ арнайы дидактикалық базасы жасалмаған, бұл мектептегі оқытудың ерекшеліктері оқу-әдістемелік кешендер құрылымы мен мазмұнында ашылмайды,- оқу жоспарлары дәстүрлі құрылым, дәстүрлі оқу бағдарламалары басым, бұл оқушылар білімінің сапасын төмендетеді.Бүгінгі таңда ШЖМ-тердегі білімділік үдерісті ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі бар. Бұл - оқу үдерісін дәстүрден тыс құру, ШЖМ-тердің ерекшелігін ескере отырып, ауыл жағдайындағы ШЖМ-терін сақтау мен дамытудың бір моделі – Тірек мектебі (ресурстық орталық) болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 53-2 негізгі ұғымдарында (2011.24.10) және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында : «Тірек мектеп (РО) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-тердің білім беру ресурстары шоғырланатын білім беру ұйымы“Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі” мемлекеттік мекемесі жанынан тірек мектебін ашу туралы аудан әкімінің 31.01.2017 жылғы №16 қаулысына сәйкес ресурстық орталық ашылды. .Тірек мектеп (ресурс орталығы) –шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімдігін қамтамасыз ету . Міндеттері: 1) сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету және кеңейту;2) оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; 3) сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ШЖМ- ның білім беру ресурстарын біріктіру;4) тірек мектебінде ( ресурстық орталықта) нұсқаушы , аралық және қорытынды сессиялық сабақтар ұйымдастыру шараларын іске асыру; «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі тірек мектеп болып тағайындалғаннан бастап Қызылжар және Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектептері магниттік мектеп болып табылады. Тірек мектебінен 20 км қашықтықта орналасқан Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебінен 12 оқушы тасымалданады. Оқушылар тірек мектепте ыстық тамақпен қамтылып келеді. Ресурстық орталықтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда, еңбек етіп жүрген ұстаздардың жоғары білімдісі - 7, арнаулы орта - 0, жоғары санатты - 1, бірінші санатты - 4, екінші санатты - 1, санатсыз - 1 ұстаздар барып сабақтарға қатысып тәжірбие алмасып келді. Сессиялар кезеңінде тасымалданған оқушыларға оқу шеберханалары мен зертханаларында теориялық-практикалық оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-терде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті тірек мектебі пән мұғалімдерінің қашықтықтан қолдауымен жүргізіледі.Оқу жылының басында (қыркүйек) тағайындаушы сессия – тірек мектебінің базасында өткізіледі. Ол тірек мектебінің ( Ресурсытқ орталық) бірлескен отырысында әзірленген оқу үдерісінің кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Мектептегі тағайындаушы сессияға дейін «кіру» тестісі өткізіледі. Оның көмегімен оқушылардың пән бойынша білім мен бейімділігінің деңгейін анықтауға болады. Сессия кезінде «кіру» тестісінің нәтижелері ескеріліп, сессия жұмысы оқушы біліміндегі жетіспеушілікті толықтыруға бағытталады. Оқу үдерісі модульдық негізде құрылады, өйткені белгілі бір модульды өткеннен кейін оқу материалының игерілуі диагностикасын анықтауға мүмкіндік болады. Сессия соңында оқушыларға мектеп тағайындаушысы «шығыс тестісін» өткізіп сессия барысында оқушылардың білім деңгейлерін анықтайды. Дегенмен білім беру үрдісінің сапасын арттыруда электрондық оқытуды қолданудың маңызы зор. Электрондық оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты әпсәтте өзгертіп, оқушының оқу материалын «онлайн» режимінде өздігінен белсенді игеруге бағыттайды. Ал физика, химия, биология пәндерінен виртуальді зертханалардың болуы, осы пәндерді меңгеруге қажетті оқу-құралдарының тапшылығын сездірмесі анық. Материалдық-техникалық базаның талапқа сай болуы Тірек мектебінің оқу-әдістемелік ақпараттық орталығынан қажетті құндылықтарды алуға мүмкіндік береді. Сессияаралық жұмыстарды жүзеге асыруда РО- тың үйлестіруші мұғалімдері мен ШЖМ-дің тьютор мұғалімдері өзара байланыста болып, оқушыларға қашықтықтан оқыту технологиясы мен кеңес сабақтарын берді. Жыл қорытындысы бойынша ресурстық орталыққа барып оқып жүрген сыныптардың білім сапалары айтарлықтай жоғарлады деуге болады. Оқушылар тірек мектебіндегі сессияға жылына үш рет келіп, негізгі базалық пәндер бойынша оқу үрдісінде қиындық туғызатын мәселелерді игеруге құнды әдістемелік көмек алады, бейін аясында практикалық дағды меңгереді, дәрігерлік-психологиялық тексерістен өтеді, осы арқылы жалпы ақпараттық-мәдени ортасы кеңейе түседі. Олар үшін сабақ соң даму блогы бойынша спорттық-сауықтыру, көркемдік-эстетикалық және мәдени, зияткерлік сипаттағы дамытушы сабақтар ұйымдастырылады. Осы сыныптан тыс шаралар барысында оқушылар өздерін басқа қырларын көрсетіп қана қоймай Қоғалытүбек негізгі жалпы білім беретін мектебімен өзара интелектуалды сайыстарға қатысып мараппатталып отырады. Іс-шаралар барасында оқушылар өзара бір – бірімен достық қатынаста, ынтымақтастыққа болады.













































Қазіргі таңда жас ұрпақтың алдына қойылған міндеттерді өз бетінше шеше алу жүзеге асырылады. Сондықтан ресурстық орталықта оқушыларға пәндік және әлеуметтік жұмыстар, эксперименттік-зерттеу, жобалаушылық іс-әрекеттері, іскерлік және ұйымдастырушылық ойындар, сонымен қатар кеңестер мен портфолио бойынша өзіндік жұмыстар, мәтін жазу т.б. ұсынылады. Қазіргі таңдағы Қазақстандағы ресурстық орталықтармен жұмыстану тәсілі ШЖМ жабылудан сақтайды .Сондықтан ресурстық орталық болып табылатын мектептің материалдық базасын күшейтіп химия, биология, физика кабинеттерін практикалық және электронды лабораториялармен қамтамасыз етіліп, қосымша бағдаралды курстары және үйірме жүмыстары жандандырылса жақсы болар еді.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!