Материалдар / Рухани жаңғыру - ұлттың ұлы мұраты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рухани жаңғыру - ұлттың ұлы мұраты

Материал туралы қысқаша түсінік
Матерал, мектеп директорларына, мектеп әкімшілігіне, ұстаздар мен жас мамандарға қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2018
990
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ!



Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Каменка ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры

Рухани жаңғыру – Ұлттың Ұлы Мұраты! Ұлы мұрат жолында тізе қосып, іс қылу – біздің перзенттік һәм азаматтық Ұлы борышымыз. Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі – Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазірдің өзінде елді біріктіруші күшке, ұлттық идеологияға айналды.(1) Ол – «Қазақстан-2050» Стратегиясының, сонымен қатар, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры, ұлттың рухани құндылығы. Қазақстанның бүгінгі алатын орны, халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың нақты нәтижесі болып табылады. Өткенге сәл шегініс жасап көретін болсақ, тәуелсіздіктің бірінші күні яғни 1991 жылдың 17 желтоқсанында Елбасының «Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік. Әсіресе, жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік» - дегенінің өзінде елбасының көрегенділігімен Қазақстанның жарқын болашағына деген үлкен сенімі мен серпіліс берер салиқалы ойы ұштасып жатқаны бүгінде ақиқатқа айналды. Содан бері жиырма алты жыл уақыт ішінде қаншама жаңашыл бағдарламалар мен жолдауларын арнап мемлекетіміздің өркендеуі мен өсуіне ықпал ететін тиімді даму жолдарын нақты көрсетіп берді. (6) «Рухани жаңғыру» сөзінің өзі ел тарихындағы жаңа дәуірдің, келісті келбетінің көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталуы арқылы тұғырлы еліміздегі әрбір отандастарымыздың жүрегіне жылу ұялата, мақтаныш сезімінің және оған деген сенімін айқындады. Елбасымыз тағы бір сөзінде, бүгінімен ертеңін ғана ойлап, кеңшілікті ойлаудан түсер пайданың қазіргі бәсекелестік заманында түкке тұрмайтын тіршілік екенін баса айтты. Шынында да, бұл біз үшін жүктелген, мақсат етілген, жұмыла жеңетін алдағы міндетміз. Осы орайда басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына ілігуі, яғни «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы, ел тарихындағы біз қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Атап айтар болсақ, тұңғыш мемлекеттік тұжырым идеологиясының елең еткізерлік жаңалық екені бізге мәлім. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануының айтсақ болады. «Мәңгілік Ел» идеясы, қазақ елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік асу, үлкен белес. Бұл мақала, «Мәңгілік Ел» ұғымын тереңірек түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету болып табылады. Түрік тарихын зерттеуші, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы: «Мәңгілік Ел» - түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк негізін қалаған идея...» - екендігін жазған еді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы «Мәңгілік ел» идеясының нақты асуы, ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.(2) «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев, «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Елбасы, «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.(3)  Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Елбасымыз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды. Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік қабілет. Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, ХХІ ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Прагматизм. Ұлан ғайыр қазыналарымызды қалпынша қолданып, қорғау, бір мақсатпен межелеген межеге жету арқылы түрлі саяси радикалды идеалогияларға тосқауыл болудың бағдарын ұсынды. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Білімнің салтанат құруы. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. ХХ ғасыр қасіреттерін қаперімізге сақтап, одан сабақ алу және де дүрбелең туғызу экономикалық күйреуге алып келетінін қазіргі кезде болып жатқан әлемдік толқыныстарды мысалға келтірді. Ревалюциялық өзгеріс емес, эволюциялық жаңару алып келуіміз керек екеніне ой қортты. Рухани жаңғыру белгілі бір межемен аяқталмай, үздіксіз жүзеге асып жатуы керек. Себебі қазіргі ғылым мен технология аса жылдам қарқынмен дамып бара жатқан заманда, бәсекеге қабілеттілігімізді арттырып, жасампаз ұлт ретінде үнемі түлеп, рухымызды көтеріп, жаңарып, өркендеп отырмасқа лажымыз жоқ. Бір сәт мүлгіп кетсек ғарыштың жылдамдығымен дамып жатқан әлемде, өркениет көші бізді күтіп тұрмай біраз жерге ұзап кетеді. Содан соң ол көшті қуып жетіп, оған ілесу қиындай түседі. Сондықтан рухани жаңғыру да ұлт ретінде жаңғырып, дамып отыруымызбен қатар жүруі керек. Рухани жаңғыруды бесжылдықтармен, онжылдықтармен өлшеу қиындау болар. Себебі, бұл рухани дүние.(5) Ал рухани жаңғыруды адам, қоғам сезінуі тиіс. Қазақ халқының рухы биіктеп, бәсекеге қабілеттілігі артып, өнері өрлеп, ғылымы өркендеп, мәдениеті мен дәстүрі үстем болып, мейрімді, адал, ақылды, білімді, бауырмал, ұлтшыл, елшіл, кеңпейіл, отаншыл жандар қауымы қаумалаған қоғам құра алсақ, онда рухани жаңғырғанымызды еліміздің әр азаматы өзі-ақ жан-тәнімен сезінеді. Барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінуі керек. Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр.(6) Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу. «Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» , -дейді Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан рухани жаңғыру үдерісін дер кезінде қабылданған оң шешім деп танимыз. Осы рухани жаңғырудың жүзеге асырылуын біз және сіз болып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» бірлікте орындауымыз аса қажет. Бәсекеге қабілетті, әлемдік деңгейде танылған әрі дамыған рухани кемел ел болу – Елбасының асыл арманы. Ендеше, мемлекет басшысының жастарға соны серпін, тың бастама ұсынуы келешекке қамданудың әрекеті деп түсінеміз. Ал идеология мәселесіне келер болсақ, кестелі сөз, кесек ойлары көрініс тапқан ой-толғауында Президент елес идеологияларға ермей, заманға сай амал етуге үндейді: «Өкінішке қарай, тарихта тұтас ұлттардың ешқашан орындалмайтын елес идеологияларға шырмалып, ақыры су түбіне кеткені туралы мысалдар аз емес. Өткен ғасырдың басты үш идеологиясы – коммунизм, фашизм және либерализм біздің көз алдымызда күйреді. Бүгінде радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс». Мақалада көтерілген идеологиялар туралы кесек ой да ел басқару жүйесін жаңа өзгерістер биігіне бастары айқын. Дәл осындай тәуелсіз Қазақстанды өркениет көшінің алдыңғы легіне апаратын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауына мен ықыласына бөленеді. Сондай-ақ, әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез – келген мемлекеттің экономикалық даму жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне, біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігіне байланысты екендігі бәрімізге мәлім. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның даму капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады. Қазіргі таңда табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін жастар түсініп келеді. Ұлттық салт – дәстүрлеріміз бен әдебиетіміз, тіліміз бен діліміз бойымызға сіңіп жүрегімізде жаңғыру керек екенін Елбасымыз да баса айтады. Осыны ескере отырып, еліміз ұстаздары біліммен қатар, рухани сананы жаңғыру үшін туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімді балаға ерте бастан сіңіру мақсаты тұр. Сонымен бірге ұстаздар қауымы Президент нақты жобалар ретінде ұсынған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, екінші, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша жүргізілетін жұмыстарға көңіл бөліп, белсенділік танытуымыз, әрі сол бағытта жұмыс жасауымыз керек. Тарихымыз тереңнен тамыр алатын бабаларымыздан қалған рухани бай мұрамызды шәкірттер бойына сіңіру әрбір ұстаз алдында тұрған мығымы терең, жауапкершілікті – міндет. Қазіргі қоғамда әрбір ұстазда компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, өз пәнін терең меңгерген, білімді, белсенділікті қажет етеді. Санамызды жаңғыртатын жаңа көлемді міндеттер – халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ащып, елімізді дамудың жаңа сатысына көтеретіндігіне сеніміміз зор.(4) Ендігі міндет-бабалар аманатына адал болып,Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Қорыта айтқанда, бұл елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт бағдар берді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа мензеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!









































Сілтемелер:

1. Мусин Чапай. «Қазақстан тарихы». Алматы-1997.2. Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы». Алматы-1997. 3. М. Қозыбаев «Мәдениет және Өркениет»4. Н.Ә. Назарбаев «Ғасырлар толқынында» 5. Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы6. «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ» ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ

Қолданылған әдебиеттер:

  • Ә. Әбдәкімұлы «Қазақстан тарихы». Алматы-1997.
  • «ҚАЗАҚСТАН - 2050» СТРАТЕГИЯСЫ» ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТЫ
  • Қозыбаев «Мәдениет және Өркениет»
  • Мусин Чапай. «Қазақстан тарихы». Алматы-1997.
  • Н.Ә. Назарбаев Ғасырлар толқынында
  • «Егемен Қазақстан» газеті






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!