Материалдар / "Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында АӘТД сабақтарындағы патриоттық жолдары"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында АӘТД сабақтарындағы патриоттық жолдары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды отансүйгіштікке, өз елінің патриоты болуына көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
345
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Рухани жаңғыру бағдарлама аясында АӘТД сабақтарындағы патриоттық жолдары»

Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді,

Жаңғырудың енді міне келді кезі.

Шын қолдап Елбасының саясатын,

Күн санап жаңғыруда елдің өзі,- дей келе Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Мақаланың әрбір жолы, әрбір сөзі - өзіміздің осы күнге дейінгі жолымыз, тарихымыз, келешекте атқарылатын міндеттеріміз. Отансүйгіштік қай елдің болмасын алтын босағасы. Адам тәнін жан билесе, Отан тәнін халқының оған деген сүйіспеншілігі билейді. Бұған ешкімнің күмәні жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алған түлектермен кездесу барысында «...патриот - ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген болатын.

Елбасымыздың рухани жаңғыру мақаласында біздің қазіргі және келешекте істелінетін жұмыстарымыз айтылған. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің халық 1995 жылға дейін дағдарысты басынан өткізді, бұл жағдай сол кезде көзі көрген адамдардың барлығына аян. Дүкендер қаңырап бос тұрды, наннан басқа ештеме жоқ. Зейнетақыны, еңбек жалақасын беретін ақша жоқ. Міне осындай қиын-қыстау кезінде осындай тығырықтан шығудың жолын Елбасымыз өзінің біліктілігінің, ақылдылығының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында шешуге тырысты және шешті де. Сол кезеңде бірнеше, халықты игілікке апаратын, халықтың мүддесі үшін бірнеше стратегиялық бағдарламалар жасалынды.

Ш​ындығында да, Тәуелсіздік жылдары қыруар жұмыс атқарылды. Соның бірі - «Болашақ бағдарламасы» болды. Елбасымыздың тікелей басшылығымен құрылған бұл бағдарлама сол кезде, қиын жағдайға қарамастан, он мыңға жуық жастарды әлемнің үздік университеттерінде оқытып, олардың бүкіл қаражатын үкіметтің қаржыландыруы бұл сол кезеңдегі халықтың болашағы үшін жасалынған үлкен жұмыс болатын. Ондағы мақсат - Тәуелсіз елімізді осындай қиын жағдайдан шығарып алу үшін білімді жастарымыз әлемдегі маңдайалды университеттерде білім алып, олардың озық тәжірибесін меңгеріп елімізді дамытуға өркендетуге ат салу болды. Ұлт табысқа тек білімнің арқасында жететіндігін сол кездің өзінде осындай озық үлгідегі бағдарламалар арқылы корсеттіп берді. Міне биыл Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына да бір жыл болды.

Бұл құжат - патриотизмнің негізі деп білемін. Мұнда халықтың рухани және материалдық құндылықтарын жаңғырту жұмыстары бойыншада көптеген мәселелер көтерілген. Ата-бабамыздан бізге мұра болып қалған осындай жерімізді, табиғатымызды, тауымызды, даламызды көздің қарашығындай сақтап қана қоймай, оның байлығын үнемді, ысырап қылмай орынды пайдалану керектігін міндеттейді. Өзіміздің жерімізге немқұрайлы қарамау, болашағымызды дұрыс жоспарлай білу, ысырапшылдыққа, астамшылдыққа, даңғойлыққа жол бермеу , мұның бәрі өз еліңе , жеріңе деген сүйіспеншілік құрмет болып саналады. Нақты мақсатқа жету үшін де азаматтың өз жерін, елін, Отанын, халқын сүюі және оны құрметтеуі - ұлы іс. Осы орайда Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының ауқымы өте кең. Туған жер - әркімнің өзінің кіндік қаны тамған жері, балалық шағы өткен, өмір жолына аяқ басқан өлкесі. Туған жерге, оның салт-дәстүрлері мен әдет ғұрпына, мәдени, тарихи ескерткіштеріне айрықша ыждағаттылықпен атсалысу -шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

Қазіргі заманғы қоғамдық өмірде адам өмірімен іс-әрекетінің маңызды бөлігіне айналған жас ұрпаққа жалпы адами идеяларымен ұмтылыстары көрінетін патриоттық тәрбиеге баулу мәселесі жаңа мазмұнға ие болуда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу – білім берудің мектепке дейінгі жүйесін, жоғарғы оқу орнына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады .

          Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір жас азаматы ұлты мен дініне қарамастан, татулық пен бірліктің туын жоғары көтере білсе – патриотизмнің негізі сол бомақ. 

          Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш – қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз.

Әр жас ұрпақтың бойында өз отанына, еліне деген алғашқы сезімі болады. Осы сезімнің, сүйіспеншіліктің дамуына оның алған тәрбиесінің, қоршаған ортасының әсері ерекше екенін білеміз. Күнделікті күйбең тіршіліктің соңында жүрген ата – ананың бүгінгі күні бала бойында патриоттық сезімді қалыптастырудан гөрі қаржы мәселесіне көп көңіл бөледі. Міне осы салғырттықтың соңы жастар арасында қылмыстың көбеюі, нашақорлыққа құмар болуы, т.с.с. келеңсіз оқиғалардың белең алуына әкеледі.

Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті - өз халқына деген сүйіспеншілігі - деп Бауыржан Момышұлы патриотизм мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен.

Отансүйгіштік, әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізет – тілек, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл – парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз, отбасы халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт – дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды жан – жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңіруге, рухани жаны таза адам болуы шарт. Осы тағылымдарды білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алып отырған жөн.

             Патриоттық тәрбие барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын зерделеуге ерекше мән берілді. Республика рәміздерінің саяси және рухани мәнін пайымдау үшін жастардың азаматтық міндеттері туралы дүниетанымы кеңейтіледі және тереңдей түседі. Мемлекеттік нышандардың көмегімен жасөспірімдер бойында еліне деген мақтаныш пен патриоттық сезім дәйекті де табанды тәрбиеленеді. Патриоттық тәрбиенің негізі отбасында қаланады. Отбасы рухани – адамгершілік тәрбиенің негіздері қалыптасатын айрықша әлеуметтік орта болып табылады. Отаншылдық сезім – туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетін, ұлттың құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

          Егемен Қазақстанның болашағы, тағдыры жастардың қолында. Сондықтан жастарымыз білімді де, тәрбиелі, жан – жақты дамыған азамат болып қалыптасуы керек. Кез – келген азамат өзінің елі мен жері үшін жанын берер патриот болуы керек. Ең мықты мемлекет болу үшін жастардың бойында шынайы патриотизмді қалыптастыруға үлкен күш жұмсауымыз қажет. 

          Патриоттық тәрбие ұлттық намыс, ұлттық сана – сезім, рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен – тілімізді, дінімізді, салт – дәстүрлерін жатқызса, тіл қазақ болуымыз үшін, дін – адам болуымыз үшін, салт – дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Патриоттық тәрбиенің қазіргі кезде алатын орны ерекше. Сонымен қорыта келгенде, бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

 

 



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!