Материалдар / Рухани жаңғыруда педагогтардың алатын үлесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рухани жаңғыруда педагогтардың алатын үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыруда педогогтардың атқарған жұмыстарына ой тастау. Рухани жаңғыру аясында №61жалпы орта мектепте атқарған жұмыстарыммен бөлісіп,өзге әріптестеріме де серпін бергім келеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
296
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы, Ақтас мөлтек ауданы № 61 жалпы орта мектеп Серикбаева Гулдана Шырынбаевна тарих пәні мұғалімі

Рухани жаңғыру жолындағы педагогтардың атқарар рөлі Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында Н.Ә. Назарбаев. Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұлтартпас айғақ болып табылады. ЕлбасыныңБолашаққа бағдар: рухани жаңғырумақаласы жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білемін.Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Ел болам десең, бесігіңді түзе -дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына,қазіргі әлем елдерінің басым көпшілігі қолданылатын латын әліпбиін енгізу болашақ ұрпақ үшін керек деп ойлаймын. Жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде біздің 61 жалпы орта мектеп ұжымында да келелі жұмыстар атқарылуда.Үстіміздегі жылда мектебімізде болып өткен “Ата-аналар форумында”, Рухани жаңғырудың бағыттары мен басымдықтары” тақырыбында мәжіліс залында баяндама оқыдым.Бейне-роликтер арқылы көрсетілген сюжеттерді ата-аналар аса қызығушылықпен көріп,ойлары мен мәдениетті сөздерін ортаға тастап, барлығы үндесіп жатты. Рухани жаңғыру аясында 7-сынып оқушыларымен мәжіліс залында “Елін сүйген-Елбасы” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткіздім. Қазақ елінің тұңғыш президенті көрегенді басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан қызметтік өмір жолын бейне-роликтер арқылы байланыстыра өлең-шумақтарымызбен таныстырып өттік. 5-7 сынып оқушыларымен ( “Туған ел” бағдарламасы: “Біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер”) жобасы аясында ,киелі Түркістан жеріне сапар шегіп,тарихи деректерден мәлімет алдық. Қасиетті орындар оқушыларға ерекше әсер қалдырып, рухани жаңғыруларына жол ашты. Туған ел тарихы оқушылардың жадында мәңгі сақталады.Сонымен қатар мектебімізде 27- қазан күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери робот техникаларын қолдану тақырыбында кең көлемде әскери қызметкерлердің қатысуымен семинар өтілді. Ұстаздар қауымы жаңартылған білім беру сабақтарында, робот техникаларын пайдалана отырып ашық сабақтар өткіздік.Жалпы семинар қорытындысында болашақта көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен мектеп басшысы Жанисбаева Клара Ушкемпирқызына әскери қызметкерлер өз ризашылықтарын білдірді. Ағымдағы жылдың 4-мамыр күні 61 жалпы орта мектеп ұжымында Еліңе етсең еңбекті- паш етіп халқың бағалар тақырыбында семинар ашық есік күні болып өтті.Өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, қазақ еліне еңбегі сіңген,еліміздің жарқын болашағына сүбелі үлес қосқан, туған елге тағзым, рухани жаңғыру аясында Ахметов Әшімжан Сүлейменұлына арналған тарих кабинеті ашылды. Өмірі-өнеге тұлға” тақырыбында 7-сынып оқушыларымен жаңартылған бағдарлама, рухани жаңғырудың бағыттары мен басымдықтарын байланыстыра, оқушыларды топ –топқа бөліп, ашық сабағымды өттім.Бар саналы ғұмырын білім саласына өндіріс саласына,қоғамдық қызмет пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған асыл азамат Ахметов Әшімжан Сүлейменұлының қызметтік жолы, балалық шағы, отбасы өмірі, өмірде қол жеткізген жетістіктеріне өлең жолдарын арнап, әрбір топ ”Ойлан, жұптас, бірік” әдісі бойынша өз жұмыстарын қорғап шықты.Оқушылар орындалған әрбір тапсырмаларға Бас бармақ” әдісі бойынша бағалап отырды. “Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді”- демекші, Ахметов Әшімжан Сүлейменұлының ел алдындағы осындай ересен еңбектері еске алынды. Қорыта келгенде,өскелең ұрпаққа жан-жақты білім, санала тәрбие беру- мектеп ұстаздарының алдына жүктелген үлкен міндет деп білемін. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!