Материалдар / Рухани жаңғырудағы латын әліпби мәселесі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Рухани жаңғырудағы латын әліпби мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2020
243
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рыскулбекова К.К., Сахова А.Т.
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ аға оқытушылары
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ ЛАТЫН ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ
Аңдатпа
Мақалада қоғамдық сананы жаңғыртудың бастамасы – латын әліпбиіне
көшу тарихы қарастырылған. Жаңа қаріпке көшудің ғасырлар қойнауында
жатқан тарихы бар. Қазақ халқының тарихында графиканы реформалау
қажеттіліктеріне сай төрт рет өзгеріс енгізілген. Сонымен қатар
әлемдік өркениетпен ықпалдасуға, ақпараттық кеңістікті кенейтуге ықпал
ететін және латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға тілдің дамуына,
қолданысын кеңейтуге оң әсер ету сынды қажеттіліктері келтірілген.
Қазақстанның жолы – рухани жаңарған, рухани кемелденген «Мәңгілік ел»
болуда латын қарпіне көшу үлкен серпіліс берері анық. Бұл жаңа тарих,
жаңғырған тарих болары сөзсіз.
Түйін сөздер: рухани жаңғыру, «Мәңгілік ел», латын әліпбиі, реформалау,
қазақ зиялылары.
ПРОБЛЕМЫ ЛАТИНСКОГО АЛФАВИТА В ДУХОВНОЙ
МОДЕРНИЗАЦИИ
Аннотация
В статье рассматривается история по переходу на латинский язык, как
начало модернизации общественного сознания. Переход на новый график
имеет многовековую историю. В истории казахского народа была
изменена четыре раза в соответствии с необходимостью реформирования
графики. В то же время необходимость интеграции в мировую
цивилизацию,
способствующая
расширению
информационного
пространства и переходу на латиницу, положительно сказывается на
развитии и расширении языка в развитии казахского языка. Путь
Казахстана - переход к латинскому алфавиту является крупным прорывом
в том, чтобы стать духовно развитым «Мәңгілік ел». Это определенно
указывает на новую историю, обновленную историю.
Ключевые слова: Духовная модернизация, "Мәңгілік ел", латинский
алфавит, реформирование, казахская интеллигенция.

PROBLEMS OF THE LATIN ALPHABET IN SPIRITUAL
MODERNIZATION
Annotation
The article considers the beginning of the modernization of public consciousness
- the history of the Latin alphabet. The transition to a new font has a history of

centuries. The history of the Kazakh people has been amended four times in line
with the need for reforming the graphics. At the same time, the need to integrate
into the world civilization, to promote the expansion of the information space,
and the transition to the Latin script have a positive impact on the development
and extension of the language in the development of the Kazakh language. The
way of Kazakhstan - the transition to the Latin alphabet is a major breakthrough
in being a spiritual, renewed "Eternal Country". This is definitely a new story, a
revamped story.
Keywords: «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік ел», Latin alphabet, reform, kazakh
intelligentsia
Жалпы жаһандану және рухани жаңғыру тұрғысынан алып
қарағанда, тәуелсіз Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің
қатарына ену үшін де латын жазуына көшу керек екендігіне және мұны
заманның өзі талап етіп отырғандығына назар аудартады. Сондықтан тіл
мәселесінің өткені мен болашағын тарихи тұрғыдан зерделеп, келешектегі
оның жағдайын анықтағанымыз жөн. Себебі мемлекеттік деңгейдегі
күрделі мәселе туралы шешім қабылдамас бұрын, өткенге көз тастап, одан
тиісті сабақ алуымыз керек. Себебі, тіл – ұлттың өзегі.
Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап
қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі –
Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары
латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай
әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің,
әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің
заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза
білу керектігі одан да артық», - деген болатын. Бұл – ХХ ғасырдың
басындағы қоғамдағы коммуникациялық үрдістерді зерделеуден туған ой
болатын. Қазір адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басып отыр. Жазудың
маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі
елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас түркі халықтары
қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани
жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ... Сонымен қатар латын
қарпіне көшу туралы Елбасы: «...Латыншаға көшудің терең логикасы бар.
Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ
ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процестерінің ерекшеліктеріне
байланысты...»,– деп атап көрсеткен болатын.
Қазақ халқының тарихында графиканы әртүрлі реформалау
процестері болған. Бір емес, төрт рет өзгерген жазудың тарихы тереңде
жатыр. Ү-ІХ ғасыр аралығында қазірде төл жазба мәдениетіміз деп
табылатын руна жазуы, содан кейін 1072-1940 жылдар аралығында үш
реформаны бастан кешірді. 1072-1929 жылдарда ежелгі вавилондағы
аккад, шуме тайпаларының жазба әріптерінің негізінде пайда болған араб
жазуы, алғашында «қадым жазуы» кейін «төте жазу» деп пайдаланды. 1929

жылдан бастап біздің дәуірімізден бұрын ҮІІІ-ҮІІ ғасырда пайда болған
көне халықаралық латын алфавитіне өтуді бастаған А.В.Луначарский
болса, түркі халықтарына ортақ бір әліпби таңдауды ұсынған Н.Нариманов
еді. Сол кездің өзінде де латын графикасын қабылдау қарсаңында, яғни
араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау
алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып,
олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа
бөлінді.
Тарихи деректерге сүйенсек, сол кездегі СССР-дағы жазу мәдениеті
бар 70 халықтың 50-і латын қарпіне көшіпті. Сол кезде В.Лениннің өзі
болашақта СССР-ды толықтай латын графикасына көшіру мүмкіндіктерін
жоққа шығара алмады. «Мұның қажеті қандай?» деген заңды сұраққа
көптеген жауаптар болды. Мысалы, ең бастысы – он жыл өткеннен кейін
мәдениеті мен санасы жаңғырған ұрпақтың келуі. Екіншіден, экономикасы
дамыған мемлекеттермен қатар тұрып, ақпарат алмасудың тиімді болуы,
үшіншіден, тілі мен мәдениеті, тарихы ұқсас халықтардың бірігуі. Сол
кездегі Алаш зиялылары осыны тереңінен ұғып, латынға көшуді құптады.
Бірақ орыстандыру саясаты үстем болып, ғалым М.Мырзахметұлының
сөзімен айтсақ: «1924-1940 жылдар аралығында ұлт зиялыларының
қарсылығына қарамай латын жазуын зорлықпен алдырды. Ал, 1929-1940
жылдары латын әліпбиі Қазақстанда қолданыста болды. Бірақ, Кеңес
Одағы заманында 1940-1941 жылдары Қазақстан Үкіметі қаулысымен
кириллицаға көшті.
Қазақстанның жолы – рухани жаңарған, рухани кемелденген
«Мәңгілік ел» болу. Бұл жаңа тарих, жаңғырған тарих болары сөзсіз...
Сол себепті де латын графикасын қазақ әліпбиіне көшірудің
қажеттілігі біріншіден, әлемдік өркениетпен ықпалдаса отырып,
ақпараттық кеңістікті кенейтуге ықпал етуімен сипатталады. Ол өз
кезегінде білім беру жүйесі алдындағы басты талап - бәсекеге қабілетті
құзыретті маман дайындау жұмысын едеуір қарқындылықпен ілгері
жылжытуға зор мүмкіндік туғызады. Екіншіден, латын графикасы жалғыз
Қазақстанның ішінде жобаланған саясат емес, бұл бүкіл дүние тілдерінің
тұғыры, себебі қазіргі ағылшын, француз, неміс, италиян секілді
өркениетті елдердің тілдері терең бастауын сол латын графикасынан
бастау алатындығын ескеруіміз қажет.
Үшіншіден, латын графикасына
көшу қажеттілігі таза лингвистикалық сипаттағы бірқатар себептермен
түсіндіріледі. Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға тілдің дамуына,
қолданысын кеңейтуге оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына айрықша
мән беріп, қазақ тілін үйренуге жаңа серпін береді.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»
стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде арнайы
міндеттер қойды. Ол туралы өз сөзінде: «Біз 2025 жылдан
бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз
керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Балаларымыздың
болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен

бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін
жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев әліпбиіміздің жиі ауысқаны туралы өзінің
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде атап көрсеткендей, 1929
жылғы 29 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық
комиссарлары кеңесінің президиумы латындандырылған жаңа әліпби –
«Біртұтас түркі алфавитін енгізу туралы» қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940
жылға дейін қолданылып, ол кейін кириллицаға ауыстырылды. 1940
жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс
графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Осылайша, қазақ әліпбиін өзгерту тарихи, негізінен нақты саяси
себептермен айқындалып келді.
2017 жылғы 26 қазан №569 Қазақстан Республикасы Президентінің
«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»
Жарлығы бекітіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына қосымша
өзгеріс енгізілді.
Негізінен елімізде жаңа қазақ әліпбиіне көшу мәселесі 1990 жылдан
басталғанымен, жаппай қоғамдық тұрғыда белең алуы, ол – Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ұлу жылғы Тәуелсіздік күнімізге орай (14.12.12)
«Қазақстан – 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауынан кейін десек орынды шығар.
2006 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары
Ассамблеясының 12 сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру
жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге
қалдырған едік. Әйтсе де латын қаріпі коммуникациялық кеңістікте 2006
жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12
сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта
оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын
қаріпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер,
соның ішінде посткеңестік елдердің латын қаріпіне көшуі кездейсоқтық
емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты
ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой
алдырмай, оныңартықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеп алуымыз
керек», - деген еді. «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту
бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен
жалғастыра береміз. Қазақ алфабитін 2025 жылға қарай латын
графикасына көшіруге дайындық жұмысын қолға алу қажет. Бұл қазақ
тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне
айналдырады» (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауынан)
Латын әліпбиі біздің жыл санауымыздан 800 жыл бұрынан келе
жатыр, яғни үш мың жылға жуық уақыттан бері бар. Бұл жайында
Елбасымыз Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшу
туралы ойларын таратып айтты. «Бұл ой еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін
мені жиі мазалады. Бірақ біз көп ұлтты халықпыз. Әр ұлттың ой-пікірі бар.

Қазіргі кириллица арқылы қазақтардың да, қазақстандықтардың да
бірнеше буыны тәрбиеленіп білім алды. Өмірді таныдық, дүниені көрдік.
Сондықтан латын қаріпіне көшкен жағдайда да кириллица көпке дейін
қатар қолданылады, екеуі біразға дейін бірге пайдаланылады деп
ойлаймын». «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл - ұлт болып шешуге тиіс
принципті мәселе. Бір кездері тарих бедерінде біз мұндай қадамды
жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға
тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын
тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы - қазақ тілін жаңғыртуға
жағдай туғызады» - деген болатын.
Латын әліпбиіне көшу - қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман
талабына сай өсіп-өркендеуіне болашаққа еліміздің жан-жақты дамуына
үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз. Біз латын әліпбиіне көше
отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық
жүйелерді нақты анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезеңінде
сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан
латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі
болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл - еліміз үшін, өнеріміз бен
мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс, күрделі үдеріс. Латын әліпбиін
енгізу халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір
серпіліс әкелетін дара жолы. Латын әліпбиі - әлемдік кеңістікке енуге
апаратын жол! Қазақстанның жолы – рухани жаңарған, рухани
кемелденген «Мәңгілік ел» болу. Бұл жаңа тарих, жаңғырған тарих болары
сөзсіз...
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кітап
Жанұзақов Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен
болашағы. Алматы, 2004.
Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. –414 б.
Мақала газеттен
Жүсіпбек, Ж. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы [Мәтін]: [латын
әлипбиі] / Ж. Жүсіпбек // Қостанай таңы. - 2017. - 13 қазан (№ 113).
- 2 б.
Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері. //Егемен
Қазақстан.- 2019.- 18 қаңтар (№11).
Мақала журналдан
Тасымов А. Қазақ тілі емлесінің қалыптасуы хақында // Қазақ тілі
мен әдебиеті, 1993. №10, 11, 12.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!