Материалдар / Сабақ жоспары 11сынып Қытай Халық Республикасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары 11сынып Қытай Халық Республикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
География пән мұғалімдері үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2020
717
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

14.01.2020 11а сынып География

Сабақтың тақырыбы: «Қытай Халық Республикасы».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қытай Халық Республикасының құрамы мен құрылымы және табиғат жағдайлары, ресурстары тұралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін арттыру, эстетикалық танымын дамыту, болашақта алған теориялық білімдерін практикада ұштастыра білу.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.

Сабақтың типі: Комбинациялық, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндама, түсіндіру, қорғау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер. Электрондық оқулық. Интерактивті тақта.

Сабақтың жоспары:

І кезең. Ұйымдастыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

ІІ кезең. Үй тапсырмасы:

  1. Жапония мемлекеті мемлекеті қай жерде орналасқан?

  2. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.

  3. Халқы.

  4. Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары.

  5. Өнеркәсібі.

  6. Ауыл шаруашылығы.

  7. Көліе қатынасы.

ІІІ кезең. Жаңа сабақ. Оқушылар жаңа сабақты өз бетінше дайындалып, жоспар бойынша түсіндіріп береді.

Сабақтың жүру барысы:

I-оқушы. Құрамы және экономикалық жағдайы.

  • Жерінің ауданы — 9 млн 600 мың км2

  • Халқы — 1338,1 млн адам (2010 ж.)

  • Астанасы — Пекин

  • Мемлекеттік кұрылымы — социалистік мемлекет

  • Мемлекет басшысы — ҚХР-дың төрағасы

  • Заң шығарушы органы — халық өкілдерінің Бүкіл қытайлык жиналысы

  • Мемлекеттік тілі — кытай (хань) тілі

  • Ақша бірлігі — юань








Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы. Қытай Халық Республикасы (ҚХР) негізгі заңына сәйкес халыктың демократиялық диктатура басқаратын социалистік мемлекет болып табылады. Елдің құрамында 22 провинция (Тайвань 23-провинция деп есептеледі), 5 автономиялык аудан жөне тікелей орталыкка бағынатын 3 кала (Пекин, Шанхай, Тяньцзин) кіреді. 1997 жылы Сянган (Гонконг) Қытай мемлекетінің ерекше аумағы саналып, Қытайдың карамағына өтті. Астанасы — Пекин қаласы (17200000 адам).

Қытай Халык Республикасы — Еуразия материгінің шығысында, Тынык мұхиттың батыс бөлігінде орналаскан мемлекет. Аумағы 9,6 млн км2 ауданды камтиды. Көлемі жөнінен Қытай тек Ресей мен Канадаға ғана жол береді. Құрлыктағы шекарасының ұзындығы — 22800 км-ге тең.

ҚХР-дың кұрлыктағы көршілері — жаңадан тәуелсіздік алған ТМД елдері. Мұнда көліктік байланыс үшін ең ұзын және қолайлы шекара Қазакстан мен және Ресеймен шектеседі.

Қытай солтүстік-батысында Қазакстанмен, Қырғызстанмен, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында Ресеймен, солтүстігінде Моңғолстанмен, солтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, батысында Пәкстанмен, Тәжікстанмен және Ауғанстанмен, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Үндістанмен, оңтүстігінде Мьянмамен, Въетнаммен, Непалмен, Бутанмен, Лаоспен шектеседі. Қытай шығысы мен оңтүстік-шығысында Корея Республикасымен, Жапониямен, Филигашнмен, Брунеймен, Малайзиямен және Индонезиямен теңіз аркылы шекараласады.

II-оқушы: Табиғаты және табиғат ресурстары.

Қытай аумағының 30%-ы теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен төмен орналаскан.

Оң түстігінде Наньмин таулары және Юньнань-Гуйчжоу таулы үстірті көтеріледі. Оңтүстік-батысында орташа биіктігі шамамен 4500 м-дей болатын Гималай, Қаракорым, Наньшань, Куньлун тау жүйелерімен коршалған Тибет таулы кыраты орналасқан. Непалмен шекарада әлемдегі ең биік шың — Джомолунгма (Эверест, 8848 м) орналасқан. Батысы мен солтүстік-батысында Такла-Макан шөлі, биік жазықтар — Тарим, Жоңғар және Алашань, сонымен бірге Шығыс Төңіртау (Тянь-Шань) жатыр. Одан оңтүстікке қарай Түрпан ойысы (-154 м) орналаскан. Қытайдың солтүстігінде ұлан-ғайыр Гоби шөлі созылып жатыр. Солтүстік-шығысында Үлкен Хинган, Кіші Хинган таулары мен Солтүстік Корей таулары, оңтүстікке таман Сары топырақты үстірт пен Ұлы Қытай жазығы орналасқан.

Қытай мемлекеті су ресурстарына бай: жалпы ағын көлемі дүниежүзі өзендерінің жалпы ағынының 7%-ын құрайды.

Басты өзендері — Янцзы, Хуанхэ, Сунгари, Сицзян. Елдің жер койнауы мынадай пайдалы казбаларға: темір, көмір, мұнай, сынап, вольфрам, қалайы, сурьма, марганец, молибден, ванадий, қорғасын, мырыш, алюминий, уранға бай. Қытай су энергиясы жөнінен әлемдегі ең үлкен әлеуетке ие. Жыртылатын жері аумағының 10%-ын, жайылымдар мен шабындықтар 3%-ын қамтиды.

III-оқушы: Халқы.

19 49 жылғы революцияға дейін Қытайда халыктың тууы мен өлім-жітімі жоғары дәрежеде больш келді. Жыл сайын миллиондаған адам аштықтан,эпидемиядан, ауру-сырқаудан, кездейсоқ апаттардан қаза болатын. Халықтың өсуіне жаппай эмиграция, көбіне жарлы-жақыбайлардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне кетуі кедергі келтірді.

1949 жылғы санак бойынша Қытайдың кұрлыктың бөлігіндегі халықтың саны 541 млн 670 мың адам болды. Елде калыптаскан тіршіліктің тұрақтылығы мен өндірістің дамуына байланысты демографиялық бакылау бойынша халықтың өсуі артты. 1969 жылғы халык санағы бойынша елдегі халықтың саны 806 млн 710 мыңға жетті. Демографиялық жарылыс қаупінің алдында тұрған Қытай үкіметі XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап халықтың санын шектеу мақсатында тууды жоспарлауға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде туу коэффициенті біртіндеп төмендей бастады. Егер бұл көрсеткіш 1969 жылы мың адамға шакканда 34%о-ге тең болса, ал 2010 жылы 12 %о-ге төмендеп, халықтың табиғи өсімі мың адамға шакканда 36 %о-ден 5 %о-ге дейін азайды.

Өмір сүрудің орташа ұзақтығы ерлерде — 72 жас, әйелдерде — 76 жас. Еңбек ресурстары өте көп. Еңбекке жарамды халыктың 60%-ы ауыл шаруашылығы мен орманшылықта, 25%-ы өндіріс пен сауда ісінде.

IV-оқушы: Өнеркәсібі.

ҚХР өнеркөсібінің құрылымында ауыр индустрияның маңызы зор. Ауыр өнеркәсіп салаларының ішінде отын-энергетика, әсіресе елдегі энергияның негізгі көзі болып есептелетін таскемір, мұнай өндіру маңызды рөл атқарады. Басты бассейндері: Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік және Солтүстік-Батыс Қытайда.






Көмір өндіру жұмысы шахталык және ашык әдіспен жүргізіледі. Осы жерлерден көмір көптеген өнеркәсіп орталыктарына жеткізіледі. Мұнай өнеркәсібі Солтүстік-Батыстың шөлдері мен тауларында (Шыңжан, Қарамай), Қызыл бассейнде (Сычуань провинциясы), сондай-ак елдің солтүстік-шығысында, шығысында калыптасып келеді. Электр энергиясы көбінесе Солтүстік-Шығыс пен Солтүстік Қытайда, сол сиякты теңіз жағаларындағы ірі қалаларда орналасқан ЖЭС-та басымырак өндіріледі.

IV-оқушы: Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы Қытайдың шаруашылык салаларының негізі болып табылады. Реформалардың басталуымен Қытайда ауылшаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы айтарлыктай жаксарды. Қазіргі кезде мұнда жоғары өндірісті, жоғары сапалы және тиімділігі жоғары ауыл шаруашылығы өндірісіне көшу іске асырылуда.

V- оқушы: Көлік пен байланыс.

Қытайда көліктің барлык түрлері тең дәрежеде жақсы дамыған.Олар: теміржол, автомобиль, авиация, су жолы. Әсіресе соңғы кездерде автомобиль және авиация көліктері жылдам каркынмен дамуда.

2009 жылы теміржолдың жалпы ұзындығы шамамен 86 000 км, ал автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3,6 млн км болса, оның 45,3 мың км-і кедергісіз әрі жылдам жүруге арналған автотрассалар және 28000-дай км-і жоғары санатты автомобиль жолдары.

Cөздік.

1. Орол-арал-остров

2. Чўққи-шың-вершина

3. Ярим орол-түбек-полу остров

4. Тоғ-тау-горы

5. Океан-мұхит-океан

6. Дарё-өзен-река

7. Шаршара-сырқырама-водапад

8. Горизонт-көкжиек-горизонт

9. Чўл-шөл-степь

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қытай Халық Республикасының құрамы мен құрылымы.

  2. Қытай Халық Республикасының мәдениеті.

  3. Қытай Халық Республикасының шекарасы.

  4. Қытай Халық Республикасының табиғат жағдайлары мен ресурстары.

  5. Қытай Халық Республикасының халқы.

  6. Қытай Халық Республикасының шаруашылығы.

  7. Қытай Халық Республикасының өнеркәсібі.

  8. Қытай Халық Республикасының көлік пен байланыс құралдары.

  9. Қытай Халық Республикасының туристік объектілері.

  10. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар.

V. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: Байланыс құралдарының қандай түрлері дамыған.






























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!