Материалдар / Сабақ жоспары . Тақырыбы : "Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу."
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары . Тақырыбы : "Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу."

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары . Тақырыбы : "Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу." 1-Сабақ жоспары . Тақырыбы : "Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу." 1-Сабақ жоспары . Тақырыбы : "Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу." 1-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
663
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Тақырып: Күн тәртібі, таңғы жаттығу және сергу.

Мектебі:

Уақыты:

Мұғалім:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары:

1.3.3.3. Дене жаттығуларын орындаукезінде организмдегі физикалық өзгерістерді анықтау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Зал кеңістігінде бағдарлану.

Біреуден, екеуден сапта, залдың ортасы арқылы жүру.

Тынысын тежемей, баяу қарқынмен жүгіру.

Жүгіруден кейін тынысын қалпына келтіру.

Ережені сақтап және рөлдік іс-қимылдарды орындап, ойын ойнау.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Дене жаттығуларынан кейін денедегі өзгерістерді анықтау.

Ұзақ жеңіл қалықтап, қолдарды кең сермеп, кең және қысқа адыммен, қысқа әрі жиі жүгіріс адымымен жүгіру.

Орыннан биіктікке секіру (30см.).

Табандар арасына қысылған доппен жүру.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Құрсауды пайдаланып, организмге ең аз және ең жоғары жүктемемен жаттығулар орындау.

Тілдік мақсат:

Оқушылар дене жаттығуларын орындау кезінде организмдегі физикалық өзгкрістерді анықтап, ең жоғары жүктемелер – жүгіру, секіру, қозғалыс ойынынан кейін организм ресурстарын қалпына келтіру тәсілдері туралы айта алады.

Пәндік лексика және терминология:

Қозғалыс белсенділігі, ширығу, босаңсыту, тонус, жүрек соғысы, жүрек, өкпе, тыныс алу, тамыр соғысы, бұлщық еттер, аэробтық жаттығулар, сониторинг.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай жаттығулар аэробтық деп аталады?

Жаңа идеялар ойлап тапқан кезде қиындықтар туындады ма?

Аэробтық жаттығулар үшін қандай жабдық қолдануға болады?

Осындай жаттығулардан кейін өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Өздеріңді бақытты сезінесіңдер ме?

Ыстықтап, терлейсіңдер ме?

Неге екенін айта аласыңдар ма?

Неліктен жүректерің мен өкпелерің қаттырақ жұмыс істей бастады?

Неліктен аэробтық жаттығулардан кейін жүректерің қатты соғады?

Осындай жаттығулардан кейін денеде қандай өзгерістер байқалады?

(Қызу-маңдайыңды ұстап көр, денең қаншалықты қызған?

Жүрек соғысы-кеудеңнің сол жағыңдағы жүрегіңді тыңда, ол қаншалықты жылдам соғып тұр?)

Қозғалыс белсенділігі мен организмдегі өзгерістер арасында қандай байланыс бар екенін айта аласыңдар ма?

Алдын ала оқыту


Жоспар

Уақыт аясы

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-30минут



4-6

(Ұ) оқушыларға әртүрлі дене жаттығуларын орындау кезінде организмдегі физикалық өзгерістерді-тыныс алу,жүрек соғысының жылдамдығы, қызуды бақылау ұсынылады. Жаттығуларды бастамас бұрын таңдалған оқушының жүрек соғысы мен қызуын өлшеп, оқушылармен бірге көрчсеткіштердің әрқайсысыс бойынша график құрыңыз. Әр жаттығудан кейін өзгерістерді енгізіп, сыртқы өзгкрістерге (сырт келбеті, тер, тыныс тарылуы, қозғалыстың бәсеңдеуі) назар аударыңыз.біреуден, екеуден зал ортасы арқылы сапта жүру. Қозғалыс ырғақтылығына және аяқ-қол қимылдарының үйлесімділігіне назар аударады.

Кең, бос кеңістік, ысқырық. Модульдер.




7-15

16-24











25-30

Аэробтық жүктеме кезінде бүкіл дененің қозғалатынын түсіндіреді. Жаттығу орындаған кезде біраз уақыт өткенннен кейін тыныс ауырлайды, яғни өкпе мен жүрек қан арқылы бұлшық еттерге оттегі беру үшін қатты жұмыс істейді.

(Қызу-маңдайыңды ұстап көр, денең қаншалықты қызған?

Жүрек соғысы-кеудеңнің сол жағыңдағы жүрегіңді тыңда, ол қаншалықты жылдам соғып тұр?)

Баяу қарқынмен жүгіру. Кең және қысқа адыммен жүгіру – ұзақ жеңіл қалықтап, қолдарды кең сермеп, қысқа және жиі жүгіріс адымымен жүгіру.

«Лифт» - тынысты қалпына келтіру.

Алақаныңды ішіңе қой. Ішіңді үйдің бірінші қабаты екен деп елестет. Одан сәл жоғары асқазан-үйді екінші қабаты орналасқан. Алақаныңды осы жерде ұстап тұр. Енді алақаныңды кеудеңе қойып, оны үйдің үшінші қабаты ретінде елестет.

Дайындалыңдар, біз «лифтімен жүреміз». Ауа бірінші қабатқа-ішке дейін жеткенше ауызбен баяу және терең дем тарт. Тынысыңды теже. Ауызбен дем шығар.

Ауа бір қабат жоғары-асқазанға дейін жеткенше ішке дем тарт. Тынысыңды теже. Ауызбен дем шығар.

Тағы бір рет ішке дем тартып, «лифтіні тағы «бір қабатқа-кеудеге дейін көтер». Тысыңды теже. Ауызбен дем шығар. Дем шығарған кезде ширығу мен толқу лифт есігінен шыққандай, денеден шыққанын сезінесің.

(Ұ) Шеңбермен жаттығу жасау

Оқушыларға шеңберді пайдалана отырып, организмге ең төмен және ең жоғары жүктемемен жаттығулар (шеңберді белге, қолға айналдыру, еденде тігінен тұрған шеңберді айналдыру, саусақтармен айналдыру; шеңбер арқылы секіру түрлері) көрсетуді ұсынады. Осы ойларды бейімдеп, организмдегі өзгерістерді атап көрсетеді.

(Ұ) Орыннан биіктікке секіру-(30см)

Бүкіл сынып қарсы жаққа өткенге дейін кедергіге (керілген жіп) жақындап, оның үстінен секіріп өтіп, келесіге жақындайды. Нұсқау: секірудің ең жоғары нүктесінде бүгілген аяқ тізелерін барынша бауырға тартып, одан кейін аяқтарды жылдам түзетіп, қолдарды сермей отырып, аяқпен барынша жұмсақ түсу қажет.

Жерге түскеннен кейін бүкіл табанмен тұрып, бойды тіктеу білігіне назар аударады.

(Т) «Аңшылар» қозғалыс ойыны

Ойыншылар екі топқа – «аңшылар» мен «қасқырларға» бөлінеді. «Қасқырлар» диаметрі шамамен 4м. шағын шеңбер ішінде, ал «аңшылар» оның сыртында болады.

«Аңшылар» орнынан қозғалмай, бұйрық бойынша шеңбер ішіндегі «қасқырларды» кезек-кезек доппен «атқылай» бастайды. «Қасқырлар» да орнынан қозғалмай, доптан құтылу амалдарын жасайды-еңкейеді, бүгіледі, доптарды ұстап алуға болады.

«Аңшылар» әр тигізген доп үшін 1 ұпай алады. Ал егер «қасқырлар» бірі допты ұстап алса, «аңшылардың» жинаған ұпайлары «күйіп кетеді». Лақтыру аяқталғанннан кейін «аңшылар» мен «қасқырлар» орын алмасады. Ұпайды көбірек жинаған топ жеңімпаз болады.




























Әр оқушыға арналған диаметрі 50см. шеңберлер.






30 см. биіктікке тартылған жіптер.

31-35

(Ұ,Ө,К) «Иықтан түскен жүк»

Шаршап-шалдығып, жатыптыныққың келгенмен, тағы да жұмыс істеу керек болса, «иықтағы жүгіңді» түсір. Аяқты бір-бірінен алшақ қойып тұр, иықтарыңды көтер. Оларды артқа тартып түсір. Осылай5-6 рет істесең жеңілдеп қаласың.

Оқцушылармен бірге алынған мониторинг дерект ерін көруді ұсынады, қозғалыс белсенділігінің организмге әсерін талқылайды. Ең жоғары жүктемелер – жүгіру, секіру, қозғалыс ойынынан кейін организм ресурстарын қалпына келтіру тәсілдері туралы айтуды ұсынады.










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!