Материалдар / Сабақ жоспары "Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу" 7класс алгебра
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу" 7класс алгебра

Материал туралы қысқаша түсінік
7 класқа сабақ беретін мұғалімге көмек болады. Оқушыларды алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеуге үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
1272
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар
Пән:АлгебраҰзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В КөпмүшелерМектеп: Ж.Кереев атындағы орта м
Күні:Мұғалімнің аты-жөні:Нургалиева Ж.И
Сынып: 7 «А»Қатысқандар саны:18


Қатыспағандар саны:0
Сабақ тақырыбыКөпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)7.2.1.12 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару және топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу алгоритмін біледі;Көптеген оқушылар:көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу алгоритмін есептер шығару барысында қолдана алады;Кейбір оқушылар:топтау тәсілі арқылы шығаратын мәтін есептер құрастырады,топтау тәсілін қолданып теңдеулерді шешеді.
Бағалау критерийлері
  • Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу алгоритмін қолданады.
  • Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктейді.
  • Тілдік мақсаттар

    Тілдік мақсаттары:қандай өрнектің бірмүше (көпмүше) болатынын түсіндіреді, көпмүшелерді қосу және азайтудың жолын бірмүшені көпмүшеге көбейту және көпмүшелерді көбейтуді негіздеу жүргізеді.Пәнге тән лексика мен терминология:көпмүшелерді қосу және азайту, ұқсас бірмүшелер, көпмүшелердің көбейтіндісі.Диалогқа (жазылымға)қатысты тіркестер: көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру үшін …, … жақшаларды ашып ұқсас мүшелерді біріктіру, көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін, көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін….
    Құндылықтарды дарыту Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
    Пәнаралық байланыстарГеометрия
    АКТ қолдану дағдылары www, www.itest.kz, MS Power Point бағдарламасы.
    Бастапқы білім Бірмүше мен көпмүшенің анықтамасын біледі, стандарт түрде жазады. Көпмүшені бірмүшеге бөледі. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады.
    САБАҚ БАРЫСЫ
    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекетРесурстар
    Сабақтың басы 5-мин

    Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығы тексеріліп, оқушылардың назары сабаққа аударылады. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Топтарға әрбір дұрыс жауаптары үшін (әр топқа бөлек-бөлек) көбелектер таратылатындығы айтылады, топ басшысы тағайындалады.Топқа бөлу.Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Жасыл, қызыл, сары көбелектерге көпмүшелерді жазып қоямыз. Оқушы өзі таңдаған көбелеген алады. Барлық оқушы алып болған соң «Жасыл көбелектер»көпмүшенің дәрежесін анықтайды, «Қызыл көбелектер» бірмүшенің коэффициентін, «Сары көбелектер» көпмүшедегі бірмүшелер санын анықтайды. Жауаптары бойынша топқа бөлеміз.
    Сабақтың ортасы 3 минӨткен тақырыпқа шолу.Өткен тақырыпты пысықтап, бекіту үшін мысалдар интерактив тақтада жазылып, ауызша орындалады. Бұл тапсырманы топ басшылары орындайды.Дескриптор:
  • Ортақ көбейткішті табады;
  • Ортақ көбейткішті жақша алдына шығарады;
  • Өрнекті ықшамдайды.
  • Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі.
  • Жасыл шам-толық жауап;
  • Сары шам-толық емес жауап;
  • Орташа жауап.
  • 10-минЖаңа сабақ. «Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу»тақырыбы бойынша бейне ролик көрсету, мысалдар келтіру арқылы түсіндіру, MS Power Point бағдарламасы арқылы мысалдарды көрсету.1-мысал: 2-мысал: Бейне ролик.«Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу»Бейне ролик: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/algebralyq-ornekterdi-turlendiru/qysqasha-kobei-tu-formulalary/lesson/kobei-tkishterge-zhikteu

    4-минЖеке жұмыс.Тапсырма №1. Дұрыс жіктелуді табыңыз.оқушыларға карточка арқылы тапсырмалар таратылады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып тақатада орындайды. Дескриптор:
  • Ұқсас бірмүшелерді топтайды;
  • Ортақ көбейткішті жақша алдына шығарады;
  • Көбейткіштерге жіктейді.
  • Кері байланыс.«Бас бармақ» әдісі
    Тапсырма №1. https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/algebralyq-
    4-минТоптық жұмыс. Тапсырма №3. «Математикалық пазл» ойыны ойналады.Ойынның шарты бойынша оқушыларға тақтада тапсырмалардың дұрыс жауаптары ілінеді. Ал оқушылар бір жағында тапсырмасы бар және екінші жағында әрпі бар қағаздар бойынша тапсырманы орындап, дұрыс жауаптарға сәйкесінше қағаздың екінші жағын жабыстырып сөз құрастырады. Нәтижесінде үш топта:«Жарайсыңдар», «Молодцом» және «Well done» сөздерін құрастырады. Дескриптор:
  • Көбейткіштерге жіктейді;
  • Сөздерді дұпрыс құрастырады.
  • Есептер жинағы. А.Абдиев, С. Төлеубаева, В.Корчевский. Алматы: «Мектеп», -2016. №23 бет№131-133 есептер
    2-минТапсырма №2. Бейбітшілік пен келісім сарайында  периметрі 160 м болатын опера залы бар. Егер залдың ені ұзындығынан 20м-ге қысқа болса онда оның ауданын табыңыз.Дискриптор:
  • Тапсырманың шартына сәйкес теңдеу құрастырады;
  • Теңдеудің сол жағын топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктейді;
  • Теңдеудің шешімін табады;
  • Тік төртбұрыштың ауданының формуласын біледі;
  • Тік төртбұрыштың ауданын табады.
  • Бағалау: «Өзара бағалау»


    5-минТоптық жұмыс. Тапсырма №4. Әрбір топ ноутбук арқылы 5-сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындайды. Тесттің дұрыс жауабы дұрыс болса жасыл дөңгелекпен, қате болса қызыл дөңгелекпен ерекшеленеді. Топ басшылары дұрыс және қате жауаптар санын санап отырады.Кері байланыс. Мұғалім әр топты «Ауыз екі бағалау» әдісімен бағалап өтеді.https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=904863449
    Сабақтың соңы4 минБекіту. Тапсырма №5. Әр топтан бір оқушы шығып көпмүшелерді топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктейді. Дұрыс жауап үшін көбелек беріледі.Әр топ бірін-бірі бағалайды. «Екі жұлдыз бір тілек» №16 жаттығусілтемесі: https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/algebra/algebralyq-ornekterdi-turlendiru/qysqasha-kobei-tu-formulalary/lesson/kobei-tkishterge-zhikteu
    3-минҮйге тапсырма: №319-320 есептер.Рефлексия. Оқушы бүгінгі «Көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу» тақырыбын қаншалықты деңгейде меңгергендігін блоб ағашы арқылы бағалайды. Сонымен қатар, сабақтағы көңіл күйін білдіре алады.Алгебра 7-сынып. Шыныбеков А.Н. Алматы. «Атамұра», 2016. №84 бет
    СаралауБағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    Оқушылардың алдыңғы білімді қалай меңгергенін тексеру мақсатында ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруға қатысты топтық жұмыс ұсынып «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.Оқушыларға тақырыпты меңгеру үшін көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу»тақырыбы бойынша бейне ролик көрсетіп, мысалдар келтіру арқылы түсіндіремін. Бұл сабақта тапсырмалардың әркелкілігіне, оның түрлендіре алуына көбірек мән беремін.Жеке жұмысты тапсырмалар қиындық деңгейіне байланысты А,В және С деңгейлеріне бөліп аламын.А-деңгейі стандарт түрде берілген көпмүше, В-деңгейі көпмүшені көбейткіштерге жіктейді және оны ықшамдауды қарастырады. С-деңгейі көпмүшенің құрамынан ұқсас бірмүшелерді таңдайды, ортақ көбейткіштерін табады, көбейткіштерге жіктеп оны ықшамдайды. Оқушылардың «Математикалық пазл» ойынында тапсырманы талдауына, логикалық, математикалық, лингвистикалық зиятының дамуына басым мән беремін. Оқулықпен жұмыс ұйымдастыру мақсатында үлгі есептің шешімін оқулықтан қарауларына ұсыныс жасаймын, уақытты үнемдеу үшін үлестірмелі карточкалар таратылады. Топтық жұмыс тиімді болу үшін топ мүшелерінің қажеттілігі мен дағдысының әркелкі немесе біркелкі болу ықтималдығын ескере отырып, қосымша тапсырмаларды дайындаймын.Сабақ барысында бағдарламада қарастыратын «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының ішінен «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын ұстанамын.Оқу мақсатына жету үшін қалыптастырушы бағалауда «Бағдаршам», «Бас бармақ», «Екі жұлдыз бір тілек», «Ауыз екі бағалау» әдістері арқылы материалды игеру деңгейін тексеремін





    Бөлме ауасын таза ұстау.Интерактивті тақтамен жұмыс жасауда қауіпсіздік шараларын сақтауды ескерту.
    Сабақ бойынша рефлексия

    Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
    Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


    Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған, оқу мақсатына толық қол жеткіземін деп ойлаймын. Сабақты саралау әрбір тапсырмалар сай құрылған. Сабақ барысында уақытты үнемдеу мақсатында әрбір тапсырма карточкамен, интерактивті тақтамен және ноутбукпен беріліп, тапсырмаға сәйкес уақыттар анық көрсетілді.
    Жалпы бағаСәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1:Оқушылардың сабақ барысында сұрақтарға нақты жауап бере алды, көпмүшені топтау тәсілі арқылы көбейткіштерге жіктеу алгоритмін меңгерді.2:Кері байланыс арқылы оқушылар бір-бірін әділ бағалай білді.Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?1: Математикалық пазл ойынында оқушылардың тапсырманы топ болып жарыса орындауы;2:Сабақ барысында тапсырмалардың әртүрлілігі оң әсерін тигізді.Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?Сабақ барысында оқушылар топ болып белсенділік таныта білді, топ басшысына бағынып ауызбіршілікпен және жауапкершілікпен, ынтымақтасқан жұмыс көрсете алды. Деген жеке жұмыс барысында кейбір оқушылардың қиналатындығы байқалды. Алдағы уақытта ескеретін боламын.


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!