×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512

Хабарландыру Республикалық чаттарға қосылу нұсқаулығын көру үшін осы сілтемені басу керек https://blog.ust.kz/422
Сайт бойынша сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Сабақ жоспары "Отбасының жылуы" 6 сынып

Автор:Сарамбетова Динара Мадмусиновна
Бағыты: Өзін-өзі тану
Бөлімі: Сабақ жоспары
Сыныбы: 6 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-08-13

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Өзін өзі тану пән мұғалімдеріне қосымша материалды көмек ретінде ұсынамын

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы

Мектебі: Ақсай қаласының №2 ЖОББМ КММ

Күні:23.01.19 ж  №: 18 сабақ

Мұғалімі: Сарамбетова Д.М Сыныбы: 6 А Оқушылардың саны:19

Тақырыбы: Отбасының жылуы

Құндылығы:Сүйіспеншелік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға отбасылық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

3. bilim-all.kz

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.5 Т – ережесі:

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. 

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағаланың шуына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Үй тапсырмасы: «Менің анам» мәтінін оқып келу.

«Ыстық үстел» әдісін пайдалана отырып, үйге берілген мәтінді тексеру.



3. Сабақтың дәйексөзі.

«Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де

ананың ақ сүтінен тарайды.» 

Н.Назарбаев

Көзқарас: Себеп: Мысал: Жалпылау

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

(2-3 рет қайталап, жаттап алу)



4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) «Жақсы көретініңізді айтыңыз»

Атақты ғалым бір дәрісінде “Кімді жақсы көрсеңіз, оған барып жақсы көргеніңізді ашық айтыңыз” дегенді айтады. Бір апта өтіп, психологқа Джон есімді біреу телефон соғып, былай дейді: - Өткен аптада айтқан сөзіңіз мені қатты ойландырды. Дәрістен шығып, жақсы көретін ешкімім жоқ екенін үйге дейін ойлап бардым. Мен осыдан бес жыл бұрын әкеммен қатты ұрысып үйден кеткен біреумін. Ол кезден бері бір-бірімізге тіл қатпайтын болдық. Тіпті отбасы бірге жиналған кездердің өзінде онымен кездеспеуге тырысатынмын. Үйге жеткенімде “жақсы көретінімді” әкеме айтуға ниеттендім. Осындай шешімге келудің өзі үстімнен ауыр жүк түскендей болды. Үйден шығып, ата-анамның үйі жаққа бардым. Олардың есігін қағып, есікке әкемнің шығуын тіледім. Өйткені бірінші анамды көріп қалсам, жақсы көретінімді оған айтып, әкеме жолығуға тағы да батылым бармай кері қайтатынымды сездім. Есікті әкем ашты. Табалдырықты аттамай есіктің алдында тұрып «Әке, сені жақсы көретінімді айту үшін келдім» дедім. Әкем бірден мүлдем басқа адам болып кеткендей болды: жүзі жұмсарып, көзі жасаурады. Мені құшақтай салып, басымнан сипалай берді де: «Мен де сені жақсы көремін, ұлым менің» деді. Айтайын дегенім – жақын адамдарға олардыжақсы көретіндігімізді айту керектігін жақсы ұққандаймын. Рахмет сізге.

Сұрақтар:

Ғалымның сөзі неліктен Джонды қатты ойландырды?

Джонның әкесіне жақсы көретінін айтқанда неліктен үстінен жүк түскендей болды?

Жақсы көретін адамдармен ренжісуге бола ма? Неліктен?

Өздерің басқаларға жақсы көретіндеріңді айтасыңдар ма? Қалай? Сені басқалар жақсы көретінін сезінгенде қандай сезімде боласың?



5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

1 – топ: «Ақиқат»

2 – топ: «Адалдық»

3 – топ: «Ізгілік»

4 – топ: «Адамгершілік»

Тапсырма: Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар. 

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректік, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін – өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.



Топпен ән айту

Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

· Ақиқаттың әнін,

Айтамынмын күнде мен

.Бөбек әлемінің сырларын түсініп

,Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Қайырмасы:



7. Үй тапсырмасы.

1.Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2.«Аптаның ақырғы күндері» мәтінін оқып келу.



Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады.

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2,3

.Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.



















50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: