Материалдар / Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану пәні, 9-сынып. Тақырыбы: Өзiңдi тану – өмірді тану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары. Өзін-өзі тану пәні, 9-сынып. Тақырыбы: Өзiңдi тану – өмірді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне сабақ жүргізуге арналған материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
441
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Оқу орнының атауы: №39 ОМ
Мерзімі: ___________
Сабақ: № 2-сабақ
Тақырыбы: Өзiңдi тану – өмірді тану
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Адамгершілік, мейірімділік.
Мұғалім: Сағындық Гүлсая Сағындыққызы
Класс: 9 «А»
Оқушылар саны: 27
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өмірдін мәні туралы
түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Омірдің адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу
• Өмірді мәнді де мазмұнды сүруіне ықпал ету
• Өмірді бағалауға үйрету
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу
Оқу құралдарына назар аудару, 5T
2. Тыныштық сәті.
(баяу музыка) Табиғат аясына ойша серуен (5мин)
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс
алыңыз. Ірбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,
сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз.
Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен
өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып,
шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл
қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе
жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап
aйналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын
сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен
жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және xcш иісін жұтыңыз.
Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер,
гүлдер мен ағаштардын иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің
ызыңы. Орманға ене түсіңіз, караңызшы, ағаштар биіктей әрі
қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,
жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты
әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут
демалыңыз. Түбіне отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа
жақындаңыз да оны діңінен құшактаңыз. Оның қуаттылығын
сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге барып және ұғынуға
тырысыңыз. Енді оның діңіне арқанызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді
жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым жырт
тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс
жасауына болады).
Табиғат неткен ғажап, оны калайша сүйетінімізбен
қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін
қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және
кез-келген уақытта оған келе аатынынызды есте ұстаңыз. Ал қазір
мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан түрып, айналаға тағы
бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз,

Ресурстар: оқулық,
дәптер, аудиожазбалар

Сабақ барысын
талқылау

жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да
келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз да,
есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық,
тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып,
күлімсіреңіз.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма:
1-сабақ. 6-бет, мәтінді рөлге бөліп оқып, түсінгенін
өз сөзімен айту.
❖ Атасы мен немересі қандай тақырыпта әңгіме қозғады?
❖ Өмірді түсіну адамның жасына байланысты ма?
❖ Қателіксіз өмір сүру мүмкін бе?
❖ Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?
4. Дәйек сөз. «Адам - өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға,
оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді»
(Б. Бұлқышев)
❖ Бұл сөздің мағынасын қалай түсінесің?
Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2 рет ұлдарға айтқызу, 2 рет қыздарға
айтқызу.
5. Әңгімелесу. Мұғалім сыйы.
Бір жұлдызды құтқару (аңыз)
Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден
алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның
толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармак болып
жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса,
теңіз жүлдыздарына толып-ақ қалған екен.
-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су
қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, дейді бала
таңырқап.
-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар
каншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзін ештеңе өзгерте
алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?
Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып
тұрып, былай депті:
- Менің жасаған тірлігімнің мәні мен манызы ете зор, әсіресе ... мына
бір теңіз жұлдызы үшін.
Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады.
Өзгелер үшін жаксы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен
адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.
Мәтін бойынша сұрақтар:
• Аңыздан кандай ой түйдіңіз?
• Аңыздағы кісінің пікірі дұрыс па?
• Баланың орнында сіз болсаныз, ол кісіге калай жауап берер
едіңіз?
Видеороликтер көрсету:
«Өмірінді бағалай біл».
• Бұл видеороликтің мағынасын қалай түсіндіңіздер?
• Видеороликте гаи кызметкері көлік жүргізушіні
тоқтатпағанда оқиға калай өрбитін еді? Өз ойыңызбен
бөлісіңіз.
• Сіздің өміріңізде осындай біреудің өміріне қауіп
төндіретіндей
өрескел құқық бұзушылық кездестіме?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. Плакатпен жұмыс: Сұрақтарға жауап беру арқылы кемені
кедергіден шығару.

2. «Адам» және «Өмір» такырыбына арналған сканвордты шешу.
7. Топпен ән айту.
М. Мақатаев: «Өмір керек»
8. Үй тапсырмасы. №3-сабақ. Салауаттылық – өмір негізі. 21-бет.
Мәтінді оқып, түсінгенін өз сөзімен айту, Жеті есиетті жаттау.
9. Сонгы тыныштық сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар.
Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.
«Мен сабырлымын, ұстамдымын, Мен үйде де, аулада да, мектепте де
өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы,
ұстамды болған өте ұнайды» - деп іштей кайталаңыздар.
Қайталадыңыздар ма балалар? Қайталасаңыздар көздеріңізді
ашуларынызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Бүгінгі күндеріңізге сәттілік тілеймін!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!