Материалдар / Сабақ жоспары "Қоршаған ортамен таныстыру"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Қоршаған ортамен таныстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
1482
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Күні: 04.09.17ж. Білім беру саласы: «Әлеуметтік». 
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты: 1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз). 2. Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінін және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру. 3. Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қорытындылау. 
Қолданатын көрнекі құралдар: суреттер, аспаз, медбике.
Билингвалдық компонент: балабақша-детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбер.


Балабақшам менің 
Жаңа қадам жасадым 
Қош болып тұр,бесігім 
Мен қуанып ашамын 
Балабақша есігін. 


Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды. 
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. 

Ұйымдастырушылық кезеңі

-Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық. 
-Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма? 
-Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар. Сондықтан «Балабақша – біздің екінші үйіміз» деп айта аламыз. 


- Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін. 
Балабақша есігін 
Үшке тола ашқанбыз. 
Балапандай өсіріп, 
Мәпелейді бақшамыз. 
Бұл-екінші үйіміз, 
Бір тұғанбыз бәріміз, 
Біз-осы үйдің ғүліміз, 
Біз-осы үйдің сәніміз. 
Сұрақ – жауап 
-Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған? 
-Сендерге балабақша несімен ұнайды?  


-Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл-біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз. 
Сергіту сәті. (әуенмен орындалады) 
Кел балақан, балақан 
Шапалақта алақан: 
Жай-жай-жай! 
Қозғап барлық денені 
Қолды қатты соқ енді: 
Сарт-сарт-сарт! 
Тықылдатып таяқты, 
Ақырын бас аяқты: 


Балалар сонымен қатар балабақшада медбике, аспар т.б қызметкерлер жұмыс істейді. Соның ішіндегі медбике және аспазбен танысайық.

Біздің балабақшадағы денсаулығымызды қадағалап отыратын кім? Ия, дұрыс. Біз ауырсақ медбике көмек көрсетеді.

Аспаз сендер үшін не істейді? Дұрыс балалар аспаз сендерді бес уақыт дәмді және ағзаға өте пайдалы тамақтармен тамақтандырады.


балалар өз ойларын айтады.





қайталайды, балалабақша біздің екінші үйіміз.


балалар өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтады, жаттайды.












Сұрақтарға жауап береді 





Кел балақан, балақан 
Шапалақта алақан: 
Жай-жай-жай! 
Қозғап барлық денені 
Қолды қатты соқ енді: 
Сарт-сарт-сарт! 
Тықылдатып таяқты, 
Ақырын бас аяқты: 


Қимыл жасайды. 



балалар өз ойларын ортаға салады.

дәрігер, медбике.


тамақ пісіреді.

Өзін – өзі бағалау кезеңі

Балабақша дегеніміз не?

Балалабақшада кімдер қызмет етеді?

Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?

Кімнің қандай сүйікті ойыншығы бар?
Оқу іс-әрекетін қортындылау. 
Бір шаңырақ астында 
Тату – тәтті тұрамыз. 
Бірге ішеміз асты да, 
Бірге сайран құрамыз. 


балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже: 
Біледі: балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын 
Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын. 
Меңгереді: өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды. 





















Ұйымдастырылған оқу қызметі: Күні: Білім беру саласы: Таным. 
Бөлімі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: «Таңертең. Үлкен – кіші. Бір – көп».
Мақсаты: таңертең(таң) – тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) және санына қарай (бір – көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: көрсету, таныстыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, қорытындылау. 
Қолданатын көрнекі құралдар: ойыншық кірпі – 1 дана, шымылдық, әр балаға жай қарындаштан, жұмыс дәптері, бір зат бейнеленген суреттер; үстел, күн, ай, орындық және көп заттар: орындықтар, қасықтар, дәптерлер, таңертеңгілік мезгіл бейнеленген сурет.

Билингвалдық компонент: таңертең – утро, үлкен – большой, кішкентай – маленький.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру кезеңі

Шаттық шеңбер.


Балабақшам менің 
Жаңа қадам жасадым 
Қош болып тұр,бесігім 
Мен қуанып ашамын 
Балабақша есігін. 


Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды. 
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды. 

Ұйымдастырушылық кезеңі

Ғажайып сәт.

-Балалар, бүгін бізге қонақ келгенін білесіңдер ме? Ол бізге тәулік мезгілдері(бөліктері) туралы әңгімелеп бермекші. Мен бір жұмбақ жасырайын, жауабын тапсаңдар келген қонақтың не екенін білесіңдер.

Жұмбақ

Тиіскенді түйреген,

Киім бар инеден.

(Кірпі)

-Балалар, жұмбақ не туралы?

Осы кезде шымылдықтың артынан ақырын кірпі шығып, балалармен амандасады.

Кірпі балаларға бір тәулікте төрт мезгіл болатынын, олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталатынын айтады.

-Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

-Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар сабақ оқиды. Кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды.

Совет Әлімқұловтың тақпағын тыңдаңдар.

Кірпі шымылдықтын артында тұрып тақпақты оқиды.

Таң

Таң шапағы алаулап,

Дала нұрға боялды.

Мүлгіген бақ манаурап,

Ұйқысынан оянды.

Жүзін желдің өтіне

Тосты гүлдер желбіреп.

Жапырақтар бетіне

Мөп-мөлдір шық қонды кеп.

-Балалар, тақпақта тәуліктің

қай мезгілі(бөлігі) туралы

айтылған?

-Біз таңертең не істейміз?

Кірпі таңертең тамақтанғаннан кейін балалар балабақшаға баратынын, оқушылар мектепке, ал үлкендер жұмысқа баратындарын айтады.

«Үлкен және кішкентай» ойыны.

Кірпі балалардан суреттен оның достарын табуды ұсынады.

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Кірпілер бірдей ме?

-Олар қандай екен?

Кірпі суретте сүті бар тағы екі кесе салынғаннан айтады: үлкен кесе кірпіге, ал кішкентай кесе кішкентай кірпіге арналған.

Содан соң кірпі балаларға тапсырма береді: үлкен кірпіден үлкен кесеге қарай, кішкентай кірпіден кішкентай кесеге қарай жол салыңдар.

-Үлкен кірпі қай кеседен сүт ішеді?

-Кішкентай кірпі қай кеседен сүт ішеді?

Сөздік жұмыс: таңертең (таң),үлкен, кішкентай.

Билингвальді компонент: таңертең (таң) – утро, үлкен – большой, кішкентай – маленький.



Сергіту минуты.

Жаттығу жасаймыз!

Бір деп – тік тұрамыз.

Екі деп – екі рет айналамыз.

Үш деп – үш рет секіріп.

Төрт дегенде – отырамыз!

«Бір және көп» ойыны.

Кірпілер тек сүтті ғана емес,

алманы да қатты жақсы көретінін айтады.

-Балалар, кірпі қысқа азық жинап алмақшы екен.

Кірпіге көп алма қайда, бір алма қай жерде тұрғанын айтып жіберіңдерші

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!