Материалдар / Сабақ жоспары "Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, оқушылардың ойнау техникасы тактикасын дамыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары "Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, оқушылардың ойнау техникасы тактикасын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
адамгершілік құндылылықтар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
764
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дене тәрбиесі № 25-26

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім - Қазақтың ұлттық ойындары.

Мектеп: Өскемен қаласы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Даутбеков Б.Д

Күні: 02.12.2020ж.

Сынып: 9

Оқытылу тілі: қазақша

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Кәсіби даму мақсаты

Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың ойнау техникасы мен тактикасын дамыту.

Сабақ тақырыбы:


Дәстүрлі ойындар

Осы мақсаттары

9.2.4.1. Адамгершілік құндылықтарды әділ ойында қолдану және жалпылау

Сабақ мақсаттары

1. Барлық оқушылар ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережесімен таныс және әр-түрлі қимыл әрекет кезінде сақтана біледі.

Жетістік критерилері

1. Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдайды.

2. Оқушылар ұлттық ойындар сабағында әр-түрлі қимыл әрекетке байланысты

дұрыс денені қыздыра біледі.

3. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтауды және өзгені сақтандыруды біледі.

4. Оқушылар ұлттық ойындарда әділ болу және бұл ойындарда адамгершілік

құндылықтарды көрсету




Тілдік мақсаттар


Оқушылар біледі:

  • Белгілі бір ұлттық ойын кезіндегі техникалық амал-тәсілдерді қалай қолдану керек екендіктерін түсінеді. Сабақ барысындағы тақырыпқа тән негізгі термин кілт сөздерді үш тілде біледі.


Сабаққа байланысты сұрақтар:

  • Қазақтың ұлттық ойындарына қандай ойындар жатады? Атап берсеңіздер?

  • Белгілі-бір техникалық амал-тәсілдерді орындау үшін жалпы денені қыздыру маңызды ма және қаншалықты?

  • Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?



Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Жүгіру немесе денені қыздыру жаттығулары кезіндегі іс-әрекеттердің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды.Ұлттық ойындар кезінде, әділ және таза ойнауға ынталанады. Оқушылар бір-біріне қиянат жасап, немесе кекетіп көрсетуден аулақ болуға үйренеді. Оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру, ойын барысында әділ болуға баулу. Топпен, жұппен жұмыс барысында оқушыларға ынтымақтастық, достық, адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Академиялық әділдік, басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу. Білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу, ақылын, денесін, қарым-қатынас пен мінезді ұдайы дамыту. Өзіне оқушылардың өз бетімен оқуына ықпал ететін икемділік мен дағдыларды дамытуды қамтиды.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнедерімен байланыс. Ойынға қатысты терминдерді үш тілде білу.


Акт қолдану:

Сілтемелер бойынша материалды көрсету


Бастапқы білім

Оқушылар, бұрын үйренген жалпы спринттік жүгіру шеңберіндегі білімдерін көрсету күтіледі. Спринттік жүгірудегі дағдыларын іс жүзінде қайталайды, шыңдайды және көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекет

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5 мин



Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қаншалықты дайын болуларына көз жеткізу. Бүгінгі сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Сабаққа зейіндерін аударуларына байланысты сұрақтар қою (миға шабуыл).

Ойынға қатысты терминдерді үш тілде қайталау.

Сабаққа байланысты сұрақтар:

Қазақтың ұлттық ойындарына қандай ойындар жатады?

Белгілі-бір техникалық амал-тәсілдерді орындау үшін жалпы денені қыздыру маңызды ма?


Бағалау критерилері:

1. Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдайды.

2. Оқушылар ұлттық ойындар сабағында әр-түрлі қимыл әрекетке байланысты дұрыс денені қыздыра біледі.

3. Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі сақтауды және өзгені сақтандыруды біледі.

4. Оқушылар ұлттық ойындарын әділ ойнау және бұл ойындарда адамгершілік құндылықтарды көрсетеді.

Оқушылар тамыр соғысын өлшейді. Олар өздері таңдаған жаттығу түрін 10 рет орындайды, (отырып тұру,дене көтеру, дене бүгу) 10 секунд ішінде жүрек соғу жылдамдығын өлшейді, 6-ға көбейтіп - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды.

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік.









Ұлттық ойындар бойынша слайд

















10 секунд ішінде жүрек соғу жылдамдығын өлшейді, 6-ға көбейтіп - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды.

Сабақтың ортасы:

10 мин

Мұғалім ұлттық ойын түрлері туралы оқушыларға түсіндіреді.



Оқушылар топта экраннан арнайы қазақтың ұлттық ойын түрлері туралы бейнероликті тамашалайды.



Сұрақтарды талда:

- Ұлттық ойындардың адам денсаулығына және мінез құлқына тигізетін пайдасы?

- Ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындар бар екен?

Саралау жүзеге асырылады:

а) физиологиялық сипаттамалары бойынша;

ә) дене қабілеттеріне сәйкес:

- қабілетті оқушыларға күрделі жаттығулар берілуі керек;

- қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

Санамақ ұлттық ойын (демді қалпына келтіру)

Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай әлемге танымал 5 футболшының немесе 5 қыстық спорт түрінің атын атауы керек.









Бейнеролик көрсетілімі

https://youtu.be/jqLu12W7BLg















Үлкен ойын алаңы, Қазақ ұлттық ойындары – «Кыз куу»:

https://www.youtube.com/watch?v=kI-AjeY_ot4







Сабақтың соңы:

5 мин

Оқушылар өздері таңдаған жаттығу түрін 10 рет орындайды, (отырып тұру,дене көтеру, дене бүгу). 10 секунд ішінде жүрек соғысын өлшейді, 6-ға көбейтеді - минутына жүрек соғу жылдамдығын анықтайды, сабақ басында алынған нәтижемен салыстырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығулар.

Мұғалім рефлексия жүргізеді, оқушыларды сабақ туралы өз пікірін айтуға шақырады:

Бүгін мен ....... білдім.

Қиындықтар туғызды …….

Мен жақсы орындадым...................

Үй тапсырмасы: ғаламтор арқылы қызықты ритмикалық жаттығулармен танысу.

Оқушылардың ағзасының бастапқы қалыпқа келуін қадағалау.

Ғаламтор ресурсы.



Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

  • Екі топқа бөлу, өзара көшбасшыны тағайындау

  • Оқушыларды қабілеттеріне байланысты бөлу

Бағалау – оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

  • Оқушыларды бағалау, көру, кеңес беру.

  • Спринттік жүгіру және мәреден дұрыс өтуге байланысты қаншалықты материалды түсінгендіктерін бақылау

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

  • Арнайы спорт киімі, жай сабаққа киетін киімнен қаншалықты өзгеше және ыңғайлы.

  • Спринттік жүгіруде қандай бұлшықет жұмысы көрінеді.

Спорттың адам денсаулығына қаншалықты маңызды?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!