Материалдар / Сабақ жоспары:Кешіре білуді үйренеміз 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары:Кешіре білуді үйренеміз 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану ұстаздарына арналған жаңа бағыттағы күнделікті сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2018
8229
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Е.Ниетқалиев атындағы ЖББОМ Мерзімі: Тақырып:20 сабақ Кешіре білуді үйренемізҚұндылық:Дұрыс әрекетҚасиеттер: мейірімділік,ризашылық,кішіпейілділікМұғалiм:Мамбеталиева Ы.К.Сынып: 2 Оқушылар саны:

Сабақтың  мақсаты: кешіре білу туралы түсінік бере отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Міндеттері:-кешірімді болу,кешіре білу,кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру:-мейірімділік,ризашылық,кішіпейілділік қасиеттерін дамыту:-мейірімділікке,кішіпейілділікке тәрбиелеу:Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)Оқулық, дәптер.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.(баяу әуен)Орманға ойша серуен.Үй тапсырмасын тексеру.20 сабақ 64-66 бет. «Өткел » атты И.Василенконың мәтінін оқып келу.-Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?-Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?-Әңгіме неге «Өткел» деп аталған?-Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма?Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз.Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайықМ.Әуезов

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Мұғалім сыйы. Мақтаншақ жолбарысЕртегі Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын»,- деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді. -Кет қазір, менің бағымнан!- дейді жолбарыс қаһарланып.. -Біраз сайрасам қайтеді?- депті бұлбұл жалынып.Жолбарыс: -Мен саған сайрағанды көрсетемін!- деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір- екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қоярға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.Оны көрген қарға: -Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың?- деп сұрайды. -Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным- ай!- деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып: -Жүріңіз, мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді мүйзімен оп- оңай суырып тастайды,- деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады. -Е, мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын. Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті. -Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып- ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, - депті піл. Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән—жайды түсіндіреді.Қолтырауын: -Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол- өте мейрімді құс. Барып өтін, оп- оңай алып тастайды,- депті. Бәрі жиналып, бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм- мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты. Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын- сауық жасады. Бұлбұл болса ,өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.Талқылау сұрақтары:-Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңіз?-Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?-Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.3-тапсырма:Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып , сөйлемдерді аяқтаңдар.Адам кешірімшіл болып , кешіре білуге үйренгенде , оның жаны...Айналаңа мейірімді болып , өзара түсінісу , ол - ...Ренжу деген- ...Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады; кешірімді болу; білместік

Топпен ән айту.Күн күледі Әнін жазған: Құрманбай Толыбаев Өлеңін жазған:Ибрагим Нүсіпбаев

Үй тапсырмасы. 21сабақ 69 бет. Ы.Алтынсариннің «Жаман дос » атты ертегісін оқып келу.

Соңғы тыныштық сәтi.Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегімізге түйіп алайық.Енді көздеріңді аша қойыңдар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!