Материалдар / Сабақ тақырыбы: "Генетика ғылымы, Г.Мендел заңдары" (9сынып)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ тақырыбы: "Генетика ғылымы, Г.Мендел заңдары" (9сынып)

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарында Генетика ғылымының дамуы, генетикалық символдар ,Г.Мендель заңы туралы мәліметтер берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2018
3087
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы
Генетика ғылымы, Г.Мендель заңдары

Сабақтың мақсаты:
Генетика ғылымы, Мендельдің І,ІІЬ заңдары және толық, толық емес доминанттыػық заңдарымен танысады. Интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы сыни ойлау, талдау, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:
Генетика ғылымы, Мендельдің І,ІІ, заңдары және толық, толық емес доминанттылық заңдары туралы білетін болады. Интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы сыни ойлау, талдау, қорытынды жасау дағдылары қалыптасатын болады

Сабақ түрі:
Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Еркін әңгіме, эл. оқулық, кесте толтыру, тест, иә жоқ ойыны, сөйлемді толықтыр

Ресурстар:
интерактивті тақта, кесте, парақшалар, маркер, флипчарт т.б

Бағалау әдістері
Фишка, басбармақ, асық тарату арқылы

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті

Үй тапсырмасы
Ынтымақтастық атмосферасын орнату . Кеспе жаттығуы Асықтың түсі бойынша топқа бөледі. Сұрақты ұстап ал әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрайды.сұрақты ұстап ал әдісі
Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетика ғылымының негізін салған кім?
Адамдарды ерте кезден –ақ тұқымқуалаушылықтың қандай қасиеті қызықтырды?
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не? Өзгергіштік деген не?
Генетика ғылымы қай жылы ресми түрде жарияланды? Неге?
Генетиканың дамуы кезеңдерін атаңдар?
Генетика ғылымы қандай ғылымдармен байланысты

Мұғалімнің көрсетуімен кеспе жаттығуын жасайды. Асықтардың түсі бойынша 2 топқа бөлінеді.Оқушылар сұрақты ұстап ал әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетика ғылымының негізін салған кім?
Адамдарды ерте кезден –ақ тұқымқуалаушылықтың қандай қасиеті қызықтырды?
Тұқымқуалаушылық дегеніміз не? Өзгергіштік деген не?
Генетика ғылымы қай жылы ресми түрде жарияланды? Неге?
Генетиканың дамуы кезеңдерін атаңдар?
Генетика ғылымы қандай ғылымдармен байланысты
Жауап берген оқушылар асыққа ие болады


Жаңа сабақ
Эл. оқулықтан 9-сынып. Генетика тарауы бойынша мәтін тыңдалады. Оқулықпен жұмыс Еркін талдау әдісі бойынша тақырыпты ауызша талдатады .
Еркін талдау сұрақтары
Ген дегеніміз не? Локус дегеніміз не?
Гомологті хромосомалар, аллельді гендер дегеніміз не?
Гомозигота, гетерозигота деген не?
Доминатты, рецессивті белгі дегеніміз не?
Символдар туралы не білесіңдер
Г.Мендель өзінің зерттеуін қандай өсімдікке жүргізді және не себепті осы өсімдікті таңдады?
Г.Мендель зерттеуде қандай әдісті қолданды?
Моногибридті будандастыру ,белгілердің ажырау заңы дегеніміз не?

Эл. оқулықтан 9-сынып Генетика тарауы бойынша мәтінді тыңдайды. Оқулықпен жұмыс Еркін талдау әдісі бойынша тақырыпты ауызша талдайды.
Жаңа ұғымдарды дәптерге жазады.
Жаңа ұғымдар
Ген-ақпарат сақталған хромосоманың бір бөлігі. Локус- гендердің хромосомадағы орны
Гомологті хромосомалар-пішіні, мөлшері ұқсас жұп хромосомалар
Аллельді гендер-қарама-қарсы белгілерді
анықтайтын жұп гендер
Генотип-ата-аналардан алынған гендердің
толық жиынтығы
Фенотип-ағзаға тән ішкі және сыртқы
белгілердің жиынтығы
Гомозиготалы-біркелкі аллельді
гендер (АА,аа)
Гетерозиготалы-әртүрлі аллельді гендер (Аа)
Генетикалық символдар:
Р -ата-ана даралары -parentes
Г – гаметалар -
Х-будандастыру
F-ұрпақтар -filius
А-басымдылық белгісі (доминантты) немесе ген
а- басыңқылық белгісі (рецессивті) немесе ген

Сергіту сәті
Сіз нені көріп тұрсыз? психологиялық тест
Сіз нені көріп тұрсыз? психологиялық тест

Сабақты бекіту.
Кесте толтырады, тест, сөйлемді толықтыр , иә, жоқ ойыны бойынша тапсырмалар береді


Оқушылар кесте толтырады, тест, сөйлемді толықтыр , иә, жоқ ойыны бойынша тапсырмаларды орындап саьақты бекітеді.



Символдар
Анықтамасы


Ата-ана белгісі


Гамета


Ұрпақ


Будандастыру


Аталықтың белгісі


Аналықтың белгісі

Мына сөйлемдерді толықтырыңдар:
Бірдей гендерді ----- деп, әртүрлі гендерді ------деп атайды. Басым гендерді ------, ал басылыңқы гендерді --------дейді, Гендердің жиынтығын ---------, ал сыртқы көрінісін --------- деп атайды
Тест тапсырмалары
І. Бір белгінің көрініс беруіне жауапты гендер -
1.Гомологті
2. Аллельді
3. Доминантты
ІІ. Бірінші ұрпақ будандары мынадай генотип түзеді-
АА, АА, Аа, Аа
Аа, АА, Аа, аа
Аа, Аа, Аа, Аа
ІІІ. Гендердің хромосомада орналасқан орны
Гамета
Локус
Кариотип
ІҮ. Екінші ұрпақ белгілерінің генотип бойынша ажырауы тең
1.1:2:1
2. 1:1:2
3. 2:1:2
Ү. Екінші ұрпақ белгілерінің фенотип бойынша ажырауы тең
3: 2
1:3
3:1
Иә , Жоқ ойыны
1.Организмдердің тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды. иә/жоқ
2.Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым: Т.Морган иә/жоқ
3.Гомозиготалы организм әр түрлі аллельдерден тұрады Аа . иә/жоқ
4.Мендельдің бірінші заңы ажырау заңы деп аталады. иә/жоқ
5.Ақпарат сақталған ДНҚ-ның бір тізбегі ген деп аталады. иә/жоқ
6.Бір геннің екінші генге басымдық қасиет көрсетуін эпистаз деп атаймыз. иә/жоқ

Бағалау
Кері байланыс қазақ үй
Кері байланыс қазақ үй
Ең көп ұпай жанаған оқушы білім тәжін киеді “БІЛІМ ТӘЖІ”




Үй тапсырмасы
Генетика ғылымы, Г.Мендель заңдары
Күнделікке жазып алады

Рефлексия







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!