Материалдар / Сабыр түбі - сары алтын
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабыр түбі - сары алтын

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2018
564
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Сабыр түбі - сары алтын Күні:12.02.2016 Сыныбы:4 «б»

Мақсаты: Берілгентақырып бойынша сөйлету, өзгелердің пікірін тыңдай білуге үйрету; сөздік қорларын байыту, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту, сабырлы болуға шақыру.
  • Ұйымдастыру бөлімі
Кісілік қасиет жеке адамдардың ақыл-парасатынан өмірге көзқарасынан туындайды. Адам белсенділігі артқан сайын қасиеттер жинақталып, әркімнің кейпін, мінезін көрсетеді. Мінезділік –кісілікке көтерілудің бір жолы. Мінез – киелі қасиеттердің жиынтығы. Адам мінезінің аса бір көркем түрі –сабырлық. Адам баласының бойында оны дәл сабырлылық тәрізді керемет етіп көрсететін мінез кемде-кім. «Сабыр түбі – сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген қанатты сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Күнделікті өмірде адамдар бір-бірін болмашы нәрсеге ренжітіп алып жатады, ашуланып, асығыс істер жасап жатамыз. Соңынан опынып жататын кездер де болады. Ал осындай жағдайларға тап болмаудың жолы – сабырлы болу. Ал сабырлы болу қиын ба? Бүгінгі пікір таласымыз осы сұрақтың төңірегінде болмақ.
  • Негізгі бөлім
Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер?Оқушы: Сабырлылық адам бойына туа біткеннен даридыОқушы: Тәрбиелеу жолымен келеді.Мұғалім: Олай болса туа біткен дегендеріңіз бір топ, тәрбиеден дегендеріңіз екінші топқа бөліне қоялық. Енді ойымызды толықтырайық. Бүлдірген мен Күлдіргеннің бір-бірін мазақтауы.Ән. «Дос болайық бәріміз» Мұғалім:Сабырлы болу қиын деген пікірмен келіп отырған топқа сөз берейік.Оқушы: Адамның бір қасиеті – мінез деген. Қазіргі кезде адамдар тез ашуланшақ болып келеді. Егер адам ашуланшақ, ызақор болса, олардың сабырлы болуы қиын сияқты. Бұл менің ойым әрине.Оқушы: Мен де осы пікірге қосыламын. Қазір қай жерге барсақ та бір-бірінің сөзін көтермей, кез-келген нәрсеге ашуланып журген апаларымыз бен ағаларымызды көреміз. Ал, біздер соларға, яғни улкендерге қарап өсеміз, мінездерін қайталаймыз. Ондай адамдардың сабыр сақтауы қиынға соғады деп ойлаймын.Оқушы: Мен негізі адам өте сабырлы, салмақты, қарапайым болу керек деп ойлаймын. Неге сондай болуға ұмтылмасқа?Мұғалім: Ал енді сабырлы болу оңай, ол тек адамның өзіне байланысты деген пікірмен келіп отырған топқа сөз берейік.Оқушы: Мен үшін сабырлы болу қиын емес. Сабырлы болу адамның өзіне байланысты. Өзіңді өзің ұстай білу қажет. «Сабырлы болсаң, ісің де өнімді болады» деп анам үнемі айтып отырады. Мен өзім сабырлы болуға тырысамын.Мұғалім: Жақсы пікірлер айтып жатсыңдар. Сабырлылық жақсы қасиетке жататынын түсіндіңдер. Ал енді адамгершілікке жататын жақсы қасиеттер мен жатпайтын жаман қасиеттерді білесіңдер ме? Кім қаншалықты білетінін көрелік. (постер қорғау)Жақсы қасиеттер Жаман қасиеттерЖауаптары оқылады.Мұғалім: Адам бойындағы кездесетін қасиеттерді атап шықтық. Сабырлы болу - жақсы қасиет екенін түсіндік. Ал енді осы сабырлылық туралы мақал-мәтел білеміз бе?
  • «Ақыл – адам көрігі, Ақылдың сабыр серігі» М.Әуезов
  • «Сабырлының алдында дұшпан сасады, Сабырсыздан береке қашады» Б.Момышұлы
  • Адам сәні – даналық,
Даналық сәні – сабыр,Сабыр сәні – батырлық,Батырлық сәні – биязылық Үнді нақылыҮй тапсырмасы: Ойдан жазған өлең шумақтарын оқыту. Салған суреттері бойынша сөйлету.3.Қорытынды бөлімМұғалім: Міне, бүгінгі тақырыбымыз бойынша пікір алмасып, ой бөлісуіміздің қорытынды бөліміне де жеттік. Енді ойларыңды түйіндеп, қорытындылап жіберейік. Ол үшін әр топқа "Сабырлы", «Адамгершілік», «Ниет», «Болашақ» деген сөздерді беремін, сол сөздерді байланыстырып қорытынды сөздеріңді айтасыздар.Мұғалім: Рахмет, балалар. Енді осы тақырып бойынша мен де өзімнің қорытынды сөзімді айтайын. Ақ ниеттен теріс пиғыл тумайды, жақсы кісі жаманшылық қумайды. Сіздерге айтарым: сабырсыздық күйгелектікке, асығыстыққа соқтырады. Сондықтан да сабырлы болуға тырысыңдар. Сөзімді неміс философы И.Канттың сөздерімен қорытындылағым келеді.
  • Орынсыз өсек сөзге ермей, сөзді сақтана, салмақпен айт.
  • Әрқашан уәдеңе тұруға тырыс.
  • Ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол.
Бұл қасиеттерді өз бойыңнан ізде. Өйткені адам болу үшін адамдықты сақтау адамның санасына, мінезіне, ұстамдылығына байланысты.







Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп



















Тақырыбы: «Сабыр түбі – сары алтын»

Сыныбы: 4 «б»

Дайындаған: Ш.Қарағойшиева











2015-2016 оқу жылы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!