Материалдар / Сайыс сабақ "Информатика әлемінде"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сайыс сабақ "Информатика әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ 7 сыныптар арасында өтілді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2018
877
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қаласының №19 орта мектеп ММ










Информатика әлемінде

(Сайыс сабақ)









Орындаған: Хайруллаева Ф.А
















2017-2018
Тақырыбы: Информатика әлемінде
Информатика әлемінде сайысы 7 сынып оқушылары арасында жүргізіледі. Сайысқа бес оқушы қатысады.
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Қайырлы күн, ұстаздар, оқушылар! Информатика әлемінде сайыс сабағына қош келдіңіздер.

Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін, сайысымыз барлығы IV кезеңнен тұрады.

І кезең – Таныстыру. Бұл кезеңде әр топ басшылары өз тобын таныстырады.
І топ – Интернет тобы
ІІ топ – Programa тобы

“Ойлан тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде, сұрақтар беріледі. Әр топқа он сұрақтан беріледі, дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
I топ. “Интернет” 1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы.
2.Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал
3.Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды қалай атайды.
4.Paint графикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады?
5.Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды?
6.Берілген есептің шығару жолынреттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
7.“Кибернетиканың атасы” деп қай ғалымды атайды?
8.Integer сөзі қандай типті білдіреді?
9.Microsoft Word қандай редактор?
10. Компьютердің негізгі құрылғысы?


ІІ топ “Prigram”
1.Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі?
2.Графикалық редакторды табыңыз?
3.Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі.
4.Мәтіннің пішінін оның параметрлеріарқылы қою.
5.“Қосу машинасын” ойлап тапқан ғалым?
6.Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама.
7.Трансляторлар неше түрге бөлінеді?
8.Паскаль тілін ұсынған швейцариялық ғалым?
9.Графикалық файлдардың кеңейтілуі
10. С++ тілінде деректердің символдық типі?

IІІ кезең “Кім жылдам” бұл кезеңде, информатикаға қатысты бейнелер берілген. Солар арқылы дұрысын тауып және сол туралы ақпарат беру, әр дұрыс жауап бес ұпаймен бағаланады.

Билл Гейтс – компаниясының негізін қалаушысы
Ада Лавлейс – ағылшын математигі, тұңғыш бағдарламаушы. Өйткені ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш программа жазған.
Блез Паскаль – XVII ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі.
Марк І – алғашқы америкалық программаланатын компьютер, гарвардтық математик Эйкен Говард Хейзэвей және тағы төрт компания инженерлері Ч.бэббидж идеясы негізінде 1941 жылы жобалап жасап шығарылды.
Арифмометр – бөлу немесе көбейту және қосу мен азайту үшін арналған механикалық есептеу машинасы.
Әл-Хорезми – Орта ғасырлық Ұлы ғалым – математик, астроном, тарихшы, географ.
Чарльз Бэббидж – кембридж университетінің профессоры. Программалық басқарумен, арифметикалық және сақтау құралы бар гиганттық арифмометр – аналитикалық машина жобасын жасайды.

ІV кезең Құпия алаң бұл кезеңде, ұяшықтардың біреуін таңдап, астында жасырынған суретті табады. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!