Материалдар / Сайыс сабақ "Қысым барда, өмір тамаша!"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сайыс сабақ "Қысым барда, өмір тамаша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін жинақтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2022
253
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Қысқа мерзімді жоспар:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні:

Сыныбы: 7 Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қысым бар да, өмір тамаша!» атты ашық сабағы

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін жинақтау.


Сабақтың мақсаты

Білімділік: Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту.

Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Білім алушыларды алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен ізденіге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топқа бөлу, тапсырмалар беру, сын тұрғысынан ойлау, қызықты кроссовордтар мен ребустарды шешу, тақырыпқа сай есептер шығару, физикалық құрылғылармен танысу және сабақты қорытындылау.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

Проектор, интерактивті тақта, физикалық құрыл-жабдықтар, топ бойынша түрлі-түсті ленталар, таратпа материалдар, маркерлер, стикерлер.

Бағалау критерийі

Қысым тарауы туралы мағлұмат алады

Қысым тарауының формулаларына есептер шығара біледі.

Топта бірін – бірі бағалай алатын болады

Тілдік мақсаттар

Қысым туралы ауызша қортынды айта алады.

Физика терминдерін үш тілде айтады.

Лексика мен терминология

Force- күш, density – тығыздық, pressure – қысым, volume-көлем, atmosphere-атмосфера, barometer-барометр, mass - масса

Құндылықтарға баулу:

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Өмір бойы білімі алу ұлттық құрмет

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, математика, география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Атмосфералық қысым.Атмосфералық қысымды өлшеу туралы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

I-кезең. «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

II-кезең. «Біліміңді байқап көр»

III-кезең. «Зерделілер»

IV-кезең. «Кім жылдам»

V-кезең. «Ойлан тап»

VI-кезең. «Ойланайық ойлайық»

VII-кезең. «Қорытынды кезеңі»

Ресурстар

Сабақтың басы (3 мин)

Сабақты бастамас бұрын, ең алдымен оқышыларды 4 топқа бөлінеді. Топ аттары физиканың құралдарымен байланысты: динамометр, барометр, манометр және танометр. Әр топқа түрлі-түсті ленталар беріледі, манометр тобына сары түсті лента, барометр тобына қызыл түсті лента, динамометр тобыне жасыл лента және танометр тобына көк ленталардан табысталады.

Ал енді оқушылардан лента түсіне қарай тақтада көрсетілген түстер бойынша топтың аты жазылған нұсқаулық бойынша өз орындарына отырады.

Сабақты бастаймын. Оқушылармен амандасамын.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше форматта өткелі тұр, себебі сабағымыз сайыс сабақ түрінде өтеді. Сіздер өздеріңізді еркін ұстап сабаққа жақсы қатысуларыңызды сұраймын.

Бүгін «Қысым» тарауы бойынша сайыс сабақ өтілетін болады.

Барлықтарыңызды тақтаға назар салып отыруыңызды сұраймын. Сабақты бастамас бұрын осы ребусты шешейік:

Ребустың жауабы: «Сәттілік». Осы ребусты шеше отырып, оқушыларға осы сабақта сәттілік тілеймін.


Түрлі түсті ленталар

Сабақтың ортасы

(30 минут)

7 минут





















5 минут





























10 минут



















10 минут





4 минут

I кезең.«Білікті бірды жығады, білімді мыңды жығады» викториналық сұрақтар:

Бұл кезеңде экранда 12 ұяшық көрсетіледі, әр топ 3 ұяшықтан ашып ішіндегі сұраққа жауап бере отырып, әр дұрыс жауапқа 3 балл иеленеді.

Бағалау критерийі Білім алушы

  1. Қысымды өлшеуге арналған аспап (манометр)

  2. Түтікті манометрді кім ойлап тапты? (Бурдон)

  3. Адам қан айналымын өлшеу үшін қандай құралды пайдаланамыз? (танометр, сфигмоманометр)

  4. Ауаның қысымын анықтайтын құрал? (барометр)

  5. Қатынас ыдыстарға мысал келтір. (шәйнектер т.б.)

  6. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы неше болуы қажет? (110-120 мм.сын.бағ)

  7. 1 мм.сын.бағ. бұл - .... (133,3 Па)

  8. Атмофералық қысым бар екеніне тәжірибе жасаушы ғалымды ата? (Торричелли)

  9. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі қысымның өлшем бірлігі? (Паскаль)

  10. Алып жүруге ыңғайлы, қауіпсіз барометр - …. (Барометр-анероид)

  11. Дені сау адамның төменгі қан қысымы ... (70-80 мм.сын.бағ)

  12. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын F күшті .... деп атайды. (Архимед күші)


Әр дұрыс жауап 3 балл.

Дескриптор Білім алушы

- сұрақтарға жауап бере отырып өз білімін тексереді

- өткен сабақтарды қаншалықты жақсы меңгергенін ұғынады

- сұраққа дұрыс жауап бере отырып, қоржынына балл жинайды.


II кезең. «Біліміңді байқап көр»

Бұл кезеңде оқушылар физикалық шамалардың ағылшын тілінде жазылған атауларын және өлшем бірліктерін тауып сәйкестендіру қажет.

Бағалау критерийі Білім алушы

  • Физикалық шамалардың ағылшын тілінде атауларын анықтайды. Әр дұрыс жауапқа 2 балл.

Күш

armosphere

Қысым

mass

Көлем

pressure

Масса

force

Атмосфера

barometer

Барометр

Volume



III кезең. «Зерделілер»

Оқушыларға суретте көрсетілген 4 физикалық құрал беріледі. Олар соны сипаттап, атын айтып, онымен не өлшейтіні, не үшін қажет екенін айтады. (7 балл)


Дескриптор Білім алушы

-тәжірибе мақсатын анықтайды;

-тәжірибе нәтижесін сипаттайды


IV кезең. «Кім жылдам?!» 4 топқа әрқайсысына жеке есептер беріледі. Есепті дұрыс шығарған топтың қоржынына 7 балл.

1-топ. 30Н күш 0,6м2 ауданға біркелкі әсер етеді. Оның қысымы қандай?


2-топ. Тозағаштан жасалған суға батпайтын дөңгелектің көлемі 20 оның суға жартысы ғана бататын болса, оған әсер ететін күш қандай?


3-топ. Асфальт төсейтін каток жерге 400кПа қысым түсіреді, каток тірегінің ауданы . Катоктың салмағы неге тең?


4-топ. Суға көлемі болатын дене батырылған.Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы .



V кезең. «Ойлан тап» Электронды тақтада кроссворд көрсетіледі. Кроссворд шешіп, топтар өзара балл жинайды. Әр дұрыс жауапқа 2 балл





VI. «Ойланайық, ойлайық»

Бұл кезеңде оқушыларға аяқталмаған формулалар беріледі. Оқушылар нүктенің орнына қажетті физикалық шаманы қоюы қажет.

Барлығын дұрыс орындаған топқа (10 балл)


VII. Қорытынды. «Білім ағашы»

Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер беріледі. Олар стикерге сабақтың қалай өткенін қандай әсер алғанын жазып, білім ағашына жабыстырады.





Ұяшықтар, карточкалар






















Презентация арқылы жауаптарын тексеру













































Барометр, манометр, танометр, динамометр










Формулалар








Карточкалар









578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!