Материалдар / Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге тажирибе алмасуга керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2021
435
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы

58 орта мектептің

математика пәнінің мұғалімі

Бидалова Аманай Кездікқызы


Тақырыбы: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері.


Мақсаты: Сандар тізбегі және оның берілу тәсілдері туралы түсінік беру және олардың әр түрлі тәсілдерін меңгеру.


Күтілетін нәтиже: Оқушыларға сандар тізбегі туралы түсінуге, олардың берілу тәсілдерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік туғызу.


Игерілетін мазмұнның оқушы үшін маңызы: Сандар тізбегінің ерекшелігін түсіну, сандар тізбегінің түрлерінің маңызды екеніне көз жеткізу.


Сабақ құрылымы:

1. Ақпарат блогы (қысқаша АБ)

2. Логикалық тапсырмалар блогы(ЛТ блогы)

3. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы(ЖБЕА)

4. Интелектуалдық тренинг блогы (ИТ)

5. Күтілетін нәтиже блогы (КН)

Оқыту әдісі:

Проблемалық. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері қандай? Ал тізбектің түрлері қандай?


Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:

Белсенді танымдық (интерактивті)

Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру:

Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материялын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру. ЛТ блогындағы тапсырманы орындай отырып тақырып бойынша қорытынды шығарып теориялық білімін бекіту. ЖБЕА блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. ИТ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға ат салысу.


Оқушыда дағды қалыптастыру:


Тақырып түйіні берілетін қысқа тұжырымдар арқылы оқулық материалын бекіте отырып, осындай нұсқа сөздерді (слайт мәтінін) тұжырымдап үйрену, логикасы әр түрлі кестелермен жұмыс істей білу, олардың негізінде қорытынды жасай алу, өзін-өзі дамыту дағдылары-өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай сәттілік сәтіне ұмтылу, ұжымда жұмыс істеу дағдылары –ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы оны сынып алдында қорғай алуы.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Сандар тізбегі, тізбектің мүшесі, тізбектің берілу тәсілдері (аналитикалық тәсіл, баяндау, реккуренттік, графиктік), шекті және шексіз тізбек, өспелі және кемімелі тізбек, тұрақты тізбек.


Ақпарат көздері – оқулық А.Абылқасымова

есептер жинағы – А.Абылқасымова

дидактикалық материалдар – Ә.Шыныбеков

оқулық – Ә.Шыныбеков


Жоспары: 1. Сандар тізбегінің анықтамасы.

2. Сандар тізбегінің берілу тәсілдері.


DrawObject1

Анықтама. Натурал аргументті функция сандар тізбегі, ал тізбекті құрайтын сандарды тізбектің мүшелері деп атайды.

Тізбекті мүшелері сәйкес мүшелердің индексі (реттік нөмірі) көрсетілген әріппен белгіленеді:

a1, a2 ,a3, ......, an, ......

Берілген жазуда:

a1 саны - тізбектің бірінші мүшесі;

a2 саны - тізбектің екінші мүшесі;

a3 саны - тізбектің үшінші мүшесі;

...........................................................

an саны - тізбектің n мүшесі;

...........................................................

Мысалы, (2) тізбекте: a1 ═ 1, a4 , a15 , an .

Тізбекті қысқаша an f (n) немесе (an) түрінде жазылады.

2 DrawObject2 .














2.1

DrawObject3


2.2


Сандар тізбегінің аналитикалық тәсілі.

Егер тізбек, n-ші мүшесінің формуласы арқылы берілсе, онда ол аналитикалық тәсіл болып табылады.

2-мысал. an 2ⁿ. Берілген формула бойынша тізбектің кез келген мүшесін анықтауға болады.

Мысалы, егер n 3 болса, онда а3 23 8;

егер n 6 болса, онда а6 26 64;

егер n 8 болса, онда а8 28 256.

















2.3

Сандар тізбегінің рекурренттік тәсілі.

Кейбір жағдайлард тізбектің (n + 1)- ші мүшесі n-ші мүшесі арқылы есептелінетін формула түрінде беріледі. Бұл жағдайда тізбектің бір немесе бірнеше алғашқы мүшелері қосымша беріледі. Тізбектің осылай берілуі рекурренттік тәсіл деп аталады.

3-мысал. Тізбекті an +1=4an – 1 рекурренттік формула түрінде берілген және а1 1. тізбектің бесінші мүшесін табу керек.

Шешуі. а2 1 – 1= 4 ∙ 1 –1= 3,

a3 2 – 1= 4 ∙ 3 –1= 11,

а4 3 1= 4 ∙ 11 –1= 43,

а5 4 – 1= 4 ∙ 43 –1= 171.










2.4

Мысалы, нөлмен аяқталатын бүтін оң екітаңбалы сандар жиыны 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90

шекті тізбектер, ал 1, 2, 3, 4, 5, ..., n, ...

шексіз тізбек болып табылады.Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. Мысалы, 2, 2, 2, 2, 2, ..., 2, ...



DrawObject4

Кестені толтырып теориялық біліміңді жүйеле.



Сандар тізбегінің анықтамасы.



Баяндау тәсілі



Аналитикалық

және рекурренттік тәсіл



Графиктік тәсіл












Қорытынды_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





DrawObject5

Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей тапсырмалары

  1. Кітаппен жұмыс № 84 xn шекті тізбек берілген; 3, 0, -3, -6, -12. Оның бірінші, үшінші, алтыншы мүшелерін атаңдар.


  1. 86 (am) тізбегі an=3n-1 формуласымен берілген. a1, a2, a3 -ды табыңдар.


  1. 89 Тізбек 1) an=5n+2, 2) bn =n3-3 формуласымен берілген. Оның үшінші мүшесі неге тең?


формуласымен берілген тізбектің бірнеше алғашқы мүшелерін табыңдар.


2 деңгей тапсырмалар


  1. Кітаппен жұмыс № 154

DrawObject6

Тізбектің k-шы мүшесін өрнектейтін формуланы жазыңдар; а) натурал сандарға кері сандар; ә) 1; -1; 1; -1... .



  1. 155 Тізбектің k-шы мүшесінің формуласы белгілі. a2, a4, a7 -ні есептеңдер; a) ak=4+5(k-1); ә) ak =5∙2k-1.


  1. 158.Жалпы мүшесі а) 3∙2n-1; ә) ; б) формуласымен берілген,тізбектің бірнеше алғашқы мүшелерін есептеңдер.



3 деңгей тапсырмалар


1.Кітаппен жұмыс № 161


Бірнеше алғашқы мүшелері бойынша сандар тізбегін құрастыру ережесін анықтаңдар және тізбектің жалпы мүшесін мүмкіндігінше қарапайым формуламен көрсетіңдер; а) 2, , , ,...; ә) , , , ... .



DrawObject8 DrawObject7

«Топтық жұмыс»


1. Натурал сандар тізбегін жазып, оның формуласын жаз.

2. 3-ке бөлінетін сандар тізбегін құрастырып, формуласын жаз.

3. 5-ке бөлгенде 2 қалдық қалатын сандар тізбегін құрастырып формуласын жаз.


DrawObject9



DrawObject10 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы

ЭССЕ ЖАЗ: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





Үй жұмысы: № 86, 88, 91. Оқулықтан тақырыпты қайтала.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!