Материалдар / Сап және оның элементтері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сап және оның элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
АӘТД мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2019
1090
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-тарау. Саптық дайындық

2 сабақ. Тақырыбы: Сап және оның элементтері. Саптық тұрыс


Оқыту мақсаты

Оқушыларды ҚР ҚК саптық жарғысының жалпы ережелерімен таныстыру; сап және оның элементтері туралы түсінігін қалыптастыру; сапта өзін ұстау дағдыларын жаттықтыру.

Сабақтың міндеттері

Сап және оның элементтері үғымымен, сапқа тұрудың алдында сарбаздың міндеттерімен таныстыру; саптық жаттығу жасау техникасын орындау дағдысын дамыту; жинақылыққа, тәртіпке, ұйымшылдыққа, жолдастыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Нені білуі тиіс

Сап және оның элементтері ұғымдарын; сапқа тұрудың алдында және сапта тұрғанда сарбаздың міндеттерін; алдын ала берілетін және орындалатын командалар түсінігін; сапта тұрудың орындалу амалдарын білуі тиіс.

Нені үйренуі тиіс

Сапта командаларды және дара саптық жаттығу амалдарын дұрыс орындауды үйренуі тиіс.

Қарастырылатын тақырыптар

  1. Сап және оның элементтері.

  2. Алдын ала берілетін және орындалатын командалар.

  3. Әскери қызметшінің сапқа тұру алдындағы және сапта- ғы міндеттері.

  4. Саптық қалып.

  5. «САПҚА ТҰР», «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ЕРКІН ТҰР», «РЕТТЕЛ», «ТОҚТАТ», «Бас киімді» - ШЕШ», «Бас киімді - КИ» командаларын орындау.

Сабақты ұйымдастыру және жүргізу әдістемесі

Сабақты әскери қызметшілердің әскери дайындығында саптық дайындықтың алатын орнын түсіндіруден бастау керек. Саптық дайындық - әскери қызметшілерді үйрету мен тәрбиелеудегі ең маңызды пән. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы негізінде ұйымдастырылады және өткізіледі. Саптық дайындыққа қарумен және қарусыз жеке саптық тәсілдер, жаяу және машиналардағы іс-әрекеттер кезінде әскери бөлімшелерді үйлестіру, ұрыс даласындағы іс-қимылдардың әдістері кіреді. Бөлімшені сапқа тұрғызып, тәжірибе түрінде саптың барлық элементтерін реттілікпен көрсетіп түсіндірген абзал. Қажет болған кезде бөлімше қайта сапқа тұрады. Оқушылардың түсінгенін білу мақсатында сұрақтар қойған дұрыс.

Саптың элементтерін түсіндіріп болған соң, сапты басқару мәнісін түсіндіру керек.

Сапты басқару дауыстап, дабылдармен берілетін командалармен, жеке өзі орындап көрсету арқылы, сонымен қатар техникалық байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Оқушыларга команда алдын ала берілетін жопс орындалатын командалар болып бөлінетінін және тск қапп орындалатын командалар кездесуі мүмкін екендігін айту керек. Aлдын ала берілетін команда саптың назарын арггыру және дайындықты күшейту үшін беріледі. Орындалатын команда дереу және нақты орындау үшін беріледі. Мүны түсіндіру барысында командалар беріп, оларды орындау тәртібін көрсету қажет. Мысалы, оңға бүрылу үшін «Оң-ҒА» командасы беріледі. Бүл ретте «Оң» алдын ала берілетін, ал «ҒА» орындалатын команда. Әрекетті болдырмау неме- се доғару керек болса, «ТОҚТАТ» командасы беріледі. Осы команда бойынша тәсіл орындамастан бүрынғы қалып қайта қабылданады.

Сапқа тұру үшін «САПҚА Т¥Р» командасы, оның алдындп «Бөлімше, бір қатарға - Т¥Р» командасы беріледі.

Мұғалім оқушыларды сапқа тұрудың алдында және сапта сарбаздың міндеттерімен таныстырып, олардың орын- далу тәртібін түсіндіреді, керек болса көрсетеді. Саптық қалыпты үйрету үшін взводты бір қатарға тұрғызады, сап гың ортасына шығып, саптық қалыпты қалай ұстау керек екенін көрсетеді, оқушыларды олардың элементтерімен танысгы рады. Мұғалім көрсетіп жатқанда, оқушылар оны алдыпан және жанынан көруі қажет.

Көрсетіп болғаннан кейін мұғалім взводты тарқатып, дайындық жаттығуларының көмегімен элемент бойынша саптық қалыпты көрсетуге және қайталауға кіріседі.

Алғашқы дайындық жаттығуы - аяқ ұштарын маңдайшсіі сызығында табан еніндей алшақтатып түзеу. Бұл жаттыіу «Аяқ ұшын қос, жаса - БІР, аяқ ұшын ашып, жаса ЕКІ» командасымен жасалады.

Мұғалім команда беру кезінде аяқ ұштарын ажырату енін қадағалап, қателерін көрсетіп, барлық оқушылардан жаттығудың дұрыс орындалуын талап етеді.

Екінші дайындық жаттығуы - кеудені шамалы көтсріп, денені біршама алға ұстау, ішті тарту, иықтарды артқа жазу, саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру.

Бұл жаттығуды орындау үшін терең дем алып, осы жағдайда кеудені ұстап тұру, демді шығарып, кеуде көтеріңкі жағдайда дсм алуды жалғастыру.

Кеудені көтеріп, дененің корпусын алға қарай сәл еңкейітіп, ішті тартып, иықтарын жазу керек. Бұл кезде алақан ішке қаратылатындай етіп, бүйірінің ортасында болатындай қол төмен қарай тусіріледі, ал саусақтар жартылай бүгулі ж.эне жамбасқа жапасатындай болуы ксрек. Дснс корпусының алға қарай сәл енкеюінің дұрыстыгын тексеру үшін аяқгың ұшына тұрып, дененің қалпын өзгертпей, табанды толық басу керек. Кеудені көтеріп, дененің корпусын сәл алға қарай еңкейту қажет және ішті ішке қарай тарту керек, ал иығын жазу керек.

Бұл жаттығу «Кеудені көтеріп, ішті тартып, иықты жазып, дененің корпусын алға еңкейту, жаса - БІР, бастапқы қалыпқа оралу, жаса - ЕКІ» командасымен орындалады.

Дайындық жаттығуларын орындап болған соң, мұғалім саптық қалыптың барлық элементтерін жаттықтыруға кіріседі, ол үшін «САПҚА ТҰР», «ТІК Т¥Р» немесе басқа ко- мандаларды береді, мысалы, «Екі адым алға (артқа), қадам - БАС», «Оқушы Ыбыраев, адым алға, қадам - БАС» және т. б.

Оқушылар саптық қалыпқа тұруды үйренген соң, мұғалім оларға «ТҮЗЕЛ», «ЕРКІН ТҰР» және «РЕТТЕЛ» команда- ларын орындауды үйретеді. «РЕТТЕЛ» командасын берудің алдында әрқашан «ЕРКІН ТҰР» командасын беру қажет.

Көрсетуді және түсіндіруді аяқтаған соң, мұғалім үйретуді бастайды. Осы мақсатта «Бөлімше - ТАРАНДАР», «Бөлімше бір қатарға - ТҰР», «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «ЕРКІН ТҰР», «РЕТТЕЛ» және т. б. командаларын бере отырып, түрлі сап құрады. Осы кезде оқушылардың әрекеттерін бақылап, қателерін көрсетіп, жаттығулардың дұрыс орындалуын талап етеді.

Осыдан кейін мұғалім «Бас киімді - ШЕШ», «Бас киімді - КИ» амалдарын жаттықтыруға кіріседі. Шешкен бас киімді сол қолды шынтақта бүгіп, кокардасын алға қаратып ұстап тұру керек.

Содан соң жаттығуларды толық орындауға кіріседі. Мұғалім оқушылардың әрекеттерін бақылайды, қателіктерін көрсетіп, барлық оқушылардан бұйрықты дұрыс орындауын талап етеді.


Рефлексия

«Эмоциялық күйді бағалау» тәсілі. Оқушылар ұсынылған нүсқалардың ішінен сабақтан алған көңіл күйге байланысты біреуін тандайды:

  • шаршадым;

  • шаршаған жоқпын;

  • материалды үқтым;

  • ұқпадым;

  • тырыстым;

  • тырыспадым;

  • шабытқа кенелдім;

  • жабырқадым;

  • мен бүгін табысқа кенелдім;

  • менің қолымнан келмеді.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!