Материалдар / Сапасын бағалау негізінде балалардың танымдық дағдыларын дамытуға арналған заттық кеңістік дамытушы орта
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сапасын бағалау негізінде балалардың танымдық дағдыларын дамытуға арналған заттық кеңістік дамытушы орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін, бала бойындағы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне мектепке дейінгі тәрбиенің тигізер әсері зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2021
2024
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоба

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін

саусақ театры арқылы дамыту»

Жобаның өзектілігі :

Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазақ халқының өнер жұлдыздарының бірі Ш. Айманов «Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»-деген болатын.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.


Мақсаты:

Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.


Міндеттері:

- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;

- сөздік қорларын байыту;

- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;

- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;

- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;


Алдын-ала жасалатын жұмыстар :

- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;

- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)

- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.


Жоба жұмысының нәтижесі:

Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:

- балалар тілі дамиды;

- сөздік қорлары толығады;

- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;

- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;

- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.

Жобаның түрі:

Тілдік қарым-қатынас, ойын, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сахналау


Жобаның уақыты:

Ұзақ мерзімді: ( 5 ай)


Жобаға қатысушылар:

Мектепке дейінгі мекемедегі ортаңғы топ тәрбиеленушілері,

педагогтар, ата-аналар.


Балалар театрының бірнеше түрлері бар:


Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры


Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.

Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды – маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолмен қуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігігіндей болады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде. Үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалрдың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.


Саусақ театрында


саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.




Үстел үстіндегі театры

Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды);

·ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымково ойыншықтары).



 Суреттер (картиналар) театры

-Декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.


 ·Стенд-кітапша театры

-Бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсеттеді (оқиғалар, кездесулер ).


 ·Фланелеграф театры

-Суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.


 ·Трафарет театры

-Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.

 ·

Көлеңкелі театр

-Жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсеттеді. Көлеңке театрдың сақанасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жуқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады.



Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы:

5 бөлімнен тұрады.


  1. Театрландырылған ойын.

Кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді:дамытушылық,әсемділік, театрлық.


  1. Ырғақты-иілгішті (ритмопластика)

бұған кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.


3.Сөз мәдениеті және техникасы.

Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.

Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
а/  тынысалу және артикуляциялық,
ә/  дикциялық және интонациялық,
б/  сөздермен шығармашылық ойындар.


  1. Театр мәдениеті:

Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.


  1. Қойылыммен жұмыс

жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар,қойылыммен таныстыруқойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру. Дайындық
Қойылымды сахналау.









Ойынның жіктелу түрлері: драматизация және режиссерлық

 болып екіге бөлінеді.

  1. Драматизациялық ойында бала – артист, интоноция, мимика, пантомима арқылы өз бетімен бейне жасайды, өзіндік әрекет етіп рөлді ойнайды. Бұрыннан жасалған саханалық қойылымда бала ойын – драматизациясында қандай бір сюжетте ойнайды.

Ойын драматизациясы көрерменсіз музыкалық сипаттағы орындау болады.
Драматизация түрлері: жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны; мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар; шығармашылық көрсетілім; бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойлым қою.



  1. Режиссерлық ойында балалар әрекет етуші бейне болмайды, өзі режиссер және сахна қоюшы рөлінде ойнайды, ойыншықтардың орынында болады. Мұнда бала қозғалмайтын пішіндер және ойыншықтармен әрекет етеді, сондықтан ойында интонация мен мимика ерекше орын алады.


Жобаның жетістігі:


Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке,демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер, педагогтар үшін үлкен табыс.


Қорытынды:


Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.

Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше. Театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал етеді.




Жобаны іске асырудың жұмыс жоспары



Жұмыс мазмұны



Мерзімі


1


Жоба жұмысын әдістемелік

кеңесте бекіту

Түсініктеме



Қыркүйек



2


Кеңес:

Тақырыбы:

Мектеп жасындағы дейінгі

балалардың тілін театр

арқылы дамыту.




Қазан


3


Ата-аналарға арналған ақпарат

« Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту»




Қараша


4


Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй құстары




Желтоқсан

5.


Саусақ театры арқылы сахналау

«Әтеш пен тоты құс» ертегісі


Қаңтар

6.


Саусақ театры

«Шалқан» ертегісі



Ақпан

7.


Жек жұмыс қол моторикасын дамытатын санамақтар



Наурыз

8.


Мектеп жасындағы дейінгі балалардың тілін театрарқылы дамыту.

Қорытынды жасау



Сәуір




Түсініктеме

Театр өнерін

                                                                         туғызатын жайлы топырақ, қолайлы шарт

                                                                         елдің өз денесінен шыққан.»

                                                                                                              Мұхтар Әуезов

 

Мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үрдісте ойынның рөлі ерекше екендігі белгілі. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс әрекеті ойын болып табылады.

Бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ал ойынның өзі бірнеше түрде бөлінеді: дидиактикалық, қимылдық, сюжеттік т.б. ойын мазмұны жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта да дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі. Сәбилерге де, ересектерге де арналған ойындар бар, олар адам өмірінің әр кезеңін қамтиды. Ойын тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады. Әртістердің сахнада өнер көрсетуі- ол да ойынның бір түрі. Ал адамдар театырға барып спектакль көріп, одан рухани ләззат ала отырып, жағымды, жағымсыз бейнелерді талқылайды. Театр – тәрбие ошағы.

Десек те, театырлық ойындырдың мәнін әлі де аша алмай келеміз. Өйткені бүгінгі таңда республика көлеміндегі балабақшаларда театырлық ойындарға деген сұраныс болғанымен, нақты әдістемелік нұсқау жоқ. Міне, тақырыбымның да сонылығы, көкейтестілігі де осында.

            Театр – балаларға түсінікті өнер түрі, ол қазіргі педагогика мен психологиядағы:

  • эстетикалық талғамын қалыптастыруға;

  • адамгершілік тәрбиесіне;

  • тұлғаның коммуникативті сапасын дамытуға (қарым- қатынастың түрлерін үйрету);

  • ерік- жігерін тәрбиелеп, ес, қиял, тілін (диалог және монолог) дамытуға мүмкіндік береді.

Ең бастысы, театр баланың рухани және шығармашылық қарымын ашады және оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне шынайы мүмкіндік береді.

            Театрлық ойын – мектепке дейінгі балалар ойының бірі бола отырып, адамгершілік мәндегі әдеби не фольклорлық шығармаларды түсіндіру және осы ойынға қатыстыру барысындағы әлеуметтендірудің тиімді құралы болып табылады. Бұл ойын ұжымдық сипатта болады және жағымды өзара әрекет тәсілдерін меңгеруге, достық, жолдастық сезімдерін дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Театрлық ойындарда эмоциональдық дамуы жүзеге асады: балалар кейіпкердің сезімі, көңіл күйімен танысады, олардың сыртқы келбетін сипаттай отырып, себебін түсінеді. Тіл дамыту үшін де (диалогты және монологты сөйлеуді қалыптастыру, көркем мәнерлі тілін жетілдіру) театрлық ойындардың маңызы зор. Ақырында театрлық ойындар баланың өзін танып көрсету және өз қабілетін іске асыру құралы болып табылады.


Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын саханалау болып табылады.Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады.Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуда үйренеді.
Үстел үстіндегі театры-сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелд

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!