Материалдар / Сауат ашу негіздері. ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі. Мектепалды даярлық сынып.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сауат ашу негіздері. ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі. Мектепалды даярлық сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу негіздері. ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі. Мектепалды даярлық сынып.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
477
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сауат ашу негіздері

3-тарау Менің айналамда кімдер бар?

ТАҚЫРЫБЫ: Менің отбасым. У дыбысы мен əрпі

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын жəне орналасу ретін анықтау

0.1.3.1. Сұраққа жауап бере отырып, У дыбысы жəне əрпімен танысады. 0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

  • Сурет бойынша сұраққа жауап береді. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. У дыбысы – кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбыс. У дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі у дыбысының орнын ажыратады. У əрпінің баспа түрін жазады

  • Көпшілік тəрбиеленушілер:

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы у дыбысының орнын ажыратады. У дыбысына сөз ойлайды. У дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазады.

  • Кейбір тəрбиеленушілер: Сурет бойынша əңгіме құрайды, өз ойын толық жеткізеді. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. У дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Отбасы ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары:

  • Отбасы мүшелерінің есімдерінен

  • У дыбысын ізде.

  • Бұл отбасында кім үлкен, кім кіші?

  • Өз отбасыңда сенен кім үлкен?

  • Таяқшаны қалай пайдаланасың?

Өткен ҰОҚдан алған білім

Отбасы туралы əңгімелейді. Таныс əріптерді тауып, сөз, сөйлем құрайды. Сөздерді буынға бөледі?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин.







II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Кəне, балалар барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!

Ата-анам ауырмасын! – Үлкендерді сыйлайық! – Анамызды ардайық!

(Ұ) «Отбасым – берекем!» қимылды ойынын ойнату. Барлық балалар шеңбер жасап тұрады. Белгі берумен отбасы мүшелерін айтып, бір қолымен екінші қолының саусақтарын бір-бірлеп жұмады. Егер саусақтары жетпей қалса, артқа қарай адымдап, қалған отбасыларын атайды. Көп адымдаған балаға «Үлкен отбасы» деген атақ беріледі. Ол бала қалған балаларды бақылаушы болады.


ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин.

Тапсырма орындамас бұрын балаларға жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын туыс бес адам.

Үш əріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан.

Бəрі де өз жұртың

Айтады, кəне, кім атын?

(Ана, апа, аға, іні, ата).

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма.

- Балалар жұмбақтың жауабында аталған отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысы естіле ме?

- Қайталап айтайықшы!

1.Отбасы мүшелерінің есімдерінен У дыбысын ізде.

Суретте берілген отбасы мүшелері туралы əңгімелеу.

Отбасы мүшелерінің атауларының сызбасына қарап буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Отбасы мүшелерінің үлкенін, кішісін анықтайды.

Балалар өз отбасылары туралы əңгіме құрайды. 2-тапсырма.

Өлең жолдарын оқып береді. Балалар мұқият тыңдап, естеріне сақтайды. Балаларға үлкендерді сыйлау, олардың тілін алу, үлкендердің жолын кеспеу туралы əңгімелеп береді.

У – бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс. - - У дыбысының дауысты дыбыстан кейін тұрса, дауыссыз болатынын, көк түсті дөңгелекпен, ал дауыссыз дыбыстан кейін естілсе, дауысты болып, қызыл түсті дөңгелекпен белгілейтіндерін айтып түсіндіру.. - Тау, су сөздерінің дыбыстық талдау жасайды. Сөздің неше буыннан тұрғанын айтады. У дыбысының мұнда дауыссыз дыбысының рөлін атқарып тұрғанын біледі. «Су» сөзін қайталап, дыбыстық талдау жасады. Су сөзінде У дыбысының дауысты дыбыс рөлін атқарып тұрғанын біледі.

3-тапсырма. У əрпімен танысайық. Күз бейнеленген суретке қарап отырып, балалар күз мезгілі тұралы əңгімелеседі. Күз мезгілінде жапырақтар түсіп ағаштардың бұтақтары көрініп тұрғанын байқайды. У əрпінің суретін көрсетіп, бұтақтың суретіне назар аудартып, ұқсастықты айту. Балалар бұтақты саусақ ұшымен бастыра салып, сосын ауада салып көрсетету.

Өлең жолдарын қайталау.

Балалар өлең жолын қайталай отырып, у дыбысының анық айтылуына жаттығу жасатады.

(Ұ) Сергіту сəті

Шеңбер болып тұрамыз,

Керегені құрамыз,

Уықтарды көтеріп,

Шаңыраққа тірейміз.

Жоғары біздің шаңырақ,

Күн сəулесін шашады.

Киіз үйде жиналып.

5-тапсырма

Балаларға У дыбысын жасау үшін таяқшаларды қолдануға болатынын айту. Балаларға ой тастау. Балалар У дыбысының бейнесіне қарап отырып, өздеріне қанша таяқша керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі. У əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер







У әрпіне байланысты суреттер.







Кеспе әріптер, текшелер.

«Отбасы» тақырыбына аранлған сурет

















Сөздердің сызбасы жазылған плакат.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин

Балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қызығушылықтарын талқылап, мадақтау.

Оқу қызметін қорытындылау.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайлик арқылы бағалайды.

Смайликтер



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!