Материалдар / сценарий Квест ойыны «Кітаппен серуен»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

сценарий Квест ойыны «Кітаппен серуен»

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыға сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2020
14236
31 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Приурал мектеп – балабақша кешені» КММ















Квест ойыны «Кітаппен серуен»

(аудандық семинар)




















Кітапханашы:Мендешова А.Ж.



2020ж.

Квест ойыны «Кітаппен серуен»



Қатысушылар: Мектеп кітапханашылары


Барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі:

Армысыздар, құрметті әріптестер! Бүгінгі «Идея біріктіріп, тәжірибе жетілдіреміз» Білім беру ұйымдарында тәрбие бағытында Назарбаев Зияткерлік Мектебінің жобаларын квест ойыны түрінде ұйымдастырамыз.



Мақсаты:Бірлескен командалар құру арқылы ұйымшылдыққа, өзара бірлікке оқыту, көшбасшылық қасиеттерді, өзара қолдау мен ынтымақтастықты дамыту, позитивті өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, креативті ойлауға, шешімдерді қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу.

ІІ.Негізгі бөлім.

  • Салематсыздар ма, әріптестер! Бүгінгі шаралар бұган дейінгі өткен шаралардан өзгеше, квест ойыны түрде өткелі тұр. Яғни, көріп отырғандарыңыз түрлі станцияларда тапсырмаларды орындап, балл жинайсыздар.

Тапсырма: Бірінщі болған команда тапсырманы алып, келесі станцияларға өте береді.

3 топ маршрут парағы бойынша станциялардағы түрлі тапсырмаларды орындайды.


Станция атауы

Әділ қазылар

«Қазақтың 100 әні жобасы»


100 кітап жобасы


Абай өлеңдері


Құжаттарды дұрыс толтыр


«Біз бір отбасы»

Кітаптардан инсталяция құрастыру





Топтар маршрут парағы бойынша станцияларда жүріп өтеді.

1.«Қазақтың 100 әні жобасы» станциясы. Қатысушылар бір әнді тыңдап, авторын анықтайды. Төрт шумағын жазып, караокемен қосылып әнді шырқайды. Уақыты – 7 минут.( әннің авторын тапса 2 балл, төрт шумағы -4 балл, топпен орындауы – 4 балл \ бір шумағы мен қайырмасы\)


Әннің атауы


Әннің авторы



Әннің мәтіні







2. 100 кітап жобасы . Бұл қай кітап?

«Көп оқу» деген том-том кітаптарды оқып тауысу емес, бір кітапты көп оқып, әр қырынан ашу. Біз ұсынған кітапты оқыған болсаңыз, алғашқы сөйлемін көргеннен танисыз деп ойлаймыз. Ал, байқап көріңіз?

1.Бірде, алты жастағы кезімде жабайы орман туралы бастан кешкен оқиғалар деп аталатын кітаптан ғажайып бір сурет көрдім

A) Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада»

Ә)Мұзафар Әлімбаев «Орман оқиғалары»

Б)Роза Хұснутдинова «Алпамыс мектепке барады»

2. Ол кезде жасы он сегізге толар -толмас уылжыған қыз еді

А)Шыңғыс Айтматов «Жәмила»

Ә)Дулат Исабеков «Қарғын»

Б)Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»

3.Атымды айта бастасамтілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады

А)Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа»

Ә)Әзиз Несин «Түрік сатирасы»

Б)Ғарифолла Есім «Есімдер құпиясы»

4. "Журналист атым болған соң Тянь - Шаньға жиі -жиі барып тұратын едім.

А) Оралхан Бөкей «Ардақ»

Ә)О.Сәрсенбай «Шеңбер»

Б)Шыңғыс Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің»

5.Он сегізден тірі қалған үшеу туралы орыс әні көпке мәлім

А)Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары»

Ә)Мариям Жагорқызы «Дударай»

Б)Ілияс Есенберлин «Адам туралы ән»
6.Ажал үстімдігіңді жүргізудің ең биік құралы емес пе?

А)Ілияс Есенберлин «Алмас қылыш»

Ә)Ілияс Есенберлин «Алтын орда»

Б)Ілияс Есенберлин «Жанталас»

7. Бурабай көлінің нақ жар қабағына салынған, бір бөлмелі кішкене қарағай үйдің терезесінің алдындағы айнаға түрегеп қарап тұрып, иығынан аз-ақ төмен түсетін, толқынды бұйра қара шашын сүйріктей саусағымен біресе иығына, біресе алдына түсіріп желпіп, өз шашымен өзі ойнады.

А)Ғарифолла Есім «Таңсұлу»

Ә)Шыңғыс Айтматов «Жәмилә»

Б)Сәбит Мұқанов «Ботагөз»

8. Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды.

А) Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

Ә)Баққожа Мұқай «Өмірзая»

Б) Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім»

9.Суретшінің шеберханасы раушан гүлдерінің хош иісіне тұнып тұр.

А)Эрнест Хемингуэй «Қызығы мол сол жылдар»

Ә)Максим Горький «Жас Италия»

Б)Оскар Уайльд «Дориан Грейдің портреті»

10. Біздің психиатриялық аурухана қаланың батыс жағында, ернеуіне тас қалаған шағын өзеннің жиегінде болатын.

А)Төлен Әбдіков «Оң қол»

Ә)Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

Б)Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»


3. Құжаттарды дұрыс толтыр

Берілген жөнелтпе құжатты жиынтық есеп кітапшасына дұрыс толтыру керек


4.Абай өлеңдері

Абай өлеңдерін жалғастыр яғни өлең жолдарының бір қатарын жазда ары қарай жалғастыр.

....................., тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, .........................................

Еңбегін мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен .....................,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

..........................бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, ...............................,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін ..............................,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме.

Көмекші сөздер: түбін көзде, құлай берме, өзіңді алып шығар , әуре етпе,сенбе жұртқа ,жұртпен.



Абайдың Көзімнің қарасы әнің 2тілде қазақша және орысша айтып беріңіздер

1)Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы,

Бітпейді ішімде,

Ғашықтың жарасы.

2)Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы.

Бар демес сендей бір,

Адамның баласы.

3)Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде,

Қалқама сөз дайын.

4)Жүректең қозғайын,

Әдептең озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

Орысшасы

1)Ты – зрачок глаз моих,

Пламень душ золотых,

Сердцу мук не избыть,

И не скрыться от них.

2)Весь в слезах я брожу,

И тоской исхожу,

Жемчуг слов дорогих,

Для тебя нахожу.

3)Яркий рот,словно мед,

Блеск зубов,словно лед,

Потерял я покой,

Взгляд живой сердце жжет.

4)Ты грустна – даль темна,

Ты ясна – мне весна ,

Смех твой – звон соловья,

Вся душа им полна

Алғаш бастаған кабинетке келіп жасырынған конверт қағазды табады. Сол топқа 10 балл қосылады және тосын сый иеленеді.


5. «Біз бір отбасы жобасы» станциясы. Кітаптардан инсталяция құрастыру


Рефлексия:

Құрметті әрістептер, қазір сіздерге он сөз айтамын, тыңдалым әдісі бойыншаесте сақтап, қолдарыңыздағы телефонға смс қалдырыңыздар.

Сөздер:мәңгілік ел, шаңырақ, жоба, ән, топ, уақыт, ғаламтор, мектеп, мемлекет, іс-тәжірибе.

Аталған сөздерді қатыстыра отырып, бүгінгі өткізілген шара туралы өз ойларыңызбен бөліссеңіздер (кері байланыс).

Қорытынды.

Сарапшылар балл сандарын есептеп қорытындылайды. Марапаттау.


















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!