×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Сценарий Мұзафар Әлімбаев 95жаста

Автор:Серикбаева Гулим Дауытжановна
Бағыты: Кітапханашылар
Бөлімі: Ойындар, Сценарийлер
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-04-22

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

кітапханашыларға, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімдеріне

Мұзафар Әлімбаев – 95 жаста.
Дайындаған: Серикбаева Гулим Дауытжановна.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Егіндібұлақ жалпы орта білім беру мектебі КММ
Жүргізуші:Тумайды жұртын ақын жылатуға,Туады жүректерді нұрлатуға,Өлеңін орамал ғып өтеді оларКөз жасын адамзаттың құрғатуға.Айнымас ол — әділдік баласы да,Қыңбайды күншілдердің табасынаЖүрегін көпір етіп төсейді ақын:“Жетсін, — деп, — жұртым бақыт жағасына!”Шығандап шың басына шығады өнер.Шын ақын екі туып, бір-ақ өлер.Алдында әр заманның, әр ұрпақтыңҚұламай тіккен туы тұра берер. ( Ақын өлеңінен)
Жүргізуші: Қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым! “Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы”,-дейді көркем ойдың кемеңгері Абай. Жан — дүние құбылысы іші алтын, сырты күміс өлең сөз тіршілігі Ақындық қасиет, ақындық парасат алаңсыз, албырт, алқынбай, аптықпай, өз тірлігін, өз тынысын жалғай береді екен-ау. Өлең — ақыл суаты мен сезім қуатының тоғысқан жері
Жүргізуші: Бүгін біздер, өткен ғасырдың сонау қырқыншы жылдары Ертіс жағалауынан арман-қиялы ақ қарды Алатау жаққа шарқ ұрған, ал бүгінде Алатаудан да асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келе жатқан мұздыбалақ атақыран ақынымыз Мұзафар Әлімбай әлемі хақында ой бөлісеміз. халқымыздың елеулі ұлы тұлғаларының бірі, ел-жұртымыз сырттай балалар әдебиетінің классигі атандырған қазақтың аса көрнекті ақыны Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95- жыл толып отыр.
Жүргізуші: 1923 жылы 29-қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды атырабының Қызылағаш ауылында дүниеге келген. Сегіз жасында әкеден, он үш жасында шешеден айырылды. Әке қайымына кенеле алмады, ана мейіріміне қанбай қалды. Әке мен шеше жақсылықтары жайында өзіндей аз жазған жазушы жоқтай көрінетін. Жетімдік -қиын тағдыр. Бірақ, Мұзафар қанша қиындық көрсе де мойымаған. Тағдыр тәлкегіне төзу үшін тек өзіңнің халіңді ғана емес, өзгелер жайын да ойлай білу керек екенін түсінді. Дүниеге жаратушы жақсыларын тірісінде піріндей көрмейтін кей ұл-қыздың астам парықсыздығына, ұлылардың ұрпақтарының ата-ана өнегесінен өндіре сөйлеп — жазуға құлықсыз — қабілетсіз келетініне қатты күйінеді.

Жүргізуші: Мұзафар Әлімбаевтың туған жері Маралдыға арнап жазған өлеңі Әсет Бейсеуовтың әні Маралдым.
Орындайтын мектебіміздің тәлімгері Сәулетұлы Ерғанат.
Жүргізуші:
Жалаң аяқ, жалаң бас балалық шақ!Балғын жылдар! Сағынып жаям құшақ.Ақ шыбықты ат қылып шапқылағанАнау бала кетті ғой маған ұқсап
Аға тұтып, еркелеп, жанайсың да,Ақ шашымды сипайсың, аяйсың ба?!Осы қалай төзген,-деп,-талай сынға!,қырық беске қызғана қарайсың ба?!Кел, Волгаға міне ғой асығалық!Мойнына апамның кеп асылалық.(Бала жылдармен сырласу)

Ақынның 1983 жылы оқырмандарымен кездесудегі бейне материалына назар аударыңыздар.
(Видео. Алтын қор. Мұзафар Әлімбаевпен кездесу. 1983ж )
Жүргізуші: Ауыл мектебінен соң педагогикалық училище қабырғасында мұғалімдік мұратын жани бастағанда соғыс өрті лап етті. Он сегіздегі өрім жас өз қалауымен сұранып майданға аттанды.Жеңіл ойды ауырлатты қатал күн.Жас болса да, тебіренбей жатар кім?Жас иыққа бар тағдыры ОтанныңТүсті келіп, мен де солдат атандым.
Туған еді бізді анамыз балғын қып,Жорықтарда өкшемізді алдырдық.Төзбегенде шар болат, біз шыдадықӨзіміздің күшті сонда сынадық! (Менің жастық жылдарым)
Жүргізуші: Соғыста қаза тапқан досын жырлау арқылы майдан ақиқатын да өлеңге айналдырды.
Ақынның 1983 жылы оқырмандарымен кездесудегі бейне материалына назар аударыңыздар.
(Видео. Алтын қор. Мұзафар Әлімбаевпен кездесу. 1983ж )

Жүргізуші: Сегіз жылға жуық уақыт әскер сапынан босай алмады. Әдеби талабының, ақындық талантының арқасында ғана Қазақстан өкіметінің шақыртуымен 1948 жылы елге оралады. Демек, Мұзафар — өрттен шыққан ақын. Сондықтан болар, ол жалындап жанып тұрады: сөзі оқтың тіліндей шолақ, ойын шорт үзіп келте қайыратын ақын.Шығармашылық толғану, толассыз іздену арқасында соғыстан кейінгі жылдары Мұзафар жас ақындарымыздың алдыңғы буынына келіп қосылады. Нақтылық, ойлылық, жинақылық — Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі.
М.Әлімбайдың тұңғыш өлеңі Ана1939 жылы облыстық “Қызыл ту” газетінде басылған. Олай болса анасы Зейнепке арналған Ана өлеңін тыңдап көресек.

Ән Ана туралы. (Видео. Алтын қор. Мұзафар Әлімбаевпен кездесу. 1983ж )

Жүргізуші: Мұзафар Әлімбаев- ақын. Ақын болғанда да, айтулы ақын. Сөзі ән боп тараған ақын. Ақын аталарыңның Он саусақ, Менің папам тәрізді өздеріңе арналған әндерден бастап, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі азалы жылдардағы Соғыстан соңғы ән, Наз, Туған елдің ыстығы-ай, Сүйген болсаң, сағынарсың, Той басталды, Қыз ұзату әні, Туған ел туралы толғаныс, Алматым - әсем Астанам ән -өлеңдері көпке танымал. Ән сөзін жазушы ақын тұрғысында Мұзафар Әлімбаевтың есімін асқақтатқан өлеңдер – Ақмаңдайлым, Ақсұңқарым, Маралдым әндері болды. Бұл үш ән сөзі Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуовтердей халқымыздың аса дарынды сазгерлерінің жүрек түкпірінен төгілген керемет әуендерімен жымдаса өрілген. Бұл әндерді заманында бүкіл қазақ шырқайтын, бұлар барша тойдың ажарын алып, сахналардың сәні болған-ды. Талай әншілердің бағын ашып, елге танытқанды. Бұларда ән де, сөз де мөлдірей төгіліп, еш сызатсыз, табиғатпен астаса, бұлақ сылдыры, құс үні араласа, сезім пернелері лүпіл қағады.


Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, адам айтуға ықыласты, кісі тыңдауға пейіл мұндай әндер саны 350 екен. Бір Мұзафар Әлімбаевтың өлеңіне жазылған әндердің өзі ғана апталап шырқауға, әлденеше ән кешіне жетерлік.
Жүргізуші: Мұзафар атамыздың шығармашылығы жөнінде сіздерге қысқаша мағұлмат беруге мектеп кітапханашысы Жүсіпбаева Әсем Қанатқызын ортаға шақырамыз.
Мұзафар Әлімбаев шығармашылығына арналып бұрыш дайындалады.
Кітапханашы: Қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті қайраткері Мұзафар Әлімбаев - сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер. Алпыс жылдан астам уақыт әдебиет майданында жемісті еңбек етіп келе жатқан ол – айтулы ақын, парасатты публицист, майталман аудармашы, әдебиет зерттеушісі, сыншы, ән - өлеңші, педагог жазушы, балалар әдебиетінің ұясын ұйымдастырушылардың бірі. Ұстаздыққа бейім әрі балажанды мінез қазақтың жас жеткіншектерінің тілін сындырып-ұстартатын, туған тілімізге деген құрмет-құштарлығын арттыратын тәрбиелік бір басылым — құрал керегі туралы іштей ойлап, толғанып жүретін. Арманына 1958 жылы қолы жетті, шуақты шілдеде дүниеге келген Балдырған балалар журналы республика бүлдіршіндерінің – бірнеше буын ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты — ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. Балдырған басылымының өзгелерге ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті.
Алғашқы кітабы 29 жасында жарық көрді. Алайда аз ұйықтап, азапты көбірек шексең, қалам сыбағасын толтыруға әбден болады екен. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы (поэзия, әдеби зерттеу, фолклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы Аспандағы әпке атты балалар жинағы үшін алды.
Ал алғашқы кітабы “Қарағанды жырлары” деген атпен 1952 жылы жарық көрді. Одан кейінгі лирикалық және азаматтық әуенге жазылған Құрбыма” (1954), “Лирика”, “Жолдар жырлар”, “Жүрек лүпілі”, “Өшпес от” жинақтары шықты. “Менің Қазақстаным”, “Құрбымның күнделігі”, “Естай — Қорлан” лиро-эпикалық поэмалары – осы жанрды дамытуға қосылған елеулі туынды.Мұзафар Әлімбай поэтикасының үш тағанды тірегі іспетті Естай-Хорлан ғашықнамасы, Ту тіккен және Құрыш қазақ ерлік – қаһармандық дастандары дүниеге келген тұсында қазақ поэзиясының ортақ жаңалық-жеңісі болды.
Ақиық ақын Мұқағали: “Мұзафар — ойдың ақыны. Шығыршықтың ішін шыр айналған тұтқындағы ақ тиін іспеттес ойнақы сөздің емес, сезгені, түйгені мол ойдың ақыны. Ізденгіш те тапқыш, көп оқитын, көп түйіп, көп ойланатын бейнетқор да еңбекқор ақын Мұзафар Әлімбай ”деп сүйсінеді. Оның осындай алуан қасиет-қырларын қаһарман Бауыржан Момышұлының, ел ағасы Димаш Ахметұлының, көркемсөз алыптары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің, алдындағы ақын ағалары Қалижан Бекхожин, Әбу Сәрсенбаев, Әбділдә Тәжібаев, Дихан Әбілевтердің, көптеген өзі тұрғылас таланттардың пікірлері асыра айқындай түседі.
М.Әлімбайдың сан алуан тақырыптағы барлық өлеңдері де, барлық поэмалары да, яки күллі лирикасы мен эпикасы, бәрі-бәрі бір ұлы арнаға сарқып құйылып жатады. “Абайды қайталап оқығанда” деген атпен жиі жүгіндірген ақындық атасы — Абайдың бір ғана қарасөздерінің құдіретіне 54 мәрте мақала-зерттеме арнапты. Әлімбай Абайдың ауылы туралы жазса да, туған жер туралы тебіренсе де, қыз бен жігіт арасындағы махаббатты жырласа да, алыста қалған ауыр күндердің сұрапыл суреттерін салса да — барлығында да өзінің сыршыл ақын екендігін көрсетеді.
Жүргізуші:Кейде шыным, бала болғым келеді,Бала болғым келеді.Бала болып қала бергім келеді,Қала бергім келеді.Қаламгердің өлеңдерін жаттап өспеген қазақ баласы, сірә, сирек болар. Мұзафар Әлімбай — азамат ақын ғана емес, әрі ұстаз ақын. Әлімбай поэзиясының өзгеше бай, шұрайлы саласы — балалар әдебиетінің меншігінде. Қазақ балалар әдебиетінде Мұзафар Әлімбайдың шоқтығы биік тұрады. Әсіресе, балалар поэзиясында көлемі, тақырыбы және жанрдың байтақ байлығы жөнінен Мұзафар атаның алдына түсер ешкім жоқ.
Ақынның өлеңдерін оқуға ортаға бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз.
Жүргізуші: Балажүректілік, болмыс атаулыны балаша қабылдап, балаша сүю немесе балаша ұнатпау сияқты балалар жазушысының басты бағалы қасиеттерін меңгерген М.Әлімбай өмір бойы балаларды үйретіп қана емес, балалардан үйреніп келеді. Оған Көңіл күнделігіндегі кішкентай достары туралы Балалардың ақындық қиялы ұшқыр, Бала біткен шетінен туасы талант жолдары куә. Мұнда ол балалар поэзиясына тән қасиеттердің қандай болуы керектігі туралы 16 ережені жаңғақша шағып, тізіп, түсіндіріп береді.
Жүргізуші: Үйлену оңай, үй болу қиын, Төркіні жақын тулағыш, тағы басқа ел арасына тарап кеткен Мұзафар мәтелдері күн сайын жаңарып толығу үстінде:( Қазақтың дәмін татқан бар, қазақтың дәмі атқан бар( Жамандамаса, жаудың іші кебеді( Кемпарық жарытпайды ел танып( Алаш баласының аянкес болуға хақысы жоқ( Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті( Тастанды – ертеңгі қастанды( Қымбатты құртпа, кітапты жыртпа( Кітаптан аяған пұл құтаймайдытағы басқа мұндай афоризмдердің ұзын-саны қазір үш мыңнан асып кетті.
Жүргізуші: Мұзафар Әлімбай — сан қырлы талант. Ол көркем шығарма жазумен ғана шектелмей, зерттеу, ізденіс жұмыстарымен де беріле айналысады. М.Әлімбайдың зерттеушілік еңбектері де әр алуан болып келеді. Өзіне дейінгі, өзі қатарлы және өзінен кейінгі қаламгерлердің шығармашылық шеберлігіне тереңдеп үңілу, ол туралы ойларын ортаға салу, халық ауыз әдебиетіндегі, классиктер туындыларындағы сөз шеберлігі мен шешендік өнерді, нақыл сөздерді, мақал мен мәтелдерді жан-жақты талдау, өзгелерге өнеге ету, туысқан немесе шет жұрттағы халықтардың нәрлі сөз оралымдарын қазақша сөйлету — осының бәрі Мұзағамыздың ұзақ жылдардағы тынымсыз тер төге білгенінің куәсі болып табылады.
Ендігі сәтте біз сіздермен ақынның таза шығармашылығымен ғана шектелмей ұстаздық жолына да көз тастап көрелікші. Халқымызда Шәкіртсіз ұстаз –тұл деген үлкен мағыналы нақыл сөзі бар. М. Әлімбаевтың өзінің айтуы бойынша Шәкірттерінің ішінде оза шауып, бәйге алғандары да бар екен: олардың алды Қазақстанның Халық Жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, белгілі қоғам қайраткерлері. Олар: Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Қабдеш Жұмаділов.
Ән Мұғалім ол біздің. Орындайтын 1 сынып оқушылары.
Жүргізуші: Мұзафар Әлімбай 85 шақты ақынның туындысын қазақ тіліне аударған екен. Олардың ішінде Пушкин, Петефи, Лермонтов, Сағди, Фирдоуси, Райнис, Руставели, Тоқтоғұл, Зелили, Маяковский, Мицкевич, Орбелиани тағы басқалар бар. Егер әр халықта бір-бір классик ақын десек, сөйтіп мақал-мәтелдерін аударып жүрген жетпіс жұртты қоссақ, онда қазақ оқырмандарына таныстырған ақындар саны 150-ге жетеді екен. Аударманы әрі өнер, әрі ғылым санайтын қаламгердің “666 нақылдан” бастап “Маржан сөзге” дейінгі аудармалық еңбектер шоғырының өзі — бөлек тараулы әңгіме.
Жүргізуші: Ақындығына зерттеушілігі, бұған аудармашылығы эссе, очерк жазушылығы, балалар жанын зерек түсінушілігі, парасаттылығы ұштасып тоғысқан тарлан талантқа мерейтой үстінде одан әрі құлашын кеңге жазып, ойдың кенін қазып, сөз миуасын теріп, елі-жұртын поэзияның кәусар бұлағымен сусындата берсін демекпіз.
Музыка пәнінің мұғалімі Жанат Бектұрсынұлының орындауында “Алматы кешінде” әні.Әні: Ш.Қалдаяқовтікі. Өлеңі: М.Әлімбаевтікі
Жүргізуші: Тұлымшақты қыз күнінен білетін Шапау Сүлейменқызымен жарты ғасыр отасқан аяулы жар Мұзафар — өнегелі әке тәрбиесін ұлдары Арнұр, Жаннұр, Баламерге, ақылман ата тағылымын немерелері Ая, Әсел, Бақтияр, Әсет, Жәнібек, Балнұрға сіңіріп, көпке шашқан шапағатты сәулесінің шалқыған нұрына өз шаңырағы мен енші бөлген отауларын бөлеп келеді.
О, тоба, қайттым астам райымнан,Тілеймін мейір-шабхат құдайымнан Деуші еді ақсақалдар (рас екен),Ақындар арылмайды уайымнанБіреудің шаттығынан мұңым қымбат,Жатса да жүрегімнің түбін тырнап,Менің мұңым туады Ел қамынанКөремін бірінен де бірін қымбат.(Ақындар арылмайды уайымнан)
Жүргізуші: Бұл жүрегіндегі жылы сезімдері көңілдегі ойларға ұласып, тілінен тәтті сөздер болып төгілген ақынның ойшыл, уайымшыл табиғатын растайтын бір ғана шумақ.
Жүргізуші: Мұзафар Әлімбайдың қазіргі қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз. Сондықтан оның діңі ғұмырда үзілмейтін, Ғали ағамыздың:Қабаққа біткен қарағайҚарасам, көкке тірелген .Қалай тұр десем құламай,Тамырын терең жіберген-дегені секілді биік шығармашылық тұлға.
Жүргізуші: Өйткені, Мұзафар Әлімбай — тұйыққа тірер таяз ойдың емес, тұңғиыққа жетелер терең ойдың, нақыштап айта білгенін айшықтап жаза алатын кемел ойдың кемеңгері!
Жүргізуші: Мұзафар Әлімбай — айлар өткен сайын ойлары көктей түсетін, жылдар озған сайын жырлары тозбайтын тарландар тобынан!
Ақын: Жұлдыздай ел аспанға көптеп ілген,Ағалар қайдасыңдар көп көрінген,Сан жылдар қия шетке ұзап кетіп,Оралдым ортаңызға дос көңілмен.
Кешегі қарай қалсам бұла күнге,Табайын кінә тағып, шүбә кімге,Сексенге жылдам кіріп барасыңдар,Мұзата! Тым асығыс, бұларың не!?
Мұзата! Кетермісің айға да ұшып,Барасың жылдан жылға қайрат қысып.Қасына шақырғандай “Ақмаңдайлың”,Бір бәйгең тағы да тұр сайда пісіп.
Балқаштай сарқылмайтын ілесі бар,Жігітсің көш-керуен үлесі бар,Батырсың аш бөрілер ауыз салмас,Ақынсың уәлі сөз киесі бар – деп Кәкімбек Салықовтың Мұзафафр атамызға аранған өлең жолдарымен аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: