Материалдар / Шебер сынып "Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шебер сынып "Бастауыш сыныптарда белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша барлық бастауыш сынып ұстаздарына арналған сабақ жоспар және ашық сабақ нұсқаулық үлгі ретінде ұсынылады.Барлық белсенді оқыту әдістерімен саралау әдістері қолданыла отырып жаслған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Маусым 2019
4313
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТАҚЫРЫБЫ: «Бастауыш сыныпта белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану »

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: белсенді оқыту әдіс-тәсілдерінің сабақ кезеңдерінде тиімді қолдану қажеттілігін түсіндіру.

Oқыту нәтижeci: Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы сабақты тиімді жоспарлау оқушыларды табысқа жеткізу көзі екендігін түсінеді

Нeгiзгi идeяcы белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану aрқылы тaбыcты oқытуғa қoл жeткiзуге бoлады.

ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру, топтық жұмыс, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ,практикалық тапсырмалар орындау

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: компьютер және мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, дыбыстық құрылғы.

Шебер сыыныптың барысы


Жұмыс кезеңдері:

кіріспебөлімі

Кезеңнің мазмұны

Қатысушылардың іс-әрекеті

2 мин.

Дайындық- ұйымдастырушылық кезеңнің мақсаты:

Сабақтатиімдіжұмыстыжүргізудіжүзегеасырудыұйымдастыру.

Міндеттері: Қатысушылардың зейінін аудару, аудиторияда қатысушылардың тиімді және жақсы көңіл күймен жұмыс жасауына ықпал ету.

Әдістері: Әңгімелесу,қатысу шыларды өзіне жақын тарту

Құрметті әріптестер, бүгін міне тағы бір сәті түсіп сіздермен заманауи оқыту әдістерінде қолданылып жүрген белсенді оқыту әдісінің тәсілдерін тиімді қолдану туралы қарастырып ой бөліспекпін. Халқымыз “...Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса”, деп бекер айтпаған. Мен сіздерден барынша белсенді, өз ойларыңызбен бөлісулеріңізді қалаймын!



Зейіндерін

аударады.

Топқа бөліну (3 мин)

Мақсаты: әріптестерді әріп таңдау арқылы топқа бөлу


«Алақанмен амандасу» әдісі

Шеңбер жасап алақандарын беттестіріп, бүгін үлкен сәттілік тілеймін сізге сөздерін айтады. Ал енді сіздерге сәттілік тілеп, өз алақандарымды сыйға тарта отырып бүгінгі шебер сыныбымыз қызықты және жемісті өтуін тілеймін. Түсті алақандар бойынша топқа бөлінеміз.

Топ мүшелері алақан түстері бойынша үш топқа бөлінеді.


1 мин.

Негізгі бөлім:

Кезеңнің негізгі мақсаты: белсенді оқыту әдістерінің тәсілдерінің тиімділігін көрсету


Бүгін өз сабақтарымызда қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің тәсілдеріне тоқтала кетуді жөн көрдік. Сабақтың барысында сыныпты тиімді басқару, оқушылардың барлығын білім үдерісіне қатыстыру, сабақ бойы танымдық белсенділіктерін арттыру, сабақтың мақсатына тікелей жетуге апарады. Осындай ұйымдастырушылдықты белсенді оқыту әдістерінің тәсілдерін тиімді пайдалануы береді.

Әріптестер өз ойларын ортаға салып талдайды.


Топтық тапсырма беру

7 минут

1-топ. Белсенді оқыту әдістері дегенміз не?

2-топ. Белсенді оқыту әдістерін сабақтың қай кезеңінде пайдаланамыз?

3 – топ. Белсенді оқыту тәсілдерінің түрлерін көрсетіңіз

Топ мүшелері берілген ақпаратты пайдалана отырып,

ұсынған тұжырымдар ішінен дұрыстарын таңдайды. Оны негіздейді. Берілген тақырыпты сипаттайды.

5 минут

Стартегияны талқылау

Жаттығу «Экспресс – портрет»

Мақсаты: өткенді тақырыпты бекіту, шығармашылық белсенділігін, тіл байлығын дамыту.

Қажетті құралдар: жазуға арналған стикер, 3 қорап, жылқы, алма, қызғалдақ, т.б суреттері.

Үш топтың әрқайсысынан бір қатысушысы бір суретті таңдайды. Әр топ 3 минут ішінде сол суретке қатысты жануар не құстың портретін құрастырып жазады. Мысалы: Мен сіздерге мына жануарды немесе құсты назарларыңызға ұсынамын. Ол мына жерде мекендейді және сипаттау қажет. Қалған топтар ненің портреті екенін табу қажет.

Мұғалімдер өздерінің тиімді стратегияларын ұсынады, талдайды. Қорытынды жасайды.

Ой сергіту 2 мин

Сергіту. «Екі қолды жұмысқа жұмылдыру» Мұғалімдер екі қолына да қалам алып, бір мезгілде мынадай әрекеттер орындайды:

  1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады.

  2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады.

  3. Оң қолымен өзінің есімін, сол қолымен фамилиясын жазады. Бұл жерде жазуды оңайлату үшін есім мен фамилиядағы әріптер санын теңдестірген дұрыс.

Мұғалімдерге салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар аударуларын ескерту керек. Мұнда ең бастысы – жазудың өзі, сол себепті де тоқтамай әрекеттене беру керек. Бұл ой сергітудің мақсаты: әдетте оң қолымен жұмыс жасайтындардың миының сол жақ жарты шары жұмысқа жұмылдырылады да, ал оң жағы жұмысқа белсене араласпайды. Екі қолмен бір мезгілде әр түрлі әрекет жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен.

Мұғалімдер барлығы жұмыстанып, бой сергітеді

Шебер сынып

«Торцевание на пластилине в объемной технике»

«Көлемді әдісі бойынша ермексазда шөрке төсеу»

15 мин

Қажетті құралдар: ермексаз, гафрированный қағаз, таяқша

Қатысушылар жұмысты шебермен бірге орындайды.

5 мин.

Қорытынды кезеңі.

Мақсаты:

қатысушылардың алынған

ақпаратты игеру дәрежесін

анықтау.

Әдіс-тәсілдері:

Топтық

Жұмысымызды қорытындылай келе бүгінгі жетістіктеріміз бен іс-әрекеттермізді талдайық. Ол үшін алдарыңыздағы алақандарға екі ұсыныс, бір тілектеріңіздерді қалдырсаңыздар

Тыңдаушылардың ой пікірі, өзіндік талдауы, өзара пікір алмасады











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!