Материалдар / Семинар практикум Баяндама тақырыбы: Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту- білім сапасын көтерудің шарты.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Семинар практикум Баяндама тақырыбы: Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту- білім сапасын көтерудің шарты.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама тақырыбы: Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту- білім сапасын көтерудің шарты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
1015
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысыАтбасар қаласы№7 қазақ орта мектебі





Баяндама тақырыбы: Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту- білім сапасын көтерудің шарты.Дайындаған: Халел Марзия









Қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігіндамыту- білім сапасын көтерудің шартыҚоғамның ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ететін еліміздің мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі – еліміздің жастарын сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғалар қалыптастыру болып табылады. Білім мен ғылымның түрлі саласында білікті жастарды тәрбиелеп, оларды бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыруға өз үлестерін қосатын азаматтар етіп тәрбиелеуде қазіргі заманғы ұстаздардың еңбектері орасан зор. Себебі бүгінгіоқушылар ертеңгі әртүрлі салалардың мамандары екені айдан анық. Сондықтан еліміздің болашағы жастардың қолында болса, ал олардың алып жатқан білімдері мен тәрбиелері ұстаздардың қолында екені түсінікті. Демек, еліміздің кемелденіп өсіп-өркендеуі ұстаздар қауымына тікелей байланысты екендігі даусыз. Шәкірт өздігімен үйренуі керек, сонда ғана оның білімі толығады, солай ғана ол білімді өз өмірінде қолдана алады. Шәкірт өздігімен және басқалармен бірлесе ізденіп, оны қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеретінін шешіп, бұл білімнің өз өміріне қалайша қажетті болатындығын айқындауы керек. Міне, осы мәселелерді шешуге оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар жол сілтеуші және бағыт-бағдар беруші ұстаз шәкірт үшін – өмірлік бағдаршам іспетті. Бүгінгі күннің басты талабы оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана алуға тәрбиелеу болып табылады. Ал ол үшін мұғалімнің атқаратын қызметі өте маңызды.Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба білуі.Құзіретті ұстаз ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Күнделікті жаңа ақпараттармен қаруланып отыратын өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға қызметі. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Бүгінгі жаһандану заманындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі, яғни бүгінгі ұстаз тек мектепте білім берумен қатар, шығармашылықпен (оқушыларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындау және жинаған тәжірибесі бойынша оқу-әдістемелік құралдар жазумен) айналысу арқылы өзін жан-жақты шыңдап, пысықтап бәсекеге қабілетті етіп үнемі үздіксіз ізденіп дамып отыруы керек.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі – рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған

әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үрдісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын процесс қажет. Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білім мен практикалық біліктілігі – құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады. Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу – бүгінгі күн талабы.Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Ал сонда біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту? Ол – қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады.Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмастыру, пікір таластыру т.б жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбінде жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбінде санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сыңдарлы оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Бұл жерде «маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін» деген мақалдың түпкі мағынасына терең бойлауға тура келеді. Өйткені, қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр. Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет. Сондықтанда алдымен жеке тұлға ретінде өз бойыма көп өзгерістер енгіздім.Өзімді шыдамдылыққа, төзімділікке жетеледім.Себебі бұрынғы дәстүрлі сабақта көбінесе оқушыға еркіндік бермей, сұраққа жауап алу мақсатында өзінің ғана жеке пікірін тез уақыт аралығында естіп отырыппыз.Ал қазір бұл жағдайларға мүлдем өзгерістер енді.Себебі қаз-қатар тізілген парталарға отырған оқушылар бір-бірімен пікірталасқа түсе алмайды, ойларын ортаға сала алмай келген екен. Ал енді осы сындарлы оқытудың ең бір ерекшелігі оқушылар бірлесіп топпен жұмыс жасай отырып, ынтымақтастықта, ұйымшылдықпен өз ойларын ортаға салып,дәлелдей алатынына көзіміз жетті.Оқушылардың бойынан,тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанғандығын,оқушылардың шынайы сезімдері мен қызығушылығының оянғанын,біле алдым. Ойымды қорыта келгенде, мен нені? кімді ?қалай өзгерттім ? деген сұраққа алдымен өзімнің білім беру үрдісіне деген көзқарасымның өзгергенін, екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілінің өзгеруі және баланың еркіндігін шектемеулігін, оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуымның көп өзгергеніне көзім жетті.Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуын көмектесетін амал екенін меңзейді.Кейбір бұйығы отыратын, сабаққа көп кірісіп қатыса бермейтін оқушылар осы сабақтарды еркін сөйлеуді үйреніп, пікірлерін дәлелдеп, топтық қарым-қатынасқа түсті. Назардан тыс қалып, көзге түсе бермейтін, оқушылар да сыныпта белсенділік көрсетіп, үнемі сөйлейтін оқушылармен тең дәрежеде пікір таластыратын болды. Мен үшін бұл өте қуанышты жағдай. Оқушының жетістігі, бұл мұғалімнің жетісігі, ал мұғалімнің жетістігі – бұл жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында екеніне көзім жетті. Бірақ көш жүре түзеледі дегендей алда әлі алдымызға келген әрбір бүлдіршіндерге заман талабына сай білім беруге бар күш жігерімізді салып құзіретті оқушы болып шығуына үлес қосамыз деген ойдамын. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп,білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында.Өйткені,ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді.Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын арттыруда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.Сапалы білім негізі жан - жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру. Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ деп ойлаймын. Оқулықтағыны оқушы өзі де оқып алады.Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ре-тінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту үшін қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігін дамыту мақсатында біліктілікті арттыру курстары, деңгейлік курстардың тигізер әсері өте зор. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау арқылы - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Міне осының бәрі қазіргі заман мұғалімінің кәсіби шеберлігінің дамуы барысында жүзеге асып отыр.Бүгінгі таңдағы оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің төмен екендігін ескерсек, оларға сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін өзгертіп жаңа оқыту технологияларын үнемі қолданып отыру керек. Қорыта келгенде, О.Бальзактың «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Демек, шәкірттеріміз бен еліміздің ертеңгі дамып өсіп-өркендеуі тікелей ұстаздар қаумына байланысты екені түсінікті. Ендеше, ойымызды жинақтай келе, бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!