Материалдар / Сиқырлы күз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сиқырлы күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2021
261
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Бекітемін»

«№ 22 Ақбұлақ бөбекжай-бақша»

жедел басқару құқығындағы

МКҚК-ның директоры

______ Джаманшалова Г. Н

«___»___________2020ж.




Мерекелік іс-шара

Тақырыбы:«Сиқырлы күз»


№8 «Балбұлақ» ересек топ
Тәрбиеші:Табинаева Ф.Н






2020-2021 оқу жылы


Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Сиқырлы күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би:
«Жапырақтар»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар билеп кіреді. 

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Сымбат
Жапырақ ұшты
Сауық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп бізде
Жанболат Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді
Құс біткен керуен тіеді
Қара бұл қабағын түзеді
Аңсар Сарғайды тоғай
Сап-сары маңай
Сонғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
Нұриман Қауын-қарбыз жемістермен
Толтырамыз қап-себетті
Алтын күз деп аталады
Күз айы сол себепті
(алтын күзге арнаған әнімізді айтайық)

Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                              Күз сыйлығын алыңдар
                                Сыйлығына қаныңдар.
                                Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Сырты қатты,

Іші тәтті. (Қарбыз)

5. Өсірдім ұлпа қар,

Шешуін кім табар. (Мақта)

Сымбат: Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып

Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
2 - бала: Енді, енді не етеміз?!
Сымбатқа қалай көмектесеміз?
Жанболат Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Сымбат Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Ясина Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Ясина Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл - дәлелденген рецепт!
Сымбат: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Исатай: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Сымбатқа дәрігерлік көмек керек!
Исатай: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Исатай: - А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Сымбат Енді не істеймін?
Иастай: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..

Жүргізуші: Балалар,ендеше Эфирде –  «Күзгі бақша»  телеарнасының , Қызанақ – кориспондентінен бақшада қандай өзгерістер, қандай жаңалықтар  бар екенін, хабарласып көрейік!

-          Сәлеметсізбе, мені естіп тұрсыз ба? Бақшада қандай жаңалықтар, қандай өзгерістер болып жатыр!

Қызанақ - кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?


Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.

ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»

Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.

1 –Өрік

2 – Қызанақ

3 – Орамжапырақ

4 – Жүзім

Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.

Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!

Жүргізуші: Қызанақ,саған көп рахмет. Біз бақшада қандай өзгерістер бар екенін білдік. Ендеше, біздің балалардың әнін тамашалайық.
Ән: «Күзгі жаңбыр»

Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады. Ендеше  эфирде – «Күзгі орман» телеарнасының кориспонденті –Қоянға сөз берейік!

-   Сәлеметсізбе қоян! Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян –кориспондент: Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян–кориспондент: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

Қоян–кориспондент: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қорек жинамапты. Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмаларды, ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырса
Тамшылар биімен

Би: «Тамшылар»

Кезегімізді  өлең шумақтарына берейік.
Исатай
Алма пісіп алмұрт пісіп
Күзгі бақтар жайнайды
Құстар қайтып, қош айтысып
Қимас үнмен сайрайды
Ақторғын
Алтын сары, қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Нұрислам
Жайдарлы күз, жомарт күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай алқып жүр
Айсұлтан
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келді деп жар салып
Күзгі суық басталды

Айару Наступила осень
Пожелтел наш сад
Местья на берёзе
Золотой горят
Ясина Көрінеді шалғайдан
Бел белестер сарғайған
Сары жапырақ төгілген
Тоғайды да көрдім мен

Ән: «Қолшатыр»

Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Сиқырлы күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар , келгенше жыл айналып.





































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!