Материалдар / Скрипка аспабы қалай пайда болды?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Скрипка аспабы қалай пайда болды?

Материал туралы қысқаша түсінік
Скрипка аспабымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2018
959
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Скрипка аспабы қалай пайда болды?Сабақтың мақсаты: Білімділік: Скрипка аспабымен таныстыруӘн үйрену: "Қазақы дастарханы" әнін жаттауТәрбиелік: Өнерге талпындыру.Сабақтың түрі: дәстүрлі емесСабақтың типі: жаңа сабақ, әңгімелеу әдісі Пәнаралық байланыс: шет ел музыка тарихыКөрнекілік: 7-нота кестесі, портреттер, скрипка, ямаха, бейне таспа, микрофон, алақан және скрипканың қазағаз қиындыларыҰйымдастыру- Сәлемдесу (ямаха аспабымен)- Түгендеу Үй тапсырмасын сұрауЖеті нотаны таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа скрипка аспабының қағаз қиындысын алады.ДО - Оркестр құрамындағы аспаптар неше топты құрайды? Оларды ата. Жауабы: 4 топты құрайды. Олар: ішекті-ыспалы, үрлемелі ағаш, үрлемелі жез, ұрмалы аспап)РЕ - Қазақтың тұңғыш операсын ата.Жауабы: "Қыз Жібек" операсы.МИ - "Титаник кемесі суға кетіп бара жатқанда, кемедегі оркестр қай симфонияны ойнаған?Жауабы: Бетховеннің № 3 симфониясын.ФА - Симфония дегеніміз не?Жауабы: Симфониялық оркестрге арналған аспаптық шығармаСОЛЬ - Тембр дегеніміз не?Жауабы: Дыбыстың бояуыЛЯ - Диапазон дегеніміз не?Жауабы: Дыбыстың көлеміСИ - Қазақстанда симфониялық оркестр қашан құрылды?Жауабы: 20 ғасырдың 30 жылдары.Жаңа сабақты баяндау.Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын, ол үшін бір аңызды айтып берейін. Ертеде бір  музыкант өмір сүріпті. Ол кішкентай кезінен  аспаптарда ойнайтын болған. Далада мал бағып жүріп, өзіне түрлі табиғи заттардан сыбызғы жасап алып ойнағанда, жайылып жүрген мал да құлақтарын түріп тыңдай қалады екен. Ормандағы құстар да сайрамай қалады, көлдегі бақалар да бақылдамай  қалады екен. Музыкант ойнаған кезде  олардың әрқайсысының жүрегін тәтті сезім тербеп, белгісіз бір күш биікке, ашық көк аспандағы жарық жұлдыздарға қарай жетелегендей күй кешеді. Осылай музыка тыңдап отыра бергісі келеді. Көңілді музыка ойналса, барлығы көңілденеді, қайғылы музыка оларды мұңға батырады. Музыкант бала ержеткеннен кейін өзіне скрипка аспабын жасап алады да, ел кезіп, өнерін көрсетіп жүреді. Қайырымды адамдар оны құрметтеп, қонақ қылады. Ал мейірімсіз пандар оны жек көрген, өйткені сиқыршы музыканттың ойынын тыңдаған кезде  адамдар пандарға қызмет етпей қалады. Олар шайтандармен бірлесіп музыканттың көзін жоюды ойластырады. Он екі аш қасқырға талатуды ұйғарады. Тістері ақсиған, көздері жанып тұрған аш қасқырлар музыкантты қоршап алады. Ал музыкант болса ағашқа сүйеніп тұрып жанынан скрипкасын алып ысқышпен ішектерді қозғап жібереді. Скрипкаға тіл біткендей боздап қоя береді. Ағаштар мен бұталар да бір сәтке тып-тыныш болып қалады. Ал қасқырлар бір орында мелшиіп тұрып қалады. Олар музыканы естіп, өздерінің аш екенін ұмытып кетеді. Музыкант ойынды тоқтатқан кезде жайлап орманға қайтып кетеді. Осылайша сиқыршы музыканттың өмірін скрипка сақтап қалады.- Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгін қай аспаппен танысатын боламыз?Скрипка аспабын алып шығады.Скрипка аспабының шығу тарихы Еуропада оныншы ғасырдан басталады. Ал бүгінгі түрі 16-17 ғасырларда Италия мен Францияда пайда болған. Скрипканың көне түрлері қазіргі скрипкаға мүлдем ұқсамайды. Көптеген аспаптардың ішінде скрипка оркестрде жетекші орын алады. Басқа ешбір аспап дыбыс бояуымен, техникалық шеберлігімен скрипкаға жете алмайды. Оның дыбысы оркестрге сызылта шыққан әсем үн береді. Сондықтан ол Еуропада "Музыка патшайымы" атағына ие болған. Скрипка аспабының көне түрлері, олар ребек және фидель деп аталған. Олар жуан мойынды қысқа келген, қампиған қарынды, бір-біріне өте ұқсас. Бұл аспаптарды аттың қылы керілген доға тәрізді ысқышпен ойналады. Аспапты сол жақ тізеге тіреп, ал оң қолмен ысқышты ұстап, қобыз сияқты ұстап тартатын болған. Аспапты бұлай ойнау Еуропада бұрын-соңды болмаған. Ал қазақ халқы ерте заманнан бүгінге дейін қылқобыз аспабы дәл осылай тартып келген. Кейінірек Еуропада бұл аспаптарды иыққа немесе кеудеге тіреп ойнаған. Кейін келе аспапты иықтың үстіне шығарып оны иекпен қысып ұстауды ойлап тапқан. Еуропада фидель мен ребекті басқа 15 ғасырды виола аспабы пайда болады. Виоланы да ребек сияқты тік ұстап, доға тәріздес ысқышпен алақанын жоғары қаратып тартады. 18 ғасырға дейін Еуропада виола аспабы өте танымал аспаптардың бірі болған. Кейін келе скрипка аспабы бұл аспаптарды ығыстырып шығарып, өзінің сазды үнімен халықтың ынтымағын жаулап алды. Осындай жүздеген жылдық тарихы бар скрипка аспабы "Музыка патшайымы" атағына ие болған. - Қазіргі таңда қазақстандық қандай скрипкашыларды білесіңдер?(Жәмиля Серкебаева мен Айман Мұсаходжаева жайлы таныстырып кету, А.Мұсаходжаеваның шығармасын көрсету)Музыка тыңдайық!Николло Паганинидің "24 каприсін" тыңдайтын боламыз. Ол үшін ең алдымен Николло туралы мәлімет беріп өтейін.Николло Паганинидің скрипкаға арнаған шығармалары өте күрделі болатын. Әсіресе, оның "24 каприсі" көптеген музыканттың орындауына қиынға соғады. Поганинидің скрипкасын "сайтанның аспабы" деп те атайды. Өйткені Паганини өзінің аспабын үнімен бірде адамдырды жылатса, бірде қуантып, кейде билетіп немесе адамдарды шыр көбелек айналдыра да алады. Оған дейін скрипка аспабында бұлай ойнаған адам болмаған. Италиялық скрипкашы әрі композитор аспапта ойнаудың жаңа түрін ойлап тапқан асқан шебер орындаушы болды. Ол скрипкада ойнауды жаңа техникалық мүмкіндіктерін көрсетті. Қаззіргі кезде скрипкашылар өздерінің шеберліктерін дәлелдеу үшін міндетті түрде Паганинидің шығармасын орындауға тырысады. Сергіту сәті"Мен қазақпын" видеоға қарап, орындауДауыс қыздыру жаттығуыӘн жаттау«Қазақы дастарханым»Әнін жазған: М.ІлиясовӨлеңін жазған: Ж.Боранбаев1) Бүгінгі ел ішінде,Дәстүрді жалғастырған.Татутылық белгісі ме,Жағалай малдас құрғанҚайырмасы:Ей, менің асқар тауым,Қазақы дастарханым.Өзіңсің бақ берекем,Ақ қайнар бастауларым.2) Анаға ақпейілді,Иілсе келін бала.Ықылас, ізет еткен,Сыйластық елін табам.3) Дәм татар талай ғасыр,Ұрпаққа абайласын.Кірлетпей, таза ұстасын,Халықтың шарайнасын Сабақты бекіту "Микрофон" әдісіБүгінгі сабақтан алған білімдері жайлы оқушылар микрофонды қолға алып сынып ішінде емін еркін сұрақтар қояды. Бастаушының сұрағына дұрыс жауап берген оқушыға микрофон беріледі, келесі микрофон иесі ары қарай жалғастырады. Мұғалім әр дұрыс жауапқа скрипканың қағаз қиындысын таратады. Рефлексия "Бес саусақ"Бас бармақ - БІЛДІМСұқ саусақ - СЕЗІНДІМОртан терек - ОЙЛАНДЫМШылдыр шүмек - ШЕШТІМКішкене бөбек - КЕЛІСЕМІНБағалау (шкала бойынша)
0-1 ұпай жинаған2 ұпай жинаған3-4 ұпай жинаған5 ұпай немесе одан жоғары
2 баға

3 баға4 баға5 баға
Үй тапсырмасы "Қазақы дастарханы" әнін жаттау, тақырыпты мазмұндау.Саз өнер мектебі КММ





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!