Материалдар / Сөз және оның мағынасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сөз және оның мағынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
226
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Сөз және оның мағынасы

Мектеп: № 3 ЖОББМ КММ

Машықкердің аты-жөні: Жарлықасынова Аида

Күні:

СЫНЫП: 2 б


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

2.2.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу

2.4.2.2 – көптік жалғауларын дұрыс қолдану

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, сабаққа әзірлігін байқау.

- Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)




«Аялы алақан»

Тренинг.

Сабақтың ортасы






Оқылым

(МК;Ұ;ҚБ) 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы.

Болашақ футболшы

Жақып футбол ойыны дегенде ішкен асын жерге қоятын жанкүйердің* өзі.

Бүгін ол баласымен стадионға келді. Халық көп екен.

Кешікпей ойын басталып та кетті.

  • Анау көк майкалылар – біздің «Қайрат» командасы. Ал мынау ақ майкалылар – Ташкенттен келгендер... –деп, Жақып ойынның мәнін ұлына ұғындыра бастады.

  • Әне, көрдің бе? Қалай жақсы тебеді. Есжанов! Өзің апар! Өзің! Өзің! Қап, әттеген-ай!

Жақып ұлына қараса, ол да мәз-мейрам болып отыр екен. Қарсыластар қақпасына кірген екі допты өзі соққандай қуанышты көңілді күйде.

Көп ұзамай ойын аяқталды. Болашақ футболшы әкесі екеуі үйіне қайтты.

  • Түсінбеген сөздеріңді белгілеп, олардың мағыналарын түсіндірме сөздіктен біліп ал.

  • Мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарды жалғастырып көр:

  1. Жақып қай спорт ойынының жанкүйері?

Жауабы: Жақып футбол ойынының жанкүйері.

  1. Ол баласымен қайда барды?

Жауабы: Ол баласымен стадионға барды.

  1. Көк майкадағылар қай команда?

Жауабы: Көк майкадағылар біздің «Қайрат» командасы.

  1. Ақ майкалылар қайдан келген?

Жауабы: Ақ майкалылар Ташкенттен келген.

  • Мына сөздер кестедегі қай топқа тиісті екенін тап және оларды кестеге орналастыр.

Жақып, ойын, стадион, көк, халық, ақ, келді, тебеді, екі, доп, аяқталды, футболшы, қайтты.

Заттың аты

Кім? Не?

Заттың сыны

Қандай?

Заттың саны

Қанша?неше?

Қимылдық атау не істеді? қайтті?

Жақып

көк

екі

келді

ойын

ақ


тебеді

стадион



аяқталды

халық



қайтты

доп




футболшы





ҚБ: субұрқақ

Сөз –заттың, сапаның, қимылдың, санның, атауы. Мысалы: ай, үй, ақын; тұнық, әдемі; оқы, түсін; алты.







(МК;Ұ;ҚБ) 2-тапсырма. Суретке қара.

https://cloud.mail.ru/public/dB3z/txWxMUwrg (электронды оқулық, 6 бет)

  • Суретте қандай ойын түрі бейнеленген? (Футбол ойыны)

  • Футбол сөзі нені білдіреді? Бұл сөздің төмендегі түсіндірмесін оқып көр.


Сөздің лексикалық мағынасы боалды. Футбол сөзінің білдіретін лексикалық мағынасы – допты аяқпен теуіп жүріп, қарсы жақтың қақпасына кіргізіуді мақсат еткен спорт ойыны.












ҚБ: отшашу


(МК; Ж;ҚБ) 3-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құра.

https://cloud.mail.ru/public/dB3z/txWxMUwrg (7бет)

  • Суреттегі балалардың көңіл күйінің өзгергенін неден байқауға болады?

  • Сөз, ым, қимылдың көмегімен қуанған балалардың көңіл күйін беруге тырыс.

ҚБ: смайлик

Жазылым

(МК;Ө;ҚБ) 4-тапсырма. Жатқа жаз.

Дескриптор:

  • Жатқа жазады.

  • Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Далбаңдап кеп доп тепті,

Терезеге дөп тепті.

  • Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір. Сөз мағынасы қай дыбыстың әсерінен өзгергенін айт.

Жауабы: сөз мағынасының өзгеру себебі бір әріптің өзгеруінде.

ҚБ: «бағдаршам» әдісі


(МК;Ұ;ҚБ) 5-тапсырма. Оқулытың соңында түсіндірме сөздік берілген. Неліктен ол осылай аталған деп ойлайсың?

  • Түсіндірме сөздіктен денсаулық* сөзінің мағынасын біліп ал.

Денсаулық – ауру -сырқаудан аман болушылық.

ҚБ: смайлик арқылы

Жазылым

(МК;Ө:ҚБ) 6-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. ... – қыстың бірінші айы. 2. Шайбалы ... – қысқы ойындардың бірі. 3. ... – футбол ойнайтын спортшы. 4. ... –конькимен сырғанақ тебу үшін арнайы жасалған алаң.

ҚБ: отшашу







































Таратпа материал









https://cloud.mail.ru/public/dB3z/txWxMUwrg


Сабақтың соңы

Бағалау.

Кері байланыс

«Жетістік» баспалдағы.

Үй тапсырмасы: 7 беттегі сурет бойынша шағын әңгіме жаз.

«Жетістік» баспалдағы.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Қосымша көмек көрсетуді сұрақтар қойып жетелеу, өз ойын айтқызу арқылы іске асырымын.

Қабілетті оқушыларға дәлеледер келтіртемін.



Сабақтың әр кезеңінде білім алушы белсенділігін арттыру үшін қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданамын, бағалау өлшемдерін талқылап кері байланыс орнатамын.

Сабақ үстіндегі қауіпсіздікті ескертемін.




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!