Материалдар / Спорт әлеміне саяхат
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Спорт әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тәрбиелік: Құрбы-құрдастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Дамытушылық: Балалардың спортқа қызығушылығын арттыру,тілдерін дамыту. Білімділік: Бала ағзасын сауықтыру,құрбы-құрдастармен эмоционалдық қарым-қатынас жағдайында дене шынықтыру оқу қызметін өткізу үшін балалардың белсенділігін ояту. Адам өміріндегі спорттың маңызы туралы балалар білімін бекіту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2020
1685
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін :

КМҚК «Толқын» балабақшасының

меңгерушісі : Б. Алдешова


















СПОРТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ



























Тәрбиеші : Скакова Дана


Қаңтар 2020ж




СПОРТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ


Мақсаты: Тәрбиелік: Құрбы-құрдастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың спортқа қызығушылығын арттыру,тілдерін дамыту.

Білімділік: Бала ағзасын сауықтыру,құрбы-құрдастармен эмоционалдық қарым-қатынас жағдайында дене шынықтыру оқу қызметін өткізу үшін балалардың белсенділігін ояту. Адам өміріндегі спорттың маңызы туралы балалар білімін бекіту.

Құрал-жабдықтары: доға ,гимнастикалық орындық, ленталар.

Балалар спорт киімімен залға кіреді.

І Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Балалар тәрбиешімен бірге шеңберге тұрып,өлеңді қимылмен көрсете отырып айтады.

Үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады.)

Кішіге де сіз. (Сол қолын алға созады.)

Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қояды.)

Бас иеміз біз. (Бас иеді.)

Тәрбиеші: Бүгін біздің «Спорт әлеміне саяхат» жасаймыз.

Тәрбиеші : Балалар біз спорт әлеміне немен бара аламыз, қалай ойлайсыңдар?.

Балалар : Ұшақпенпен, қайықпен, поезбен барамыз

Тәрбиеші : Балалар көздеріңді жұмыңдар (темір жол вокзалына келеді, поездан Стефани шығады)


Поезд дауысы шығады


Стефани : Сәлем балалар,мен бүгін сендерді спорт әлеміне апарамын

Онда неше түрлі тапсырмалар бар дайынсыңдарма орындауға. Біздің жолымызда көп кедергілер кездеседі,оларды жеңе білуіміз керек.Менімен баруға дайынсыңдар ма?

Бірақ жорық алдында жаттығу жасауымыз керек!


Балалар шеңбер бойымен жүреді, тізелерін сәл бүгіп, аяқ үшымен, өкшемен жүреді, жай жүгіреді.

ІІ Негізгі бөлім

Стефани балаларға ленталар таратып береді

Жан–жақты дамыту жаттығулары: (лентамен)


Б.қ: аяқ арасы алшақ,

а)  оң қол жоғарыда, сол қол төменде.

ә)  қолдарды алма кезек сермейді.
б)  б.қ.келу.


  Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.

  а)  қолдағы ленталарды жоғары көтеру.
  
ә)  алға созу.
 
б)  екі қолды жанға созу.
 
 в)  б.қ.келу.  Б.қ: аяқ арасы алшақ, қол төменде.

 

а)  қолдарды жоғары көтеру.
  ә)  екі жанға тербелу, оңға тербелу, солға тербелу.

б)  б.қ.келу.


 Б.қ: тік тұру, қол төменде.

  а)  екі қолдағы ленталарды кеуде тұсына әкеліп, тізені сәл бүгіп отыру.
 
 ә)  бір орында секіріп, қолды жанға созу.
 
 б)  б.қ. келу.


Б.қ:аяқ иық көлемінде,

а)  қолды алға созып отыру,

  ә)  орнынан тұру

  б)  б..қ келу.


Стефани : Кәнекей жүріңдер «Спорт әлеміне саяхатқа» кеттік

Кесірбек : Сендер қайда барасыңдар спорт деген немене, балалар спортпен айналыспаңдар сендерге керек емес.

Стефани : Кесірбек сен алдымен бізбен бірге спорт әлеміне жүр.

(Барлығы поезға мінеді)

Тәрбиеші:Міне, «Спорт әлеміне» келдік (балалар жарты шеңберде тұрады).

Стефани : Балалар біздің Кесірбек мықтыда шымыр болу үшін немен айналысу керектігін білмейді, сендер айта қойындаршы.

Балалар : Спортпен айналысу керек

Кесірбек : Спорт деген не ? маған керек емес.

Тәрбиеші : балалар сендер қандай спорт түрлерін білесіңдер?

Балалар : Суда жүзу , велосипед тебу, қысқы спорт түрлері, волейбол, футбол. тенис, ат спорт түрлері бар.

Слайд

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар, деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? Қандай дәрумендер білесіңдер?

Балалар : Дәрумендер жеу керек , көкөністер мен жемістерді, алма, алмұрт, анар, қызанақ қия, орамжапырақ, банан.

Стефани: Жарайсыңдар, балалар!Менде тағы бір тапсырма бар.Сендер тасқынды өзен арқылы,бұталар арасынан таудан өтеміз


ІІІ Негізгі қимыл


Балалар біз көпір үстімен өтеміз

1.Гимнастикалық орындық үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру, қолдарын жан-жағына созып жүру керек.


Біз үңгір арқылы өтеміз

2.Доғалар астынан еңбектеп өту.


Біз су үсіндегі тастармен секіріп арғы жағаға өтеміз

3. Тастар үстімен секіріп жүру


Стефани : Кесірбек сен үнемі спортпен айналысып жүруің керек, кел бізбен бірге ойна.

Ойын:«Гараж » Қатысушылардың қолдарында әр түрлі түсті рульдер бар. Тәрбиешінің берілген белгісі бойынша рульдерді ұстап, балалар өзін жүргізуші ретінде санап, белгі бойынша алға жылжи қимылдайды. Бір-біріне соқтығыспай залдың ішінде алға, артқа қапталға жүреді. Тәрбиешінің белгісі бойынша машиналар өз түстеріне сәйкес гараждарға кіреді Ойын бірнеше рет жалғасады. (1-2рет)

ІV Қорытынды

Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық? (спорт әлеміне)

Қандай спорт түрлерін білесіңдер?(суда жүзу, баскетбол, футбол, қысқы ойындар, т.б.)

Спорт әлемінде қандай жаттығулар жасадық? Орындық үстінен өттік, доға астынан өттік, тастардың үстімен жүрдік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!