Материалдар / Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық –саяси өмірге әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық –саяси өмірге әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тақырыпта белілі тарихшы Е.Бекмахановтың жазықсыз жазалануы туралы танысады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Тамыз 2019
15452
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді

Жоспарлаудың

бөлімі:

Мектеп: Сепе орта мектебі

Күні

Мұғалімнің есімі: Мырзагалиев Сейден Ноянович


Сынып: 9

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабақ тақырыбы:

Сталиндік идеологияның Қазақстандағы қоғамдық –саяси өмірге әсері


Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Е.Бекмаханов 25 жылға бас

бостандығынан айырылды?

Сабаққа негізделген

оқу мақсаты


9.2.3.1 Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан

үлесін бағалау

9.3.1.1 қоғамдық – саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және

өзіндік интерпретация жасау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына

қосқан үлесіне баға береді және қоғамдық- саяси өмірдің ерекшелік

терін түсіндіріп, өзіндік қорытынды жасай алады;

Оқушылардың басым бөлігі:Е. Бекмахановтың Қазақстан тарихына

қосқан үлесін фактілер келтіре отырып, дәлелдей алады;

Кейбір оқушылар: Е.Бекмахановтың 25 жылға бас

бостандығынан айырылуын негізге ала отырып, Кеңес үкіметінің

саясатын сынға алып, өз тұжырымын жасай алады

Бағалау

критерийлері:


-Е.Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесіне баға береді

- қоғамдық- саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіріп, өзіндік қорытынды

жасайды;

- Е. Бекмахановтың Қазақстан тарихына қосқан үлесін фактілер келтіре отырып, дәлелдейді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей

Тарихи концепт

Себеп-салдар, дәлел


Тілдік мақсаттар

Терминология: монография,буржуазия,гулаг,лагер

Жазылым мен диалогқа қатысты сөз тіркестері:



Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы Сталиндік идеологияның Қазақстандағы

қоғамдық саяси өміріне тарихшы ғалым Е.Бекмахановтың тарихи еңбегін

талдау барысында жүзеге асады.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

1937 жылдардағы қуғын-сүргін,алаш зиялыларын қудалау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут








Үй тапсырмасын сұрау «Әріптестер» әдісі»

Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз.

Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру

Мен саусақтардың көмегімен бүгінгі сабаққа ниет айтуға керек, онда «Мен тілеймін» жаттығулар арқылы бір-бірімен құшақ жая қарсы бастап өткім келеді

Топқа бөлу(түстерді таңдау арқылы 1,2,3 топқа біріктіру).

Ой шақыру .Тақырыпқа шығу. Бекмаханов туралы слайд көрсету


Презентациядан кім туралы мәлімет алдыңдар?

Оның бүгінгі сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады

Презентация


Слайд Бекмаханов.pptx

Бекмаханов

тың суреті






Сабақтың ортасы

25 минут

Зерттеу сұрағы: Неліктен тарихшы Е.Бекмаханов 25 жылға

бас бостандығынан айырылды?

Оқушыларға алдын-ала сұрақтар жазылған парақша-карточкалар таратылады. «Е.Бекмахановтың өмірі» бейнематериалының мазмұны тыңдатылады.

1тапсырма: Бейнематериал көрсету «Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісі арқылы(топтық жұмыс)

І топ: Е.Бекмахановтың өмірі туралы баяндап, баға беру

ІІ топ: қоғамдық- саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру

ІІІ топ: Бекмахановтың босап, ақталып шығуы туралы баяндау


Дескриптор:

-Е.Бекмахановтың туған жылы мен жерін жазады;

-Шығармаларын атайды;

-25 жылға бас бостандығынан айырылу себебін талдайды

-Ақталып шығуына ат салысқан адамдарды атайды


Қ/б: математикалық таңбалар арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы +-?

2 тапсырма:БФЕ (барлық фактіні ескеру) әдісі (жеке жұмыс) Е.Бекмахановтың Қазақ тарихы ғылымына қосқан үлесіне 3 дәлел келтіре отырып баға беріңіз

1_______________________________________________________________________________________________________

2.______________________________________________________________________________________________________

3.__________________________________________________ Қорытынды ________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

-Қазақ КСР атты көлемді еңбектің авторы екенін жазады;

-1947 ж Монография жазғанын дәлелдейді

-

-Қорытынды: Тарихшы ғалым Е.Бекмахановтың не үшін айыпталғанын жазып, тарихқа қосқан үлесіне баға береді

Қ/б: Бағдаршам арқылы бағалайды



3.тапсырма: «Үш қадамдық сұхбат» әдісі

Интерпретация.

(Жұптық) Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қаншалықты игергенін және күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін анықтау

үшін зерттеу Неліктен тарихшы Е.Бекмаханов 25 жылға

бас бостандығынан айырылды? сұрағына қайта оралған жөн. Оқушылардан толық жауап алу үшін төмендегідей тапсырма беріледі.

Сұхбат сұрақтары слайдтан көрсетіліп немесе карточкаға жазылып

ұсынылады. Оқушылар Е.Бекмаханов рөліне еніп, журналистің

сұрақтарына жауап беруі керек. (Ескерту! Мұғалім сынып ерекшелігіне қарай тапсырманы жұптық немесе топтық етіп ұсынуға болады). Орындалған оқушылар жұмысы ауызша тексеріледі

Тапсырма «Сұхбат беру»

-Аты-жөніңіз?

-Жазған тарихи еңбегіңіз туралы бізбен ой бөліссеңіз.

-Тарихи еңбегіңіздің негізгі тақырыбы қандай еді?

-Неге сізді 25 жылға бас бостандығыңыздан айырды ? Оның мәні қандай?

-Тарихи еңбекті жазарда қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Неліктен?

-Бүгінгі ұрпақ Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күреске «жалпы ұлттық сипат алған қозғалыс» деп баға береді. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өз ой-пікіріңізді түсіндірсеңіз.


Дескрипторы:

-Е.Бекмахановтың көздеген мақсатын анықтайды;

-Тарихи еңбегінің 1-уін атап, оның мәнін түсіндіреді;

- Тарихи еңбегінің 2-уін атап, оның мәнін түсіндіреді

- Неге 25 жылға жазықсыз жазаланғанын ,оның себебін түсіндіреді;

Қ/б: жұптардың бірін-бірі бағалау парағы арқылы бағалауы



Парақша-

карточкалар

бейнебаян




http://youtube.com/watch?time_continue=2&v=9ZMRcTar3lU




Сабақтың соңы

8 минут


4 тапсырма: Стикердегі хат

Әр оқушы тақырыпқа қатысты 1 тезис жазады

Рефлексия.

  • Мен бүгін жасай алдым___________________________

  • Мен үшін бүгін қызықты болды___________________

  • Мен үшін бүгін қиын болды_______________________




Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?



Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.










































Үлестірме материал



Ермұхан Бекмаханов Воронеж педагогика институтын бітірген тарихшы ғалым болды. Е. Бекмаханов 1943 жылы Қазақ ССР тарихы атты еңбек жазып, 1946 жылы докторлық диссертация қорғады. 1947 жылы диссертациясын XX ғасырдың 20–40 жылдарындағы Қазақстан тақырыбында монография етіп шығарды. Е. Бекмаханов бұл еңбектерінде 1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы кең көлемде жазған болатын. Осыған байланысты Е. Бекмахановқа Ресейге қарсы көтерілісті жақтаған, Кенесары қозғалысын ақтауға тырысқан буржуазияшыл, ұлтшыл деген айып тағылды. 1950 жылдан бастап коммунистік партия баспасөз арқылы Е. Бекмахановты ашық айыптай бастады.
1951 жылы ҚазКСР-нің Жоғарғы соты Е. Бекмахановты айыпты деп тауып, 25 жылға бас бостандығынан айырды. Ол Гулаг лагеріне жазасын өтеуге жіберілді. Е. Бекмаханов 1954 жылы ақталып түрмеден босады. Оның бостандыққа шығуына А. М. Панкратова, А. П. Кучкин сияқты ғалымдар көп көмек көрсетті. Е. Бекмаханов ақталып шыққаннан кейін, өзінің ғылыми педагогикалық жұмысын жалғастырды. Е. Бекмаханов 1966 жылы қайтыс болды.

-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!