Материалдар / Сүйектің байланысу типтері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сүйектің байланысу типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім күнделікті сабақта қолдана алады.Сабақ барысындағы жұмыстар толық ашық жазылған.Мұғалімге ыңғайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2019
234
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Сүйектің байланысу типтері

Мектеп: №23 Тескентоған ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ниязбекова А.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

8.1.6.3-сүйектердің байланыс типтерін салыстыру

Сабақ мақсаты

-Сүйектердің байланысу типтерін біледі;

-Буын элементтерін жіктейді;

-Байланыстардың тірек-қимыл жүйесі үшін маңызын тұжырымдайды.

Сабақтың құндылығы

- Тарих пен мәдениеттің, тілдің ортақтығы.

-Үш тілдіділік елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты;

- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

-Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

-Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Бағалау критерийлері

-Сүйектердегі байланыс типтерін біледі, оларды қаңқа бөліктеріне байланысты жүйелейді.

-Буынның байланыс түрлерін ажыратады;

-Байланыстарды бір-бірімен салыстырады, ерекшеліктерін айқындайды.

-Тірек-қимыл жүйесі үшін байланыстардың маңызына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Академиялық тілге тән дaғдылaрды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдay, түсіндіру, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары)

Термин сөздер:

қозғалмайтын байланыс, шамалы қозғалатын байланыс, қозғалмалы байланыс, буын қапшығы, буын сұйықтығы, буын қуысы.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: байланыстардың салыстыру кестесін дәптерге түсіру.

Талқылауға арналған тармақтар:

Қалай ойлайсыңдар, қаңқадағы сүйектердің қандай байланыстары бізге түрлі қимыл жасауға көмектеседі?

Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?

Неліктен бас сүйектің сүйектері қозғалмайтын байланыспен байланысқан, осындай байланыстың бас сүйек үшін маңызы бар ма?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сүйектердің байланыс түрлерін дәптерге түсіру

Пәнаралық байланыс

Сүйектің химиялық құрылысын біледі, терминдерді орыс тілі, ағылшын тілінде айтады.

Алдыңғы оқу

7.1.6.4 «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалыс мүшелері, тірі ағзалар үшін қозғалыстың рөлін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

Психологиялық ахуал (шеңбер құрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді)

Сынып оқушылары мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлінеді.

1-мақал-Сүйкімді сөз сүйек балқытар.

2-мақал-Қанжар сүйектен өтер, сөз жүректен өтер.

1 топ «Сүйек байланыстары»

2топ «Сүйек буындары» болып бөлінеді. Әр топ өздерінің атына байланысты ой айтады.


Ширату жаттығуы

Ойқозғау

Видеоролик көріп, сабақтың тақырыбын ашады. (тыңдалым)

Мақал-мәтелдер жазылған кеспе қағаздар




Сабақтың ортасы

Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма

«Кемпірқосақ» әдісі

(Оқылым, айтылым)

Мәтін мазмұнымен танысып, түсініктеріңді кемпірқосақ әдісі арқылы талдаңыздар. Кемпірқосақ түсінің реттілігі мен мәтін мазмұнының реттілігін сақтай отырып, ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Топтарға кемпірқосақ бөліктері беріледі де өздеріне тапсырылған мәтіннің үзіндісі бойынша оқиға желісін реттілікті сақтай отырып жинақтап әңгімелеу тапсырылады.

  1. Қозғалатын сүйектер

  2. Қозғалмайтын сүйектер

  3. Жартылай қозғалмалы сүйектер

Дескрипторлар:

- Сүйектердің байланыс түрлерін біледі.

- Тірек-қимыл жүйесі үшін байланыстардың маңызын талдайды.

-Буын элементтерін атайды.

(қол көтеру арқылы оқушы бағалайды)


2-тапсырма

Кесте әдісі

Сүйектің байланысу типтерінің атауларын атап, ерекшеліктері мен маңызын жазыңдар

(төмен деңгейдегі оқушыға)

Сүйектің байланысу типтері

Типтерге байланысты сүйек атаулары

Ерекшелігі

Маңызы

Қозғалмайтын




Қозғалатын




Жартылай қозғалатын




Дескрипторлар:

- Типтерге байланысты сүйек атауларын біледі

-Байланыстардың ерекшелігін айқындайды

- Маңызын зерделейді


«Жұлдызша» арқылы мұғалім бағалайды

(Жазылым дағдысы)


Сергіту сәті

Күннің қимылы бойынша сергіту жаттығуын жасайды.



3-тапсырма

«Сұрақтар шеңбері» стратегиясы

(Орташа деңгейдегі оқушыға)

Оқулықтағы мәтін шеңбер бойынша кезекпен сұрақтар қойыңдар.

Жұмыс барысы:

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды.

  1. Сүйек жігі дегеніміз не?

  2. Буын саңылауы қалай түзіледі?

  3. Буын қандай элементтерден тұрады?

Оқушылар топ бойынша төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріледі. Сосын талқылауды бастайды, әр оқушы үш минут үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін, шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашады. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.

Дескрипторлар:

-Сүйек жігіне анықтама береді;

-Буын саңылауының түзілуін айтады;

-Буынның элементтерін ажырата алады.

«Фигуралар» арқылы мұғалім бағалайды

(Жазылым, оқылым, тыңдалым)


4-тапсырма

«Фотокөрме» стратегиясы

(қабілеті жоғар оқушыға)

Оқулықтағы мәтінді оқып болған соң, суретке сәйкес келетін сөздерді тауып, байланысу жолдарын түсіндіріңдер.

Мына сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Сүйектің жартылай қозғалмалы байланысу қызметін сипаттаңдар.

2. Сүйектің байланысу типтері мен атқаратын қызметі арасындағы байланысты анықтаңдар.

3.Буын құрылымын атаңдар.

Берілетін суреттер:

г ғ

Сөздер: Қозғалмайтын, жартылай қозғалатын, қозғалмалы

Дескрипторлар:

- Суреттен сүйектердің байланысу типтерін анықтайды

- Сүйектің байланысу типтерін бір-бірінен ажыратады, ерекшелік себебін түсіндіреді

«Фигуралар » арқылы мұғалім бағалайды

(Жазылым, оқылым, айтылым, тыңдалым)


5 тапсырма

Графикалық органаизер

«Буынның құрылысы» бойынша сызба сызыңдар.

Дескриптор:

-Буынның құрылысын сипаттайды;

-Элементтерін ажыратып жазады.

Басбармақ арқылы оқушы бағалайды.

Оқулық, А.Соловьева, Б.Ибраимова,Алматы,

Атамұра 2018








Shape1



Shape4 Shape3 Shape2

Shape6 Shape5



















Shape8 Shape9 Shape7

























578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!