Материалдар / Шығарманың композициялық құрылысы

Шығарманың композициялық құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж жас мамандарға көмекші құрал болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2020
2374
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ (3)

Қазақ әдебиеті

Сынып: 8

Қатысқандар: 27

Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Шығарманың композициялық құрылысы


Күні:

03.12.2019

Мұғалімнің аты-жөні:

Молдабекова Назгул Есенбековна

Мектеп:

Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы 3 орта мектебі

Бөлім атауы

Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж 8.1.1.1 Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

А/И 8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, кейіпкерлерге мінездеме бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Поэманың сюжеттік желілерін талдайды, эпилог, прологтарды анықтап, сипаттама бере алады.

Оқушылардың кейбіреулері орындай алады: Поэма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды, өз пікір, көзқарасын дәлелдейді, шығармашылық жұмыс орындайды.

Бағалау критерийлері

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды, композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: поэманың мазмұнын біледі, сұрақтарға жауап береді, кейіпкерлерге мінездеме бере алады, поэманың сюжеттік желілерін талдайды, эпилог, прологтарды анықтап, сипаттама бере алады, поэма композициясын тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды, өз пікір, көзқарасын дәлелдейді, шығармашылық жұмыс орындайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Таймақ, Ералы- Семей өңіріндегі жер атауы, Еңлік-Кебектің моласы сол жерде.

Абыз - жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын сәуегей адам.

Сонар – із түспеген, жаңа жауған қар беті.

Барымта – бұл жерде: кек қайтаруды құн төлеумен алмастыру.

Матай- найман руының ішіндегі бір тармағы.

Жығыт – түлкі терісінен сәндеп тігілген тымақ.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қос ғашық, салт-дәстүр мен шариғат.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Еңлік Кебекке неліктен сырын жасырмай айтты?

2.Еңлік пен Кебектің қашып кетуіне не түрткі болды?

3.Екеуінің махаббатына қарсы болу рубасыларына не үшін керек болды?

4.Дастандағы алғашқы талас-тартыстың шығу төркіні неде?

5.Екі жастың өліміне кім кінәлі?

6.Кебек неліктен абыздың сөзіне құлақ аспады?

7.Ақынның пролог жазудағы мақсаты не?

Ишара: мадақтау, қошеметтеу, жылы шырай таныту.

Алдыңғы оқу:

Мұрат Мөңкеұлы «Сарыарқа» толғауы

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Құрмет. Махаббатты, сезімді құрметтеу, қастерлеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

( 7 мин)











1. Сәлемдесу. Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялық ахуал орнату. «Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына жүрекшені алып: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі сен......» сөйлемін айтып, оң жағындағы оқушыға ұсынады, осылай жалғасады.

3.Топқа бөлу.

«Ауылға саяхат» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Қима қағаздарға поэмадан үзінділер жазылады. Оқушылар бір-бірден алады. Үзіндіде кімнің бейнесі немесе сөзі келтірілген болса, оқушы сол ауылға барады, үзіндіні біріктіреді.

1Абыз» ауылы

2.«Кебек» ауылы

3.«Еңлік» ауылы

4. Үй тапсырмасы.

М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» толғауы бойынша мазмұндау және тұжырым жасау.

«321» әдісі арқылы орындалады. Орындалу шарты: Оқушылар арнайы кестені толтырады.

Үш факт




Екі көз

қарас



Бір тұ

жырым


Дескриптор:

1.Оқушы толғаудан 3 факт келтіреді. 2.Фактілерге байланысты екі түрлі өз көзқарасын айтады.

3.Тұжырым жасайды.

ҚБ: «Асық» ұсыну арқылы бағалаймын.




Абыз






Кебек







Еңлік
















Сабақтың ортасы

( 25 мин)
















































































Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашы

лығы, «Еңлік-Кебек» поэмасы туралы қысқаша түсінік беремін.

1-тапсырма. Топпен жұмыс. (7 мин)

Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын баяндау, сұрақтарға жауап беру.

«Тізбектей айту» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Топтағы оқушылар кезекпен поэманың мазмұнын айтады. Әр оқушы тек бір сөйлем айту керек.

1-топ «Кездесу»

2-топ «Ғашықтар»

3-топ «Қос ғашық – махаббаттың құрбаны»

Дескриптор:

1.Поэма мазмұнын біледі.

2.Сұрақтарға жауап береді.

3.Поэманың мазмұнын баяндай алады.

ҚБ: «Асық» арқылы бағалаймын.


2-тапсырма. Жұптық жұмыс. (5 мин)

Поэманың сюжеттік желісін талдау, эпилог, прологтарды анықтау.

Графикалық органайзерлер («Хикаят картасы», «Торлы диаграмма») арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Оқушылар жұптасып, поэма сюжеті бойынша бір диаграмма жасайды.

Дескриптор:

1.Поэма мазмұнын біледі.

2.Поэманың сюжеттік желісін талдай алады.

3.Эпилог, прологтарды анықтай алады.

ҚБ: «Асық» беру арқылы бағалаймын.


3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. (5 мин)

Поэмаға композициялық талдау жасау, өз пікірін дәлелдеу.

Оқиғаның басталуы


Оқиғаның дамуы


Оқиғаның байланысуы


Оқиғаның шиеленісуі


Оқиғаның шарықтау шегі


Оқиғаның шешімі


Дескриптор:

1.Поэма мазмұнын біледі.

2.Поэманың композициясына талдау жасай алады.

3.Өз пікірін дәлелдей алады.

ҚБ: «Асық» беру арқылы бағалаймын.


Сергіту сәті. «Бәйге» ойыны арқылы орындалады. (3 мин)

Орындалу шарты:

Аттар шауып барады (қол мен аяқ)

Аттар қатты шауып барады (аяқ пен еден)

Аттар шөппен шауып барады (алақанды ысқылау)

Аттар балшықпен шауып барады (қол мен ұрт)

Аттар көпірмен шауып барады (тіл мен таңдай)

Алда – 1-бәйге! (бір шапалақ)

Алда – 2-бәйге! (екі шапалақ)

Алда – 3-бәйге! (үш шапалақ)

Алда – Қыздар! (Әгугәй!)

Алда – Ұлдар! (Ой-көк!)

Алда – Жеңіс! (Ура!!!)

4-тапсырма. Жеке жұмыс. (5 мин)

Кейіпкер бейнесіне байланысты поэмадан үзінді келтіріп, ойтолғау жазу.

«Менің кейіпкерім» әдісі арқылы орындалады.

Орындалу шарты: Оқушы поэмадан бір кейіпкерді таңдап, сол кейіпкерге байланысты помадан үзінді келтіреді, ойтолғау жазады.

Менің кейіпкерім

Поэмадан үзінді

Өз ойым....

Кебек

Ол Кебек мықты болған жас басынан....

.............

Дескриптор:

1.Кейіпкерге байланысты поэмадан үзінді келтіре алады.

2.Ойтолғау жаза алады.

ҚБ: «Асық» беру арқылы бағалаймын.





























«Қазақ әдебиеті» оқулығы. Алматы, «Мектеп»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ