Материалдар / Шығармашылық жұмыс: Жануарлар мен құстардың дыбыстық тербелістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Шығармашылық жұмыс: Жануарлар мен құстардың дыбыстық тербелістері

Материал туралы қысқаша түсінік
жұмыста жан -жануарлардағы дыбыстық тербелістері , оның ішінде ультрадыбысқа арнайы тоқталған. Бұл тақырыпта оқушының өз еркімен бастаған ғылыми ізденісінің ізі байқалады. Табиғи сонарлар дельфин мен жарқанатты толық аша білген. Олардың дыбысының да жазбасын пайдаланған. Шығарған дыбыстың шағылуының арқасында қоректерін тауып, бағыт бағдарларын анықтайтынын жақсы ашып көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2021
380
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі



Шығыс Қазақстан облысы



Бағыты:Физика





Тақырыбы: Жануарлар мен құстардың

дыбыстық тербелістері









Ғылыми жұмыстың авторы: Амангелдин Ақжол

Жетекшісі: Тлеубай Бақыт Мұқымжанқызы

Физика пәні мұғалімі

«С. Бекбосынов орта мектебі» КММ









Жұмыс жоспары:



І. Кіріспе бөлім

Ультра дыбыс туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

1) Табиғи сонарлар

2) Жарқанат әлемі

a) Жарқанат- “түн перісі”

ә) Жарқанат- “құлағымен көреді”

б) Жарқанаттардың эхолокациясының (дыбыс шығаруының)

қолданылуы

в) Жапалақ- “киелі” құс

г) Жапалақ- жылу көргіш

3)Дельфин

4)Ақ кит



ІІІ. Қорытынды

Адамзат табиғаттан тәлім алады.













«С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ

Физика секциясының мүшесі 9-сынып оқушысы Амангелдин Ақжолдың «Жануарлар мен құстардың дыбыстық тербелістері»

атты тақырыптағы ғылыми жобасына

Ойпікірлеме


С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Амангелдин Ақжолдың бұл тақырыбы өзінің жас ерекшелігіне сай, зерттеуге қызықты тақырыптардың бірі болып табылады.

Бұл ғылыми жұмыста жан -жануарлардағы дыбыстық тербелістері , оның ішінде ультрадыбысқа арнайы тоқталған. Бұл тақырыпта оқушының өз еркімен бастаған ғылыми ізденісінің ізі байқалады. Табиғи сонарлар дельфин мен жарқанатты толық аша білген. Олардың дыбысының да жазбасын пайдаланған. Шығарған дыбыстың шағылуының арқасында қоректерін тауып, бағыт бағдарларын анықтайтынын жақсы ашып көрсеткен. Қорытындысында осы ультрадыбыстың негізінде қолданылып жүрген және ойлап тапқан құралдардың бар екенін көрсетіп, жұмыс істеу принциптерімен таныстырған. Сондай ақ Ақжол Аудандық емханадағы Жоғары санатты врач Қасым Сапаұлымен жүздесіп, Ультрадыбыстық тексеру(УЗИ) аппаратының құрылысы мен қызметі жайлы мағлұмат алды. Қауіпті полигон аймағында тұрғандықтан бұл жабдықтың дерттің алдан алуда маңызы зор екенін түсініп, қызығушылығының пайда болғаныны байқалады.Жұмысты орындау барысында көп ізденгенін, материалдарды орнымен пайдалана білгенін көруге болады. Сондықтан да, Абай атамыз: «Адамның жан құмарлығы-білмекке құмарлық»- деп айтқандай ғылым сүйер оқушыларымыз бен жастарымыз көп болғай!

Физика пәні мұғалімі Тлеубаева Бақыт Мұқымжанқызы

Аннотация

Аты жөні: Амангелдин Ақжол

Мектеп: «С.Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ

Сыныбы:9

Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Жануарлар мен құстардың дыбыстық тербелістері

Зерттеу өзектілігі: Ультрадыбысты адам ести алмайды, ал оны шығарып, қайта қабылдайтын жануарлар мен құстар жайлы танып білу.

Зерттеу нәтижесі және қорытындысы: Адамзат білімі табиғатты тану арқылы дамиды. Тірі табиғаттың құрылысын, сондай-ақ құпияларын зерттеп білу арқылы жаңадан техникалық құралдар(УЗИ) жасап,бұрын жасалған машиналар мен аспаптарды жетілдіруді үйренеді, яғни адамзат табиғаттан тәлім алады.



Аннотация

Фамилия и имя : Амангелдин Ақжол

Школа: КГУ «Средняя школа имени С. Бекбосынова»

Класс: 9

Тема научной работы:

Пролема исследования:

Результат исследования:

Annatation


The full name is: Amangeldin Akzhol

The school named “S. Bekbosynov secondary school” CSE

Class: 9

Theme of scientific work: An animals and Birds Sound wave

The problem about investigation: The peoples can1t hears ultra Sound, but we knon birds and animals can take and leave the sound wave.

Result of investigation: The peoples knon ledge Connected with nature and develop To know a lot of secret nature, we can make many device, And we can develop technics.






Кіріспе

Ультрадыбыс туралы түсінік

Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар, ал 20 000 Гц-тен жоғарысы ультрадыбыстар деп аталады.

Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы,5 Гц-тен 9Гц-ке дейінгі жиілік аралығындағы инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12-14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған. Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдалануына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.

Инфрадыбыстардан қорғану жолдарының бірі –дыбысты естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әртүрлі құрылғылардың қатаңдығы арттырылады, резонанстық, камералық сөндіргіштер пайдаланылады.[2]

Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі -оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.

Дыбыстың шағылу құбылысына теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал эхолоттың және су астындағы нысандарды табу үшін қолданылатын сонардың(sound navigation and ranging – «дыбыстық навигация және қашықтықты өлшеу» деген сөздерден) құрылысы негізделген. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады. Кеме табанына орнатылған құралдардың көмегімен белгілі бір бағытта ультрадыбыстар жіберіледі. Бұл дыбыстар теңіз түбінен немесе ізделінді нысанадан шағылып, бір мезеттен кейін кемеге қайта оралады. Кемедегі өте сезімтал аспатардың көмегімен тіркелетін бұл толқындар электр импульстеріне түрлендіріледі де, экранда, мысалы, сүңгуір қайықтың кескіні пайда болады(1- сурет). Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығын және дыбыстың жіберілген мезеті мен қабылданған мезеті арасында өткен уақытты біле отырып, теңіз тереңдігін немесе су астындағы нысанаға дейінгі қашықтық анықталады.[3]

Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май,бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар -қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.

         Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде.

Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық  әдістермен алынады, өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін  алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі  жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады.

Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауада жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу  жиіліктері  төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.

Ультрадыбыстың көмегімен тастар мен металдарды және аса қатты металдарды кесу мен дәнекерлеу жүзеге асырылады .

Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары  деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы   ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц  дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды.[2]

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі.

Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.

Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:

1)      алғашында — вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады;

2)      шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы;

3)      айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология.

Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары  бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін.Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде  капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Емі. Вегетативті полиневрит кезінде  емдік шаралар қолданылады.

Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы нерв жүйесіне әсер етеді. Қанның құрамының , сапасының және қысымының өзгеруінің, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.















Негізгі бөлім

Сонар деп ағылшынша “Sound”, орысша “звук” ,қазақша “дыбыс”.

Осы жолы таңғажайып сонарлар туралы айтамыз.[3]

Табиғатта біз ести бермейтін ультрадыбыстар түрін кейде керісінше жануарлар: ит, мысық, жарқанат, дельфин, кит сондай-ақ кейбір насекомдар, көбелек, ара, маса, құстар, жақсы қабылдайтыны және шығаратынын білеміз.

  1. Ж арқанат (лат. Microchiroptera) қолқанаттылар отрядының бір тармағы.



(Жарқанаттың дыбысын тыңдау)

Дүние жүзіндегі 16 тұқымдастыққа бірігетін 700-дей түрі бар.

  • Олар қолқанаттылар отрядынан алдыңғы аяқтарындағы екінші саусағында тырнағы жоқтығымен ерекшеленеді;

  • Олардың құлақ қалқанының жиегі дөңгелек емес;

  • Дене тұрқы 3-14 см аралығында болады.

  • Тері жамылғысы өте жұқалтаң қоңыр және сұр түсті жүндес жамылғымен көмкерілген;

  • Тырнақтары болмайды, 18-20 тісі бар, азу тісі бұдырлы.

  • Қолқанаттылардың ең басты айырмашылығы жарқанаттылардың ұшу қабілеті өте жоғары.

Тамақтануы. Жарқанаттардың көпшілігі жәндіктермен коректенеді, бірақ құстар, кесіртке мен бақаларды жейтін түрлері бар. Кейбір түрлері балықпен де қоректенеді. Оңтүстік Америкада тіршілік ететін дасмод тұқымдас вампир деп аталатын жарқанаттар жануарлардың, кейде адамның қанымен қоректенеді екен.Олардың денесі 7-8 см ,салмағы 50 г болады.Бұлар өте шапшаң ұшады және жер бетімен де едәуір жылдам жорғалай алады.

Іңірде вампирді бақаға немесе үлкен өрмекшіге ұқсатуға болады.Оның 20 тісі бар,ал өзара қабысқан үстіңгі екі күрек тісі жануарлар терісі қандай болса да тіліп түсіруге бейімделген.Сілекейінде тісімен жарақаттаған жерді ауыртпайтын зат бар. Әсіресе ұйқыға жатқан жылқы, сиыр, ешкі т.б.Кейде тіпті адамды да тістеп,одан атқылаған қанды қалықтап ұшып жүріп жалайды. Қанға тоюы үшін кемінде1,5-2 cағат қажет. Сондықтан оны “түн перісі”атауға да болар.Алайда бұл табиғат бойынша тіршілікке бейімділігі. Жәндіктермен қоректенетін жарқанаттар бір сағатта 200-дей маса жей алады.

Тіршілігі. Жарқанаттар бірнеше түрге бөлінсе де, тіршілік ету ортасы әртүрлі болса да олардың өмір сүруі өте ұқсас. Олардың барлығы күндіз басын төмен салбыратып ұйықтап, түнде өмір сүреді.

Жарқанаттар ұя салмайды, үңгірді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтарды мекендейді. Олардың жүрек соғыстары жылдам және тез болады. Қазан, қараша айларында ұйқыға кетеді. Наурыз, сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанаттар табиғи жағдайда

20-25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейеді, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды.

Жанды эхолот жарғанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокатормен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.

Жарқанаттардың эхолокациясының (дыбыс шығаруының) қолданылуы.[4] Жарқанаттың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғары (40-80 кГц) сондай –ақ адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12кГц) қайта қабылдау арқылы бағдарлайды.

Ультрадыбыстық эхолокация ашылғанға дейін адамдар жарқанаттардың экстрасенсорлық қасиеті бар деп есептеген. Сондықтан жарқанаттарды көру мүмкіндігінен айырып, олардың қанаттарын қалың лакпен көмкеріп, ауадағы құбылыстарды сезбейтіндей етіп жасағанда да, жарқанаттар қойылған бөгеттерден ешқандай кедергісіз өте білген.

Жарқанат -«түн перісі».Оңтүстік Америкада тіршілік ететін дасмод тұқымдас вампир деп аталатын жарқанаттар жануарлардың, кейде адамның қанымен қоректенеді екен.Олардың денесі 7-8 см ,салмағы 50 г болады.Бұлар өте шапшаң ұшады және жер бетімен де едәуір жылдам жорғалай алады.

Іңірде вампирді бақаға немесе үлкен өрмекшіге ұқсатуға болады.Оның 20 тісі бар,ал өзара қабысқан үстіңгі екі күрек тісі жануарлар терісі қандай болса да тіліп түсіруге бейімделген.Сілекейінде тісімен жарақаттаған жерді ауыртпайтын зат бар. Әсіресе ұйқыға жатқан жылқы, сиыр, ешкі т.б.Кейде тіпті адамды да тістеп,одан атқылаған қанды қалықтап ұшып жүріп жалайды. Қанға тоюы үшін кемінде1,5-2 cағат қажет. Сондықтан оны “түн перісі”атауға да болар.Алайда бұл табиғат бойынша тіршілікке бейімділігі.

1793 жылы ғалым Л.Спалланцани тәжірибе жасау арқылы тағы бір қылығын анықтаған.Ол ұстап алған бірнеше жарғанатты еденінен төбесіне қарай шырма-шатыс жіңішке жіптер керілген бөлмеге жіберіп,қалай ұшатындығын байқағысы келеді.

1) Көзді балауызбен желімдегенде, жіпке соқтықпай бөлмеде тез шарлап ұшқан.

2)Көз бен құлағын жапқанда, олар қабырғаға соқтыққан.

Жарғанат затты “құлағымен көреді” деп айтуға болады.

Олар адам құлағы естімейтін көптеген дыбыстар шығарады.

Жарғанат шығарған дыбыстар белгілі бір затқа бағытталады да денеге тигеннен кейін қайтадан жарқанат құлағына оралады екен.[5]

Иельск университетінің анатом ғалымы О. Хенсон өз зерттеулерінде жарқанаттар ультрадыбыс шығарған уақытта құлақтарының есту аппараттарына зақым келмесін деп, құлақ тесіктерін жауып ұшатындығын анықтаған.

Жарқанаттар ұшқан уақытта ән айтады, бірнеше буындарды қоса алады. Олар 40-тан 100 кГц-ке дейін ультрадыбыстық толқындар шығарады. Бразилиялық складчатогуба жарқанаты буыннан тұратын дыбыстар шығару арқылы, өз жұбына араласады. Сонымен қатар жарқанаттар бірін бірі айыру үшін де буындық әуендерін қолданады. Биолог Майкл Смотерман пайымдауынша адамнан басқа еш сүтқоректі дәл жарқанаттардай күрделі буындық әуен шығармайды. Жарқанаттардың дыбыстық орталығы адамдардікінен жоғары орналасқан, алайда ғалымдар дәл бүгінгі күнге дейін оның нақты қайда орналасқанын анықтай алмай отыр.

Жарқанаттардың балаларының эхолокациялық сигналдары шақыру кезіндегі дыбыстар арқылы жетіледі. Балықпен қоректенетін жарқанаттар, мысалы мексикалық балық жейтін жарқанат, түнде су бетіне эхолокациялық сигналдар шығарып, оны күзетеді. Бірақ сигналдар судың бетінен өте қоймайды. Жарқанат су астындағы балықты аулай алмайды. Ал егер балық су бетіне денесінің аз бөлігін шығарса, жарқанат оны бірден ұстап алады. Жарқанаттардың эхолокациясы тұқымдастыққа қарай әртүрлі болады. Тағанаулы жарқанаттар сигналдарды танауы арқылы шығарады. Ол сигналдар өте қысқа (50-100мс) ультрадыбысты толқындардан 81-82 кГц тұрады. Тайпақ танаулы жарқанаттар ауыздары арқылы қысқа сигналдар 2-5 мс шығарады.Сигналдар жиілігі 130-дан бастап, 30-40 кГц-ке дейін төмендейді.

Жарқанаттар сымдардан тұратын бөгеттерді 17 метрден сезеді. Олар сымның жуандығына байланысты да көру мүмкіндігін игереді. Мысалы жуандығы 0,4 мм болатынды 4 метрден сезеді, ал 0,8 мм-ді – 50 см-ден біледі.Бірақ жарқанаттар сымның жуандығына емес, сонымен қатар ұзындығына да көңіл аударады.

Қ олқанаттылар мәдениетте

«Жарқанат -бұл қорқынышты тіршілік иесі, қорқыныш пен үрейдің, адамның елестету белгісі болып саналады. Жалпы жарқанат ағзасындағы қорқыныш пен түсініксіз жайттар, танаумен естіп, құлақпен көру қасиеттерінің барлығы оның қорқыныш пен үрей, жан күйзелісі мен жындануға теңестірілгенін білдіреді.»

Француз табиғаттанушысы А. Туссенель, 1874ж.[4]


Жапалақ орман ішінде қорқынышты үнмен дыбыс шығарады.Ол дыбыссыз ұшады.Қараңғы түнде тышқандарды аулап жейді.





















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!