Материалдар / Шығармашылықтың кілті - ізденісте» мақала.

Шығармашылықтың кілті - ізденісте» мақала.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жазудың өзіндік рөлі бар.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Шығармашылықтың кілті - ізденісте»


Тилеужанова Эльмира Адилбековна

Алматы облысы, Қапшағай қаласы орта мектеп-гимназия

Информатика пәнінің мұғалімі




Ө мірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Мен Тилеужанова Эльмира Адилбековна – білімім жоғары, педагогикалық өтілім – 16 жыл, бірінші санатты мұғаліммін. Жетістігіме келетін болсам: мұғалімдерге арналған информатикадан өткен Ұлттық Интернет Олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталдым. Өз біліміме сай жеңімпаз оқушылар дайындап, жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуына, білімін шыңдауына ықпал еткенім үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Ауданда өткен информатика пәні мұғалімдері арасында өткен «Алтын диск» байқауына қатысып, жүлделі орын және Аудан әкімінің Алғыс хатына ие болдым. 2012 жылы мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалдым. Осы мамандығымды қоса ала жүріп, өз шығармашылығымды шыңдау үстіндемін.

Аудандық мектеп директорларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары секция отырысында «Өмір бойы білім алу» парадигмасы негізінде үздіксіз білім беру – адами капиталдың инвестициясы атты тақырыпта баяндама оқып, презентациятация ретінде көрсетілім жасадым. Жыл сайын білім көтеру курстарына барып, өз білімімді жетілдірудемін. Атап айтсақ, Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Программалау негіздерін оқыту әдістері», «Мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыптарында білімім беру курстарынан өттім. Тек білімімді жетілдіріп қана қоймай, басылымдарға сабақтарыммен т әжірибе алмастым. Edulife.kz ұстаздарға арналған әдістемелік сайтына «Программалау тілдері» тақырыбындағы материалымды жариялағаны үшін с ертификат және «Инфоурок» сайтына 9 сынып «Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясы» тақырыбын жариялағаным үшін куәлік берілді.

« Білім көкжиегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналға «Мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері», «Ақпараттық технология қазіргі білім беру жүйесінде» кітабында «Excel-дің графикалық мүмкіндіктері», «Сабақ – педагогикалық шығармашылық» атты кітапта «Компьютерлік желілер» тақырыптарыммен тәжірибе алмастым. Сонымен қатар, семинар-тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, сертификаттарға ие болдым. Атап айтсақ, «Ustudy» онлайн тестілеу технологиясын қолдануға арналған 1,2 семинарға қатысып, деңгейін алғаным үшін марапатталдым.

О л нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Осы тұрғыда ұстаз ретінде өзімнің шәкірттерімнің жетістіктеріне де тоқталуды жөн көрдім.

Менің тәрбиелеген оқушыларым аудандық, облыстық пән олимпиадасынан жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларымның жетістігіне келетін болсақ, оқу жылында пән олимпиадасында информатика пәнінен 9 сынып оқушысы Мухит Дамир І орынды алып, облысқа жолдама алып, нәтижесінде облыстық пән олимпиадасында информатика пәнінен ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.



Пән олимпиадасында информатика пәнінен 10 сынып оқушысы Санат Әсем қатарынан екі жыл ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, 9 сынып оқушысы Береке Ернұр ІІ дәрежелі диплом, 10 сынып оқушысы Сейтқұлова Айжан ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Информатикадан өткен Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадаға 10 оқушым қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды қатыстырғаным үшін Алғыс хатпен марапатталдым. Атап айтсақ, 10 сынып оқушысы Алтайұлы Самғат. І дәрежелі диплом, 9 сынып оқушылары Мухит Дамир, ІІ дәрежелі диплом, Марат Аделя. ІІІ дәрежелі диплом, 7 сынып оқушысы Абилхан Батима І дәрежелі диплом, 6 сынып оқушылары Дүкенбай Серік І дәрежелі диплом, Нұрланқызы Айназым ІІ дәрежелі диплом, Ералы Мөлдір ІІ дәрежелі диплом, 5 сынып оқушылары Ерболат Мөлдір І дәрежелі диплом, Ғабдол Нұрболат ІІ дәрежелі диплом, Исабек Теміртас ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл ұстаз үшін үлкен қуаныш, үлкен мәртебе.











































Ұрпақ тәрбиесі - ұстазға байланысты. Ұстаз ұлағатты есем. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
 
Шаршаса да осы жолдың бойында,
 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөліну қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы мұғалім  екені сөзсіз.





















ЖИ арқылы жасау
09 Наурыз 2021
276
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі