Материалдар / «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, ойлау деңгейлерін көтеру жолдары»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, ойлау деңгейлерін көтеру жолдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз іс-тәжірибемде "Сыни тұрғысынан ойлау" технологиясының элементтерін енгізіп, оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, сын көзбен өз істеріне қарап, өмірмен ұштастыра алуға жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2022
153
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, ойлау деңгейлерін көтеру жолдары

Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ. Ең алдымен жаныма жақын, өз іс-тәжірибеме ертерек еніп кеткен әдіс – сыни тұрғыдан ойлау моделіне тоқталғым келеді. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған модуль. Бұл модуль жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді әдіс деп есептеймін.

Біздің №8 мектеп-гимназиясында басымдық орыс сыныптары болғандықтан ба, әлде көп мәліметтер, мектепішілік іс-шаралар көбінесе орыс тілі басымдылығымен өтетіндіктен бе қазақ сынып оқушыларының тіл қоры, сөйлеу қабілеттері төмен. Осы кездесетін кейбір кемшіліктер мен келеңсіздіктер алаңдатады. Атап айтсам, кей оқушылардың өз ойын ашық жеткізе алмауы, сол ақауын бойындағы кемшілік санап, өзін сыныптың толыққанды мүшесі сезіне алмауы, дәстүрлі оқыту түріндегі лидерлердің басым әрекеттері бала бойында кездесетін өзімшілдіктер, осылардың арқасында кей дарынды оқушылардың ашылмай, елеусіз күйде қалып қоюы, қолдағы бар дайын білім ресурстарымен шектелуі т.б. Ал менде білім мен тәрбие алып жатқан жас ұрпақ осынау өзгеріске толы әлемнен өз орнын дұрыс таба білсе екен деген тілек болды.

Сондықтан да «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, ойлау деңгейлерін көтеру жолдары» атты тақырыпты алуды жөн көрдім. Өйткені «сын тұрғысынан ойлау – өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білу, ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда парасатты болу ниетін дамытуды көздейді». Қандай мақсат көзделді? Тәжірибе барысында оқушыларды сыни ойлауға үйрету, тұжырымды пікір айтуға және оны дәлелдей алуға, сыни пікір айтуға және сынды қабылдай білуге үйрету. Сын тұрғысынан ойлау модулінің әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәнерін қалай қалыптастыруға болады?-деген сұрақ туындайды. Мысалы, өзін оқушы ретінде тани бастаған бала сабақтағы әр түрлі іс-әрекет үстінде өзінің мықты да әлсіз жақтарын сезіне бастайды, сабақ барысында өзіне не ұнап, не ұнамайтынын ажыратады. Сөйтіп баланың алдында мақсат пайда болып, ол осы мақсаттарына жету жолында біршама тапсырмалар орындау керек екенін біліп түсінеді және осы әрекетін бағалауға тырысады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер - оқушы. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет. Мектепте оқытуды ұйымдастыру сабақтар өткізу арқылы жүргізілсе, ол сабақты әрине жақсы дәрежеде көрсететін жаңа әдіс-тәсілдер болмақ. Оны оқушыларымен практикалық тұрғыда іске асыруға асықтым. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ-жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті». Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижесінде оқушылардың әр әрекетте өзін-өзі біршама реттегені анықталды. Атап айтсақ, топ ішіндегі ынтымақтастық жағдай, өз жеке пікірлері мен идеяларын ұсына алулары, басқа біреудің тұжырымдамаларына сыни пікір білдіріп, ұсыныс жасай алуы, өздері құрған топ ережесін ұстану арқылы бір-бірінің пікірін құрметтей алатындықтары, кездескен кедергілердің себептерін анықтау арқылы одан өздігінен шыға білудің жолын таба алулары, өзінің мықты, әлсіз жақтарын анықтап, өзін-өзі және басқаларды бағалай алуы. Менің алдағы уақыттағы жұмыс барысымды жоспарлауымда, әлі де болса топтық жұмыс түрлерін одан әрі түрлендіріп, жетілдірсем, оқушыларымды үйрете жүріп өзім де үйренсем деймін. Себебі алдағы уақыттағы оқушыларымның тілегі де осы.

Алдымен оқушылардан «MALS» сауалнамасы бойынша олардың ынтасын анықтай отыра, өзіме зерттеуге үш А, В, С оқушыны анықтап алдым. Осы оқушыларымды анықтап алғаннан соң мен өзіме сұрақ қойдым: «Не үшін осы оқушыларды таңдадым?». Өйткені бұл сыныпта басқа да үлгерімі жоғары, орта, төмен оқушылар болды, бірақ та менің зерттеу тақырыбым «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың сөйлеу мәнерін арттыра отырып, ойлау деңгейлерін көтеру жолдары» болғандықтан бірлесе жұмыс істеуіне, сенімділігіне, тапсырмадан қашқақтауына, қалыс қалуы немесе оқшау болуына, сөйлеу мәнеріне, ойын жетік жеткізуіне назар аудардым. Мысалы: «А» оқушым Мөлдір – ойын жетік білдіріп, сабаққа белсенді қатысып отырды, өзіне-өзі сенімді, ал «В» оқушым Дәурен – сабаққа белсенді қатысады, бірақ өзіне сәл сенімсіз және басқаларға елеңдейді, енді «С» оқушым Темірлан – ештеңеге қызықпайды, сабаққа қатыспайды, өзімен-өзі отырады. Енді менің алдыма қойған мақсатым сабақтарымда әртүрлі тапсырмалар арқылы осы оқушылардың бойындағы өзгерістерді байқау және сөйлеу қабілеттерін арттыру. Осыдан соң сабақтарымның барысында жаңа технологиялардың төңірегінде қарастырылған әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, осы іс-әрекеттер барысында оқушыларға өзін-өзі реттей алуды, ашық ойларын айтуға жағдай туғызып отырдым. «Сын тұрғысынан ойлау» моделін алғандықтан алдымен топтық жұмыстарды жиі қолдандым. Сосын олардың тіл байлықтары аз болғандықтан «Сыбырласу» ойынын ойнаттым. Мұндағы менің мақсатым оқушылар бір-бірін тыңдауы, естігендерін жеткізе алуы болатын. Ойын шарты бойынша әр топтан бір-бір баладан таңдалып, төртеуі есіктің сыртында тұрады, ал бесіншіге мәтіннен үзінді оқытылады, ол мұқият тыңдап, есте қалғанын есіктің сыртындағы шақырылған балаға айтып беруі тиіс. Солай олар тізбектеп ақырғы адам кіргенше айтады. Сабақтың тақырыбы ашылмай тұрып өтілетін мәтіннен үзінді алынған болатын: «Самұрық құсы ұйқысын әбден қандырды. Қарны ашқан соң, жан-жағына қарады да, ұшып кетті. Қалғанын ертең айтамын». 4 сынып оқушыларына сондай қиын да емес, бірақ соңғы баланың жауабы «Саңырау ұшып кетті» болды. Сыныпта отырған балалардың барлығы күлді. Осы ойынды қорытындылай келе, оқушыларға өздерінің бойында қандай кемшіліктерді аңғарғандарын айтқыздым. Мерсер мен Литлтонның диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады дегенін негізге ала отырып тақырыпты анықтау кезінде, сурет, постермен жұмыс жасау кезінде мәртебесі жоғары және мәртебесі төмен сұрақтарды қоя отырып сыни ойлауға түрткі жасап отырдым. Сабақ барысында диалог, сұрақ-жауап жүйесін пайдаландым. Оқушылар топтасып, мәтінмен әртүрлі жұмыстар істеді. Мақалдың мағынасын ашуға постер жасап оны қорғады. Кері байланыс жасаған кезде балаларға сабақтың ұнағаны өз ойларын ашық айта бастағандары, алған білімдерін өмірмен ұштастырып отырғандары, белсенділіктері мен қызығушылықтары арта бастағаны анықталды. Алғашқыда «А» мен «В» оқушыларымның белсенділіктері басым болды, ал «С» оқушым әлі де ілесе алмай отырғаны байқалды. Авторға хат жазу стратегиясын пайдаланғанда балалар барлығы «С» оқушым да хат жазып келіп, оқығанша асық болды. Мысалы әдебиеттік оқу сабағында «Н.Жанаев. Мұғалім.» тақырыбын өткенде, «Сабақ, Мұғалім, Қоңырау, Оқушы, Мектеп» мына сөздер арқылы топқа бөлдім. Әр топқа осы сөздер арқылы әңгіме құру тапсырмасы болды. Бір топ жай ғана әңгімелеп берсе, ал біреуі диалог ретінде сахналап берді. Мектептегі сабақ барысында диалогтік оқыту өте көп әсерін тигізді. Топтағы балалар бір-біріне көмектесіп отырды. Бұрын сөйлемейтін балалар ашылды. Олардың өздеріне деген сенімділіктері артты. Осы сабақта «Шеңбер бойы әңгіме» ойынын жүргіздім. Көбіне «В» оқушым Дәурен мен дарынды оқушым Мөлдір бізді таң қалдырды. Дәурен Мөлдірге тақырып бойынша маңызды сұрақтар қойды. Дәурен барлық сұрақтарға нақты жауаптар берді. Осы күннен бастап Дәурен үнемі сабақта белсенділік танытып отыратын болды. Әр күнгі сабақ бұл балаға қызықты болды. Сабағымда пайдаланылған әдістерімнің нәтижесін осы жерде көрдім.

Қорыта айтқанда, диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар, оқушылардың сұрақтары да маңызды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге беру үшін де пайдаланылады. Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Ал әр топқа өз мұғалімдері тапсырма берген кезде олардың белсенділіктері одан сайын арта түсті. Өз мұғалімдері жайлы білгендерін орта салуды асықты «Біздің мұғалім осындай...» жарыса бастағанда өз мұғалімдерін қаншалық жақсы көретіндіктері айқындалды. Жарыса сөйлесе олардың сөйлеу қабілеттері артады. Ал ой қорыту кезеңінде өлең шығаруда, сөзжұмбақ шешуде «С» оқушым өзге оқушылардан қалыспауға тырысты, сабаққа қатыса бастады. Соңында үйге «Сабақ жайлы ой-толғаныстарын туралы эссе жазу» болды. Осы тапсырманы бере отырып, өзіме де қызық болды: «Қалай жазады екен? Сабақ жайлы, өздері туралы ойлары қандай екен?».

Мені таңқалдырған «С» оқушым. «Кім оқиды?» деген сұрағыма басқалармен Темірлан да қолын көтеріп отыр. Менің көзім бірден оған түсті де бірінші оқытқыздым. Сонда жазғаны: «Маған кешегі сабақ ұнады. Балалар бәрі сабаққа жақсы қатысты. Мен де сабаққа қатыстым. Біздің мұғалім туралы айттық. Келе жатқан мұғалімдер күнімен біз апайды құттыұтаймыз». Сосын «А» оқушым Мөлдір мен «В» оқушым Дәурен және тағы 3 оқушыға оқытқыздым. Оқыған балалар барлығы өткен тақырып аясында жазып келіпті де сабақ жайлы бірде-бір сөз айтылмаған. Сонда балалардан сұрадым: «Кімдікі дұрыс жазылған?». Балалар «А» оқушым Мөлдірдің эссесін айтты да «С» оқушым Темірландікін атамады. Сыныптың Темірланға деген көзқарастары айқындалды. Сыныптың ойы бойынша Темірлан не жасаса да дұрыс емес, оның қолынан түк те келмейді, ал Мөлдір не жасаса да оныкы дұрыс екені айқындалды. Сосын мен: «Барлықтарыңыз өздеріңіздің ойларыңызды жазып келдіңіздер, бірақ та тапсырманы нақты түсінген Темірлан болды» дегем, Темірлан жан-жағына қарап, еңсесі көтерілді де сабақ бойы белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындап отырды. Сол сабақтың соңында кері байланыста балалар өздерін бағалаған кезде Темірланның сабаққа белсенді қатысып көзге түскені туралы ой бөлісті. Сабақтарымда «Алты қалпақ» әдісін пайдаландым. Сыныпты түстер бойынша топтарға бөліп алып, тақырып бойынша сабақ бойы әр топ өз міндетін атқарды.

Күрең қызыл - Біз не білдік?

Көк – Біздің жұмысымыздың нәтижесі.

Жасыл – Біз не жасай алмадық?

Сары - Бізге ол не үшін қажет?

Қызыл - Бізде қандай әсер пайда болды?

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: бірінші оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және екінші мұғалімдердердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарламаға өзара байланысты бұл үрдістердің екеуін де дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Оқушыларға тапсырма дайындаған кезде мұғалім жан-жақты, ізденіс үстінде болуы керек. Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген. Осы орайда мен сабақтарымда сыни ойлауға тапсырмаларды көптеп бердім. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларына қызыға жауапкершіліктерін таныта отырып, орындады. Сабақтың нәтижелі болуы – ол мұғалімнің дайындығынан. Сондықтан мұғалім әр сабағына белгілі бір мақсат қойып, сол мақсатқа жетудің жолдарын қарастырады. Сабақ нәтижелі болу үшін тек мұғалімге ғана байланысты емес, ол алдындағы оқушыларға да байланысты. Егер мұғалім әр оқушысымен жақсы қарым-қатынаста болмаса, онда сабақта сондай дәрежеде өтеді. Кез келген сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттыру өте маңызды. Сабақты қалай бастайсың, сабақ солай өтеді. Яғни мен сабақта оқушыларды қызықтыра алсам, балалар сабақтың соңына дейін белсенді қатысады.

Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт - сана көрінісіне, қазіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым - түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сабақта үйренген жаңа технологияларды бір - бірімен байланыстырып, сабақты жоспарлап өткіздім, оқушылар өзіне-өзі баға берді, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға, өзінің жетістігін жете білуге, өз бетімен іздене білу дағдылары қалыптасты. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара сыйластық орнады.





Авторы: бастауыш сынып мұғалімі Уаисова Нургуль Жаксылыковна

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!