Материалдар / "Сын тұрғысынан ойлау" технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сын тұрғысынан ойлау" технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
378
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС


«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы 

арқылы оқушылардың шығармашылық 

қабілеттерін дамыту 



Жоспар:



І.Кіріспе.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін сабақта қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.


ІІ.Негізгі бөлім

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастару.

Тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасақтауды жетілдіру.


ІІІ.Қорытынды.

Саналы ұрпақ - ел болашағы

Мақсаты:


Барлық жастағы оқушыларды кез-келген мазмұн

түсінікке сыни тұрғысынан қарап, екі ұйғарым

бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім

қабылдауға үйрету.

  • Оқып үйренудің өткен бөлімі мен тәжірибесін өзекті ету.

  • Оқушылардың іс -әрекетін белсенді ету.

- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.

  • Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей

мақсаттарын қою.








КІРІСПЕ

Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. 

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Осыдан бастап жас ұрпақ бойындағы іскерлік пен олардың қабілеттерін ашу туындайды. Себебі, қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Мына бейбіт заманда, көзсіз ерліктің орнын білім басып отыр. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан біз сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек.

Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр.

Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.

Ол үшін мен өз алдыма мынадай мақсаттар қоямын:

  • Алдымда отырған шәкірттерімнің әрқайсысын 10 жыл өткен соң қандай деңгейде көргім келеді?

  • Сол шәкіртімнің бойында қандай қасиеттер мен қабілеттер, ой-пікірлерді дамытуым керек?

  • Ал осыны жүзеге асыру үшін нені біліп, нені пайдалануым керек. 


Тегінде баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету – ең тиімді жол.

Байқап қарасақ, бала көбіне өз бетінше эссе жазуды ұнатады. Себебі онда олар түрлі оқиғаларға, құбылыстарға еркін кіреді. Арман мен қиялға еркін самғайды. Оқушы қашанда өзін жаңа қырынан көрсеткісі келеді. Сондай сәттерде мынандай шығармашылық жұмыстарын жүргіземін. 



Shape1



Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат – білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу – біздің қоғам алдындағы борышымыз. 

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет . Жаңалықты меңгеру мен іске асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әр түрлі кедергі жасайтындығы белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

  • дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

  • оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

  • пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;


Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегіміз деп түсінуіміз керек.

Бұл бағдарламаның мақсаты- барлық жастағы оқушылардың кез- келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту. 




Shape2

Shape3 Shape4

Shape5 Shape6







Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылған сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады.

І. Ой шақыру.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Ой толғаныс.

Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар. Бірақ бұлар бір- бірімен өзара өте тығыз байланысты болып келеді.

Сын тұрғысында ойлау барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болады.

І. Ой шақыру кезеңі.

Shape7

Shape8

Shape9  Shape10


ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Shape11

Shape12

Shape13 Shape14


ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.

Shape15

Shape16

Shape17 Shape18


Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.

  5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

  6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.



Ал оқушылар осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет; 






Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары:

  1. Оқушылардың өздігінен жан- жақты білім алуға жағдай жасалады.

  2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.

  3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.

  4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым- қатынастар орнайды.


Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесінен көруге болады:










СТО сабақтарда 


Дәстүрлі сабақтарда 






Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмысты жақсы жүргізеді 


Оқушылар бірден кірісіп кете алмайды, шулап кетеді 


Белсенділік жоғары 


Орташа 


Оқушының жеке жауапкершілігі басым 


Орташа 


Қызығушылығын істе байқатады 


Бірқалыпты 


Бір- біріне к
өмек, сыйлау қалыптасады 


Қызғаныш басым 


Өз ойларын еркін жеткізеді 


Анықтық жоқ 


Сабақта көп жұмыс жасайды 


Кейде берілген тапсырмаларды орындауға үлгермейді 






Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын тарих сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көзім жетті. Жалпы сын тұрғысынан ойлау технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:

  1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.

  2. Оқушы өз қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.

  3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

  7. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.

  8. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

  9. Жан дүниесін тәрбиелейді.

  10. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.






Сондықтан ұстаздардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар шығармашыл тұлға қалыптастыруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы. 

Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын- ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу- біздің міндетіміз. Сондықтан балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр.















Қолданылған әдебиеттер тізімі

    1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы. Астана 2010 ж.

    2. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. – Алматы 2000 ж.

    3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: РБК 1999ж.

    4. Мұқанов М. М. Бақылау және ойлау. Алматы







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!