Материалдар / Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың болуы жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
495
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып мұғалімі Кайрова Жанаргулдің

«Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық

қабілеттерін дамыту» атты баяндамасына



Ұсыным хат

Атырау қаласы №35 Х.Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кайрова Жанаргул Кайдарбаевна осы мектепте 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Жанаргул өзінің күнделікті сабақтарында жаңа технологияны қолданып отырады. Өзінің шығармашылық тақырыбы «Сыни тұрғыда ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды, инновациялық әдістерді қолданып, оқушының пәнге қызығушылығын тудыруға ,ойлау қабілетін дамытуға жұмыстанып келеді. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың болуы жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі жастар болашағымыз. Оларды білімді етіп тәрбиелеп өсіру ұстаздардың басты міндеті. Жанаргулдің шығармашылықпен жұмыс істеп, заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесін қосатынына сенеміз.



Кайрова Жанаргулдің баяндамасын педагогикалық оқуда қорғауға

ұсыныс білдіремін.









Бірлестік жетекшісі: Курманова Л.А.

















Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту



Кайрова Жанаргул Кайдарбаевна

Атырау қаласы №35 Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі













Атырау 2018 жыл

Жоспар:

І. Кіріспе.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»


ІІ. Негізгі бөлім

1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызы

2. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жетістіктері


ІІІ. Қорытынды.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ
































Кіріспе

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану»


Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдаған жолдауында « Біздің міндет жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» деп ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды.

Әдіс дегеніміз-мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс-әрекеті, тәсілі, ал технология дегеніміз-көптеген әдістердің жиынтығы.

Қазіргі оқыту барысында қолданып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне оқыту тиімділігінің негізін құрауға бағытталған. Соның ішінде соңғы жылдары өз сабақтарымда қолданып жүрген «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының түрлі стратегиялары оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субьектілер болғандықтан ,оларға бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп болжанады. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Оның мақсаты- оқушылардың ойын ашық айта алуға, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені сыни тұрғысынан шешуге дағдыландырады.[1]Ұжымда өз ойын ашық айтып қана қоймай,оны дәлелдей білуге,бір-біріне сыйластықпен қарап,пікірін құрметтеуге баулиды. «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

-шыңдалған ойлау,кез-келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

-үйрету мен үйрену бірлігінен,үйренудің қызығушылығынан тұратын үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стиль, Куртис.С.Мередит, Чарьз Темпл. Жоба негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос- Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.


1.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызы

Сыни тұрғыдан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғыдан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабілеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін "Ойлану", "Жұпта талқылау", "Топтастыру", т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі "Кубизм", "Инсерт", "Ирек"сызықтар әдісі. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін", ― - "мен үшін түсініксіз", + - "мен үшін жаңа ақпарат", ? – "мені таң қалдырады" белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. Инсерт – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

Ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. 

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған "Бес жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Еркін жазу", "Семантикалық карта","Эссе" сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Бастауыш сыныпты оқытуда оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып тұлға қалыптастыру тәжірибесін сабақтарда қолданудамын. Мен өз сабақтарымда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін. Сабақта қолданып жүрген әдістерім арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламын.

Бір сабағымнан үзінді келтіретін болсам К.Қазыбаевтың «Ту тіккен Рақымжан» мәтіні. Қызығушылықты ояту кезеңінде "Топтастыру" әдісін қолдандым. Оқушылар бейнебаянды көреді. Көріп болғаннан кейін «Соғыс» сөзін топтастырады.

Shape1 Shape2 лас көшелер қираған үйлер

Shape3 Shape4 Соғыс

жылаған бала түтін

Мағынаны тану кезеңінде "Ирек" әдісін қолдандым. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастаймын. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін беремін. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында.

Ой толғаныс кезеңінде "Синквейн" әдісін қолдандым. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.



2. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының жетістіктері

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын бастауыш сынып сабақтарында қолдана отырып тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жетті. Жалпы сыни тұрғысынан ойлау технологиясының жетістіктері мынандай болып табылады:

1.Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де сабақ үстінде берілген

тапсырмалармен де қосымша ізденеді,өз бетімен дайындалады.

2.Оқушы өз қиялының дамуына,пікір айтуына еркіндік беріледі.

3.Өз өміріне,қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

4.Өзгенің пікірін тыңдап,оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

5.Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

6.Өзгенің пікірімен санасуға дағдыланады.

7.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.

8.Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.

9.Топпен жұмыс істеуге үйренеді.

. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. 

Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қаблеттілігін қажет етеді.

Сондықтан психологтардың өзі тұлға қалыптастырудың қажеттілігін тұтас бір кешенді қасиеттермен байланыстырады. Бастауыш сыныптардағы сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясы тіл дамыту мен қатар тұлға қалыптасытруда маңызы зор екендігі тәжірибе негізінде дәлелденуде. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы-ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.





Бір сабақтың үлгісі.

Пәні:

Әдебиеттік оқу 3 «б» сынып

Сабақтың тақырыбы:

Ту тіккен Рақымжан ( Кәкімжан Қазыбаев )

Мақсаты:

Оқушыларға Рақымжан Қошқарбаев туралы айта келіп,Ұлы Отан соғысындағы рейхстагқа ту тігілген жайлы айту, сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; батылдыққа , Отанын сүюге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелері:

Ұлы Отан соғысы туралы,Рақымжан Қошқарбаев туралы мағлұмат алады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық, интер белсенді тақта,  электронды оқулықтар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар, маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

«Кезбе тілші» , «Ойлану», «Топтастыру», «Ирек», «5 сұрақ» әдісі т.б

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған мәліметтер.



Тапсырма түрлері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар жүйесі

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Сыныпты төрт  топқа бөлу. Топ басшыны тағайындау.

Топқа бөліну


Үй тапсырмасын сұрау.

4 мин

«Кезбе тілші» әдісін пайдалану

1. Қажымұқан жайлы не білесің?

2. Халық қайда жиналды? ипподромға

3. Трибуна алдына не жайылды.? Кілем

4. Алаңға кімдер келді? Түрік солдаттары.

5. Төреші алаңға кімді алып келді? Мұқанды.

6. Трибунадағы халық қалай айқайлады?

Сұрақтарға жауап береді


1)Білу.


4 мин








2) Түсіну.


2 мин

Қызығушылығын ояту.

Бейне баян қарау «Ойлану» әдісі

- Балалар, “ соғыс” сөзін қалай түсінесіңдер?

«Топтастыру»

( Оқушылардың пікірін тыңдау )

Автормен таныстыру.

Кәкімжан Қазыбаев 1929 жылдың 10 мамырында Алматы облысы, Сарқант ауданындағы Ағарту совхозында, қазіргі Қазыбай Кәкімжан ауылында дүниеге келген. Жансүгір ауданының Ақсу орта мектебін бітірген. Еңбек жолын Ұлы Отан соғысы жылдарында колхозда есепші болудан бастаған. 1952 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік аяқтаған. Ол Р. Қошқарбаевтың ерлігін, батырлығын дәлелдеу үшін, батыр атағын беру үшін көп еңбектеніп, ізденген жан.

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын,сабақтың тақырыбын жазу

.


Бейне баяннан көргендерін әңгімелейді








578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!