Материалдар / Сынып сағаты 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Мамыр 2020
1065
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жортқан аң ұшқан құстың киесі бар 
Мақсаты: 
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттыру, құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар:  табиғат туралы нақыл сөздер.Суреттер.

1.Ұйымдастырукезеңі:

Мұғалім өлең оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)


Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!


А) Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?

ә) Табиғат – Ол Топырақ.
Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін,
Жақсылық та топырақтан шығады.

б) Табиғат – Ол Өсімдік
Өсімдік - бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда – дәрі, ренжігенде қуантатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті – жасыл – желек орман.

Өсімдік өмір кілті талас барма?
Тіршілік өсімдіксіз жарасқанба?
Нәрленіп негіз алған түрлі дүние,
Өсімдіктер таралған жер анаға!
в) Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы - Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Табиғат қызығам сенің суретіңе,
Бас ием сенің құдіретіңе.
Тұр асың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылып та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Табиғат, сен – тіршілік, тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,
Сен – көлсің,
Сен – ормансың,
Сен – бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Табиғаттың тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен оның кенже ұлысың.

О, табиғат тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл – қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым қорғаушың боп өтемін.

Хормен:!
Жүрегімді тербелеген бір арман бар,
Аман болсын, аңдар, құстар, ормандар.
Ақыл - ойды жоюға емес адамдар,
Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар!
Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық!(4 оқушы қолдарына Табиғатты аялайық, табиғатты қорғайық деген сөз жазылған қағаздарды жоғары көтеріп тұрып хормен айтады )

Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

 
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды. 
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. 

1-сайыс:Сұрақ –жауап сайысы (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)
1.
Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)
2.
Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
3. Тор
ғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
4.
Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
5.
Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
6.
Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481 түрі)
2-
сайыс :Тіл өнер сайысы (
«Ия», «жоқ» ойыны.

Құстарды атуға бола ма? (жоқ)
• Құстарға жем шашамыз ба? (ия)
• Құстардың ұясын бұзуға бола ма? (жоқ)
• Балапандарын алуға бола ма? (жоқ)
• Құстарға ұя жасаймыз ба? (ия)
• Табиғатты қорғау керек пе? (ия)
- Өте жақсы, балалар! Табиғатты қорғау-біздің міндетіміз


Мұғалім: Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) 

Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні жануарлар» деп аталады. 
Сымбат:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. 
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін 
«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. 
Мұғалім: . Табиғат-Ана ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз.



Ойын: «Мейірімді жүрек» келген қонақтарға мейірімді сөздерді жүрекшеге жазып сыйлайды.

6. Ой-толғау . Шығармашылық жұмыс.
а) « Егер табиғатқа тіл бітсе...» 
ә) «Егер мен суретші болсам...» 
б) «Егер мен ақын болсам...» 
7. Мақал-мәтелдер сайысы.

1 ) Нөсер алдында найзағай - ойнайды.

2) Күркіреген бұлттың - жаңбыры аз.

4) Алпыс күнде тасыған су, - Алты күнде қайтар.

5) Жауынмен жер көгереді,- Батамен ел көгереді.

6) Қыстың көзі - қырау.

7) Сәуір болмай, - тәуір болмас.

8) Жел дауылды шақырады,- Бұлт жауынды шақырады.

9) Таумен тасты су бұзар,- Ел арасын қу бұзар.

10 ) Ағаш тамырымен мықты, - Адам дос-жарымен мықты.

8) Жұмбақтар шешу:

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)


Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)


Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.  
(Қар)

Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?    (Бұлттар)
Шымылдық ішінде қап-қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.  (Түн)

Көктен түседі,
Жер ішеді.      (Жаңбыр)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдына алып кеткен?    (Жұлдыздар)

11. Табиғатқа тілек айту. (стикерге жазып, күн сәулесінің шуақтарына айтып жапсырады)

.Қорытынды

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Бұрынғылар жортқан аңның,ұшқан құстың киесі бар тимеңдер, обал болады деп келер ұрпаққа жеткізіп отырған. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!