Материалдар / Сынып сағаты: «Мен және қоршаған әлем» бастауыш сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты: «Мен және қоршаған әлем» бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қырқүйек 2018
1864
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып сағатының тақырыбы: «Мен және қоршаған әлем»Мақсаты: Балаларға адам туралы және оны қоршаған орта туралы түсінік беру, өзін және өзі өмір сүріп отырған ортасын құрметтеуге тәрбиелеу, жалпы жаратылыс туралы түсініктерін дамыту.Құрал жабдықтар: қағаз, фломастер, қарындаш, үнтаспа, көркем суреттер.Әдіс тәсілдер: көрініс, түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, ойынСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Керекті құрал- жабдықтарын алып, сабаққа дайындалу. ІІ. Мазмұны:Көрініс.Қатысушы балалар:Қараторғай: — Мейрамқызы ЗаремаКүн:   — Қалибек Айсұлтан Жауын:   — Ақылбекова ЗульфияТоқылдақ: — Маратулы НурболатАра:    — Қайролла ӘлібиЖауын құрты:- Насибаев НурбекАвтор сөзін оқыған:  Мусатаева Асел АбикеновнаМузыкамен көркемдеуші: Автор:       — Сәлем, балалар! Менің ғажайып бағыма қош келдіңдер! Біз балалар дүниеге келгеннен кейін өзімізді қоршаған ортада өмір сүреміз. Бізді қоршаған табиғи ортаға жер, су, ауа, күн жатады. Қоршаған табиғи орта дегеніміз — барша тірі организмдер түрлі өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер өсіп -өніп өмір сүруге бейімделген қолайлы орта.—         Ал, енді балалар, қазір жылдың қай мезгілі?—         Сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?—         Қандай ертегіні білесіңдер?—         (балалар жауабы)—         Олай болса, қазір біз табиғатта кішірек келген, қара түсті жыл құсы – қараторғай жайында тамаша бір ертегіні тамашалаймыз.—         Тамашалаңыздар!

«Дүние неліктен жақсы?»(музыка ойналады) Қараторғай баяу әуенмен билеп, табиғат көрінісін тамашалайды.Автор:       — Бір күні қараторғай қанаты бекіп, қатайған соң, ұшуды үйренді. Бақ үстінде шарықтап біраз ұшты да, қайыңның басына келіп, қонды. Айналасына сүйсіне қарап:Қараторғай: — Жарық дүние неліктен жақсы? Шиқ – шиқ – шиқ.Автор: — Бұлт арасынан жарқырай шыққан Күн балапан қараторғайға мейірлене жымия қарады.Күн: — Біз бәрімізде, әйтеуір бір жақсылық істейміз, сондықтан жақсы. Қараторғай:      — Күн сенің қандай жақсы істерің бар?Күн:  — Мен бе? Мен адамдарға жарық пен жылу беремін. Ал. Өзің не істейсің?Автор: — Балапан қараторғай әлі ештеңе істеуді білмейтін еді, не айтарын білмей, жаман састы. Ұялғанынан әрең көтеріліп ұшып, көлеңкеге жасырынды. Қалың бұтақтардың көлеңкесіндк ұзақ отырып, біраздан соң қайтадан шиқылдайды.Қараторғай:  — Жарық дүние неге соншама жақсы екен?Автор:  — Кенет жауын сіркіреп, жапырақтарды тырсылдата бастайды.Жауын: — Жақсы болатын себебі, біз бәріміз әйтеуір бір қолымыздан келген қайырымдылық жасаймыз.Қараторғай: — Жауын, сен қандай қайырымдылық жасайсың?Жауын: — Мен дүниедегінің бәрін тазалап, жуамын және таза сумен сусындатамын.«Жаңбыр» әні орындалады.Жауын: —  Сен өзің не істейсің?Автор:  — Балапан қараторғай тағы да ұялды. Ол пыр етіп ұшты да, басқа бұтаққа барып қонды. Осы кезде желкесінде қызыл телпегі бар үлкен шұбар құс келіп, ағаштың діңіне қонды. Жайғасып алған соң, ол ағаш қабығын «түк, түк, түк» еткізіп, тұмсығымен шоқып, тесе бастады.Қараторғай тұмсығымен қауырсындарын тарап қойды да, сұрағын қайталады.Қараторғай: — Жарық дүние неге жақсы?Шұбар құс:  — Бәрімізде бір жақсылық жасаймыз. Сондықтан ол жақсы болады да. Қараторғай: — Сен өзің кімсің? Қандай жақсылық жасайсың?Шұбар құс: — Менің атым – Тоқылдақ. Зиянды құрттар мен қоңыздарды жеп, ағаштарды қорғаймын. Сондықтан мені «Орман санитары» дейді. Өзің не істейсің?Автор: — Қараторғай не дерін білмей, пыр етіп ұшып, бір түп раушан гүлінің арасына қонып жасырынды. Ақ гүлдей жайқалған раушанның хош иісі аңқып тұр еді. Қандай тамаша! Қараторғай қалай шыдасын, тағы да шиқылдады:Қараторғай:  — Бұл дүние неге соншама жақсы?Ара:  — Оның жақсы болатын жөні бар. Біз бәріміз де жақсы істер жасаймыз.Қараторғай:      — Міне, керемет! Құрттақандай болып сен де бірдеңе істей аласың ба?Ара:  — Енді ше, енді қалай?! Мен бал жинаймын. Бір гүлден екіншісіне алтын тозаңдар тасимын.«Мен арамын» әнін орындайды.Ара: —   Ал, өзің ше, не істейсің?Автор:  — Қараторғай ұяттан жерге кіріп кете жаздады. Қанатын жалп еткізіп, бұта түсіндегі шөп арасына қойып кетті.Сәл тынышталған соң, тағы да сызылта сайрады:Қараторғай:  — Жарық дүние неліктен жақсы?Автор:       — Топырақ арасынан жорғалап шығып келе жатқан жауын құрты бұл сұрақты естіп қалған екен, шіңкілдеген дауыспен жауап берді.Жауын құрты:  — Бәріміз де жақсы іс істейміз ғой. Сондықтан дүние жақсы.Қараторғай:  — Ойпыр – ай, сенің қолыңнан не келеді, түрің мынау?Жауын құрты:  — Топырақты қопсытамын, сонда өсімдіктер жақсы өседі. Бұданартық жақсы іс бола ма?—  Өзің не істей аласың? Автор: — Осы арада қараторғай ашуланды, тіпті құртты шоқып жеп қойғысы келді. Алайда үлгермеді. Құрт топырақ арасына кіріп кетті.Балапан қараторғай қайың ағашына келіп қонды да:Қараторғай:  — Құдай – ау, ұятқа қалмау үшін не істеуге болады өзі?Автор: — Ия, айналада бұрынғыдай бәрі жақсы, тамаша, журекті қуанышқа бөлейді.Кенет ол өмірі айтып көрмеген бір әдемі сазды әуенге салып, әндете сайрай жөнелді.Қараторғай:  «Қайырлы таң!» әнін орындайды.Автор:   — Бақ ішіндегілердің бәрі ұйып, сүйсіне тыңдады.Барлығы: — Қандай тамаша!—  Керемет ән!— Жарайсың!Автор: — Қараторғай мақтау сөзді естіп, қатты қуанды.Қараторғай:  — Менің әнім бәріне ұнаған екен, ендеше мен де жұрт үшін жақсылық жасай алады екенмін!Автор: — Ия, шіркін.«Ән – көңілге қуаныш,Шерліге жұбаныш» — дейді.Қарторғай табиғаттың әсем де керемет, ғажап көрінісін осы бір шумақ әнмен жеткізді.—         Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?Ертегі не туралы —         Қай тұстары ұнады?(балалардың жауабы)—         Табиғат өмір үшін жаралыпты,Бар қызық табиғаттан таралыпты, — олай болса, осы бір дүниенің ғажайып кереметін аялайық, қорғап, сүйіп, жүрегімізді қуанышқа бөлейік.1 оқушы: Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын, Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей адамдар! Қалай ғана қатігездік жасайсың. Ол – анаң ғой, ал сен-кенже ұлысың: (М.Мақатаев) 2 оқушы: Қандай ғажап кереметті табиғат, Уа , бауырым пейіл қойшы пайымдап,Игілігің –көкше көлдер, өзендер, Сеңгір таулар,гүлді орман, қайың бақ. ІV. Көңіл – күйді көтеру. Тыныштық сәті.Баяу сазды әуен үнімен үшке дейін санап, көзімізді жұмайық.Бәріміз сиқырлы кілем үстіне отырмыз деп елестетіндер. Сиқырлы кілем қалқып, көкке көтеріледі. Біз гүл бағына саяхатқа бара жатырмыз. Қараңдаршы, гүл бағында гүлдер қандай көп!Әсем, әдемі гүлдер жайқалып өсіп тұр!Гүлдерге қарап күн күлімдейді.Қараңдаршы! Бақтағы сайраған құстардың дауысы, сылдырап аққан судың дауысы естіледі. Бетімізге самал желдің лебі еседі. Аңқыған гүлдердің хош иісі келіп тұр. Осы гүлдердің арасынан өздеріңе ұнаған гүлдерді теріп алып, ең жақын, ең жақсы көретін досыңа сыйла.Енді сиқырлы кілемге отырып, қайтамыз.Көзімізді ашайық.Балалар өздеріне ұнаған гүлдерді атайды және өздерінің көңіл-күйлері жөнінде әңгімелейді. Әр оқушыға қағаздан қиылған гүлдер беріледі. Балалар, қолдарыңыздағы гүлдердің түсіне байланысты таңдап алыңдар!Алдын-ала қиылып дайындалған достарына сыйлаған гүлді таңдап алып үлкен ақ парақ бетіне жапсырып, гүлдер алқабын бейнелейді.Қараңдаршы, қандай әсем гүл алқабы пайда болды !Ақ гүл теріп алған балалар – бүгін өздеріңнің көңіл – күйлеріңнің ашық, достарына деген ниетінің ақ екенін көрсетіп тұр.Сары гүл теріп алған балалар – күндей жарқырап маңайына шуақ төгіп тұр.Қызыл гүл алғандар – көңіл күйлерің қуанышты, достарына деген ерекше махаббатын көрсетеді.Көк гүл алғандардың ниеттері аспандай ашық, судай таза мөлдір екенін білдіреді. Әрқайсымыздың көңіл – күйіміз әртүрлі болса да, ниетіміз жақсы екен.Балалар қоршаған әлем дегенді қалай түсінесіңдер? Біз қоршаған табиғи ортаға жер, су, ауа, күн жатады. Қоршаған табиғи орта дегеніміз — барша тірі организмдер түрлі өсімдіктер,жануарлар, жәндіктер өсіп -өніп өмір сүруге бейімделген қолайлы орта. Осы біртұтас қолайлы ортаны мекендеп, өсіп -өнетін организм үшін таза ауа, күннің нұры, таза топырақ, таза су, жылу және қоректенетін тамақ пен жем қажет. Аңдар мен құстар, балықтар мен алуан түрлі жәндіктер адаммен бірге табиғат аясында дамып жетіледі. Ауамен демалып, суды ішіп, керегіне жаратады. Жерде өсіп, піскен жемістерді жейді.Жыртқыш аңдар мен құстар сүтқоректілер және басқа да жәндіктермен қоректенеді.V. Топтық жұмыс.1-топқа тапсырма: Тағдырдың сыйлығы.Тағдыр саған не сыйлайды?Әр оқушы өзінің ойлаған суретін 1- ден 10- ға дейін санап салып үлгіреді.Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады.Ең соңында өзінің салған суреті қайтып келеді. Тағдыр оған не сыйлайды?2-топқа тапсырма. Сиқырлы таяқ.Сен бұл өмірге адам болмай, не болып келер едің? Қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстарды есіңе түсір.3-топқа тапсырма. 1) Неліктен көктемде ағаш талдарын ақтайды немесе ағартады? Жауабы: Тал –теректерді күннен түскен сәулені кері қайтарып күйіп кетуден, құрғаудан сақтайды. 2) Ауаны тазалаушылар нелер?Жауабы: Ағаштар әсіресе жеміс бермейтін ағаштар ауа тазалайды. 3) Экологиялық жағдайды қалпына келтіруге қандай көмек жасар едіңдер? Мысалы : мектепте, үйде, көшеде? 4- топқа тапсырма. Табиғат бізге не сыйлайды?Топтастыру Табиғаттың адамға сыйы қандай?VI. Ұжымдық жұмыс.Жыл мезгілдерінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттаңдар. Олардың қандай мінездерін байқайсыңдар?Өзіңнің мінез- құлқыңды табиғат құбылыстарымен салыстырып көрші.VII. Ойын. «Егерде мен ...»Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып береді. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с.VIІІ. Қорытынды.- Туып-өскен қалаңның табиғатының тазалығы сендерге байланысты.Өйткені сендер қоқыс шашпасаңдар, таза жүрсеңдер айнала таза болады, табиғаты әсем, сұлу, көркем болады. Әрине, бұл сендерге ғана байланысты емес. Сендердің достарыңа, жақындарыңа да байланысты. Сондықтан, ағаш отырғызып, ағаштар мен гүлдерге су құю- барлығымыздың міндетіміз.Жүректен жүрекке шеңбері.Барлығымыз шеңбердің ортасына оң алақанымызды созамыз, оларды бірінің үстіне бірін қоямыз, әрі қарай сол алақандарымызды да дәл осылай біріктіреміз. Бәріміз бірге Қоштасу рәсімі.Біз әдепті баламыз, Жайнай берсін даламыз.Табиғатпен дос болып,Қамқорлықпен қорғаймыз! деп айтамыз.

































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!