Материалдар / Сыныптан тыс іс -шара Алаш партиясының 100 жылдығы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс іс -шара Алаш партиясының 100 жылдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
805
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ленин орта мектебі













Алаш партиясының 100 жылдығыСыныптан тыс іс – шара







Мұғалім: Умербекова К.Ж.













2017-2018 оқу жылы
ТақырыбыАлаш партиясының 100 жылдығы
Сабақтың мақсатыАлаш қайраткерлерінің тәуелсіз қазақ мемлекетін құру жолындағы еңбектерін көрсету.Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару! – ұранымен бірігіп 18 ғасырда жойылған қазақ халқының ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру.
Көрнекілік:1.Алаш зиялыларының портреттері2.Алаш партиясының мүшелері туралы слайдтар.3.Алаш зиялылары жайында жазылған кітаптар, газет, журнал басылымдары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды.Қозғалыс атауы есімі аңызға айналған Алаш ханға байланысты болды.«Қазақ» атауына балама саналатын «Алаш» сөзі тәуелсіз қазақ мемлекетін құру туралы ел арманын білдірді. Бұл қозғалыстың бастауында оқыған зиялылары тұрды.Бірінші дүниежүзілік соғыс пен1917 жылы Ресейде басталғанРеволюция қазақ ұлттың зиялыларының өз халқының құқықтарынқорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Ұлттық қазақпартиясын құру жолындағы алғашқы қадамдар бірінші орысреволюциясы кезеңінде жасалды.1917 жылы шілдеде Орынборда Бірінші жалпықазақ съезішақырылды.Онда мемлекеттік басқару , автономия, халықтық милиция құру,оқу –ағарту, сот , Құрылтай жиналысына қатысу, саяси партияла құру т.б.жөніндегі мәселелер қарастырылды.Съездің негізгі шешімі: «демократиялық парламенттік және РесейФедеративтік республикасының» құрамында болатын аумақтық – ұлттық автономияда қазақтардың құқықтарын қорғау болды. Съезде «Алаш» партиясын құру жөнінде шешім қабылданды.«Алаш» басшылар мен бүкіл партия, Қазан революциясын қолдағанжоқ.Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару» ұранымен бірінші .«Алаш» партиясының мақсаты – 18 ғасырда жойылған қазақхалқының ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды.«Қазақ» газетінде 1917 жылы 21 қарашада «Алаш» партиясыбағдарламасының жобасы жарық көрді.20 ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайынарта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атыменбірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Олар зиялы деген атыналайық ұлт алдындағы парызы мен жауапкершілігін терең түсініп өз істеріне адал болды.Алаштықтарға ар, намыс, әділет, адами қадір – қасиет, өз ұстанымынаадалдық, тұрақтылық, тектілік сияқты басты қасиеттер тән. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары ұлтқа қызмет етті.Қазақ зиялылары бүкіл азаттық жолындағы қозғалысының ерекшеқорытындысы болатын «Қазақ» газетін ұйымдастырды.Ғасырдыңұлттық газеті атанған басты туындының жетекшілік бағытынбелгілеуде біртұтас болып біріккен үштік – А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ә.Бөкейханов басты роль атқарды.Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының көрнекті өкілдерін топтастырды.А.Байтұрсыновтың шебер басшылығы мен жанқиярлық еңбегініңарқасында патшалық полицейлік режимнің ауыр жағдайларында тіршілік еткен газеттің жабылар алдында өз баспаханасы , қағаздыңүлкен қоры , шағын кітапханасы болды, осы тұста таралымы 8000данадан асқан. Патша тыңшыларының күшейтілген жұмыс режимінеқарамастан,газет Орынбор ,Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу,Томск,Түркия мен Қытай оқырмандарына таралған жағдайдың ауырлығынақарамастан ұлттық демократиялық интеллигенция өкілдері астыртынжұмыстарын тоқтатпай, нәтижесінде ұлт көсемдері деңгейінекөтерілді.Ұлт көсемдері 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс кезінде қазақтардытыл жұмысына шақыруды дайындық жұмыстарынан кейін жүзегеасырып, уақыт ұту, қарусыз халықты патша жазалауының құрбаныетпеу, ұлттық автономияқұру талаптарын ұсынды. 1917 ж. 14 наурызда «Бұратаналарды» тылжұмысына алу тоқтатылды. Бір айдан кейін оларды босату туралы шешім қабылданды. .Уақытша өкіметтің амалсыз қабылдауға мәжбүр болған бұл шешімін қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалысының қорытынды кезеңіндегі маңызды жеңістерінің бірі болды деп бағалауға толық негіз бар.Өтпелі кезеңдегі аласапран тұста, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, т.б.бастаған қазақтың көрнекті өкілдері Уақытша өкіметті қолдауға, елдедемократиялық республика орнатуға, Ресей құрамындағы ұлттықавтономия құру үшін күресуге , құрылтай жиналысына дайындалуғашақырды. Сталиндік, социалистік билік қазақты ұлт ретінде мүлдемжойып жіберуге ұлттық санасын құртуға, тарихи жадысын өшіругеұмтылды. Алаш арыстарының позициясы осыған қарама – қарсыұстаным болды. Алаш қайраткерлері осы тұста қылышынан қантамып тұрған патшалық жүйеге қарсы шығуын, одан кейінгібольшевиктік, атеистік билікке қарсылық көрсетулерін жанып жатқанотқа түсумен тең екенін анық білді. Алаштықтардың осы ұстанымыкейін тоталитаризм нығайған тұста олардың өмірлеріне қауіп төніптрагедиямен аяқталды. Бірақ, алаштықтар алған бағыттарынантаймай, тарихта өшпес із қалдырып, сөз бен істің бірлігін дәлелдепкетті. А.Байтұрсынов былай деп жазған: «Өзіміздің ерекшелігіміздісақтап қалу үшін бар күшпен құралды жұмсап, оқу ағартуға жәнеортақ мәдениетке ұмтылуымыз қажет, бұл үшін біз әдебиетті анатілінде дамытумен айналысуды бірінші борыш деуге міндеттіміз.Өзтілінде сөйлейтін және өз әдебиеті бар халықтың ғана дербесөмір сүруге үміттенуге құқылы екенін ешқашан ұмытпау керек»ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі –Олар адамгершілік пен ұлттық мүддеге адалдық сынағына төтепберді.
II бөлімОқушыларды 3 топқа бөліп, оларға 1.А.Байтұрсынов2.Ә Бөкейханов3.М.Дулатов – деп ат беріп әртүрлі тапсырмалар орындату1 – тапсырма:Берілген деректер бойынша ұлт зиялысының өміріне, еңбектеріне «Алаш» партиясының мүшесі ретінде презентация жасаңыз.(3 топқа жоғары аталған аттары бойынша , яғни 1-топ А.Байтұрсыновқа2-топ Ә.Бөкейхановқа3-топ М.Дулатовқа өмірбаяны туралы жасайды.)2- тапсырма:Алаш философиясынның үш анығының бірі 1-топ – саяси философиясының2-топ – білім философиясының3-топ – ғылым философиясының мәнін ашу керек.3-тапсырма:Құжатпен жұмыс:Алаш партиясының бағдарламасын оқи отыра мына сұраққа жауап беріңіз.Біздің тәуелсіз мемлекетімізде қазіргі таңда «Алаш» партиясы бағдарламасының Vбөліміндегі қандай идеясы қолданылып отыр?4-тапсырма:Тест сұрақтарына жауап беру.(17 сұрақтан тұрады.)

III бөлімТапсырмалар бойынша жеңімпаздарды анықтап марапаттау.Қорытынды жасау.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!